Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді

Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді

Youtube бейне порталында қазақстандық жастардың өз тойларына деп жинаған ақшаны қайырымдылыққа жұмсайтынын жария еткен видео пайда болды. “N&B love story (HD) Это что-то нереальное!!!” деп аталатын роликті Didar Abu Arafat аккаунты жариялаған. “Бұл видео қазақстандық интернетте “жарды”! Жастардың ерекше қадамы. Соңына дейін қараңыздар. Егер дұрыс жасады деп есептесеңіз лайк басыңыз” деп жазылған видео түсініктемесінде. Роликте жастар өздерінің керемет той өткіземіз, тіпті әлемдік жұлдыздарды шақырамыз деп жоспарлағанын, бірақ бұл ойларын өзгертіп, қаражатты қайырымдылыққа жұмсаймыз деп шешкендерін айтады. Олар осы әрекеттері үшін ата-аналарынан, туыстарынан кешірім сұрайды. Алдарында тұрған бума-бума ақшаны қайырымдылық қорларына,…

Толығырақ

Эльфке ұқсағысы келген аргентиналық операцияға 46 мың доллар жұмсаған

Эльфке ұқсағысы келген аргентиналық операцияға 46 мың доллар жұмсаған

Аргентиналық студент ежелгі эльф халқының бейнесіне ұқсау үшін 46 мың доллар жұмсап, пластикалық операция жасатқан. Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды. Өз арманына қол жеткізу үшін 26 жастағы Луис Падрон ринопластика, бас сүйегіне липосакция, көзінің түсін өзгертуге операция жасатқан. Сонымен қатар, ол терісі мен шашының түсін де өзгерткен. Тамыз айының басында ол тағы бір косметикалық операцияны өткерді. Енді ол алдағы уақытта құлағының пішінін, көз қиығын өзгертіп, тағы басқа кем-кетіктерін жасырып, аяқтарын ұзартуды жоспарлап отыр. Оны операцияның ауырлығы да қорқытпайды екен. “Мен адам секілді емес, өз арманымдағы бейне секілді болғым келеді”, –…

Толығырақ

Әлемдегі 10 үздік арнайы жасақтау бөлімшесі

Әлемдегі 10 үздік арнайы жасақтау бөлімшесі

Арнайы жасақтаудың негізі күші – стандартқа сай емес, көбіне мемлекеттің саяси-экономикалық, әскери мақсаттарын, қауіпті миссияларын орындау үшін қиын жаттығулардан сүрінбей өтетін әскери бөлімшелер. Арнайы тағайындалулар XX ғасырдың ортасы, яғни «Бранденбург» арнайы жасақталған полкінің құрылуынан бастау алады. Осындай бөлімшелердің үздік рейтингін анықтау – оңай шаруа емес. Бұл әлемдегі өзіндік мақсаты мен машығы бар әртүрлі спорт түрлерінің ең мықты спортшысын анықтау сияқты. Десе де, алдарыңызға 10 үздік арнайы жасақталған бөлімшелер тізімін ұсынамыз! 10. MARCOS, Үндістан MARCOS (Marine Commando Force) – үнді флотының таңдаулы арнайы жасақталған бөлімшесі. Бұл антитеррористтік операциялар, диверсиялар, арнайы барлаулар және…

Толығырақ

Кекіріктен қалай құтылуға болады?

Кекіріктен қалай құтылуға болады?

Көптеген адамдарды кекірік (түсінікті тілмен айтқанда асқазандағы газдың ауыз қуысынан шығуы) мазалап жатады. Ал мұның себебі көбінесе адам газдалған сусындарды жиі пайдаланғандықтан, тамақты өте тез жегендіктен, тамақтанып жатқанда сөйлеп, тамақпен қоса ауа жұтқаннан болады. Сонымен қатар тағам түрлері де әсер етеді. Яғни асбұршақ, үрмебұршақ, қырыққабат, ыстық нан секілді заттардан дайындалған тағамдар ішке желдің жиналуына себепкер. Осы тағамдарды жеген соң іштегі желдер кейде ауыз қуысынан шығып жатады. Бұл жағдай кейде көпшілік орындарда ыңғайсыз жағдайға қалдырып жатады. Назарларыңызға кекіріктен құтылудың жолдарын ұсынамыз. Кекірудің басты себебі асқазан мен өңеш ортасын бөліп тұратын бұлшықет механизмінің…

Толығырақ

50 жаста жақсы өмір сүру үшін 30 жаста жасап үлгеруге тиісті 20 нәрсе

50 жаста жақсы өмір сүру үшін 30 жаста жасап үлгеруге тиісті 20 нәрсе

Елуді еңсерген көп адам соңғы жиырма жыл бойы біраз нәрсені істемегеніне өкінеді екен. Мүмкін, сіз отызда болсаңыз, тізімдегілердің біразын жасап көрерсіз. 1. Шылым шекпеңіз. Енді бастасаңыз, дереу тастаңыз «Егер менің сөздерімді оқып отырсаңыз, сіздерден жалынып сұраймын, темекі тартпаңыздар, – дейді Синди Перлман Финк. – Шылым шегу: өте қымбат, не істесең де кетпейтін жаман иіс қолқаңды қауып тұрады, темекі түптің түбінде адамның ағзасына ауру әкеледі. Темекі тартатын адамның обырмен ауыруға мүмкіндігі мол. Ұзақ жасағыңыз келсе, темекі тартпаңыз». 2. Не болса, соны жемеңіз «Адам мол табыс таба алады. Оны 20 жаста да,…

Толығырақ

ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН НЕШІНШІ ОРЫНДА?

ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН НЕШІНШІ ОРЫНДА?

Speedtest сервисі арқылы әлемдегі бірқатар мемлекетте интернет қалай жұмыс істейтінін білуге болады. Әр ел интернетінің жылдамдығына қарай рейтинг жасалған. Соның ішінде, Қазақстан да бар. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан мобильді интернеттің сапасы бойынша Мароккодан (17,01 Мбит/с) кейінгі 67-орынға орналасқан. Ал сымды байланыс желілері бойынша сараптама жүргізсек, 51-орынға жайғасқан. 50-орын Италияға (25,46 Мбит/с) тиесілі болса, бізден кейінгі 52-орынға Беларусь Республикасы (24,67 Мбит/с) орналасқан.                 https://massaget.kz

Толығырақ

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

 «Алтын белгі» иегерлері мүлдем грантсыз қаламыз ба деп алаңдаулы! Алматыда бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр. Сондықтан, олар студенттік өмірге дайындалудың орнына, 10 күннен бері қабылдау комиссиясын айналшықтауда. Бірақ сертификат даулағандарға тұщымды жауап беріп жатқан ешкім жоқ. Ал бүгін таңертең олардың кейбіріне көптен күткен қағаз берілгенімен, оның өзі де жарамсыз болып шыққан, деп хабарлайды КТК арнасы. Ананың көңілі балада, баланың көңілі грантта. Ал сол гранттың берілетін түрі жоқ. Жабырқаған талапкерлер мен перзентін қалай жұбатарын білмеген ата-ананың медициналық университеттің қабылдау комиссиясын айналшықтап жүргеніне осымен 10 күн….

Толығырақ

Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынбақ

Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынбақ

Елімізде діни көзқарастарымен балаларына екпе жасаудан бас тартқандарға 22 мың теңге айыппұл салынғалы жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осындай өзгеріс әзірлеп, заңға енгізбек, деп хабарлайды КТК. Екпе дініне қайшы келген ата-аналарды білеміз дейді, министрлік мамандары. Діни сеніммен вакцинациядан сырт қалғандар мен дәрігерге сенбейтін ата-аналарды шенеуніктер қалай ажыратпақ?! Елімізде балаларына екпе жасатудан бас тартатындардың саны күрт өсіп отыр. Шет қалудың бір себебі – діни көзқарас. Жүзін жасырған мына келіншек, баласына бірде-бір екпе жасатпаған. Жасатпаймын да дейді. “Екпені не үшін істейміз, түсінбеймін. Ол ешқандай кепілдік бермейді ғой. Керісінше аурудың себебі болуы…

Толығырақ

Ақбота Сейтмағамбет Жанар Айжанованың “келіні” атанды (фото)

Ақбота Сейтмағамбет Жанар Айжанованың “келіні” атанды (фото)

Ақбота Сейтмағамбет тағы да бір рет ақ көйлек киді! Иә, өз тойы әлі күнге дейін тойланбаса да КешYou-дің бұрынғы сылқымы бірнеше рет қалыңдықтың образына енді. Оның бірі жарнама үшін болса, екіншісі кинофильм үшін. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әнші көпшіліктің көзайымына айналған отандық телехикаяға түсті. Ол Жанар Айжанованың көңілінен шығып, Тайлақтың келіншегі атанды.

Толығырақ

«Екі жыл үндемедік». Ninety One солисінің ата-анасы Бесбаев пен Майғазиевке ашық хат жазды

«Екі жыл үндемедік». Ninety One солисінің ата-анасы Бесбаев пен Майғазиевке ашық хат жазды

Ninety one тобының мүшесі Данияр Құлымшинның (лақап аты Bala) ата-анасы Ақылбай Құлымшин мен Әлия Қадырова «МузАрт» тобының мүшелері, танымал әншілер Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаевқа ашық хат жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хатта Данияр Құлымшиннің ата-анасы әншілердің бұған дейін БАҚ беттерінде топ мүшелерінің стилін ашық сынағанына, оның ішінде ата-аналарының тәрбиесіне сөз келтіргене және топ мүшелері жайлы әзіл айтқанына наразы екенін жеткізді. «Бір сұхбатында Сәкен Майғазиев әдеттегісінше Ninety One тобы туралы ой толғап, «Адам танитындай, мейірлене құшақтайтындай, сүйетіндей, ата-аналары қалай жақсы көретінін мен білмеймін. Қалай оларға үйретпейтінін, менің жүрегім ауырады. Өзім үшін…

Толығырақ