«Тақиялы періште» — Талдықорғанның Құрметті азаматы

«Тақиялы періште» — Талдықорғанның Құрметті азаматы

Бүгін киносүйер қауым «Тақиялы періште» атап кеткен Әлімғазы Райымбеков қария, белгілі тележурналист Бейсен Құранбек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева лайықты түрде Талдықорғанның Құрметті азаматы қатарын толықтырды. Бұл туралы бүгін «Жастар» саябағында өткен Қала күні мерекесінде белгілі болды. Қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалыптасқан дәстүрге сай Қала күні мерекесі орталық саябақтағы Даңқ обелискісіне гүл қою рәсімінен басталды. Мұнан соң «Жастар» мәдени-демалыс саябағында халық серуен құрып, тілек білдірушілер арасында шығармашылық байқаулар, спорттық…

Толығырақ

Қарттар күніне орай бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді

Қарттар күніне орай бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді

1 қазан дүниежүзінде Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі. Мұндағы басты мақсат – егде жастағы жандарға қамқорлық танытуға қоғам назарын аудару. Қазақстан республикасы да бұл әлемдік үрдістен қалып көрген емес. Биыл қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға мемлекет тарапынан 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет ардагерлер алдындағы борышын терең сезінеді. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін асыл парыз бүгінде Үкімет ұстанған әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстыны зейнетақымен қамсыздандыру…

Толығырақ

Зейнетақы жинағы кімдерге тұтастай беріледі?

Зейнетақы жинағы кімдерге тұтастай беріледі?

Келесі жылдан бастап зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының қалауына қарай ай, тоқсан және жыл сайын берілетін болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек ай сайын ғана төленеді. Сонымен қатар, зейнетке шыққан адамның жинағы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен, яғни 374 940 теңгеден аспаса, аталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тұтастай алуға болады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің маманы Жаппарберген Айбота Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Жаппарберген Айбота таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында әңгімеледі. «Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге…

Толығырақ

Астанада автобус билетін 300 теңгеге көтеру немесе тегін жүру мәселесі қаралып жатыр

Астанада автобус билетін 300 теңгеге көтеру немесе тегін жүру мәселесі қаралып жатыр

Астана әкімі Əсет Исекешов қаладағы қоғамдық көлік саласын дамыту мəселесін көтерді. Ол жолақысын 300 теңгеге дейін көтеру немесе тегін қылу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Қалалық автобустарда кездесетін мәселелерді шешу үшін Әсет Исекешов «Bus километр» жобасын ұсынды. Мемлекет халыққа сапалы қызмет көрсету үшін автопарктерді жалдайды. Бұл кезде автопарктерге төленетін ақы қанша жолаушыны тасымалдағанына байланысты болмайды. «Жүргізушілер көп жолаушыны тасымалдау арқылы ақша табу үшін жылдам жүреді. Бұдан бөлек онда көлеңкелі тұстардың барын білеміз. Кондукторлардың әрекеті, автобустар жарысы және т.б. «Bus километр» – ең тиімді үлгі….

Толығырақ

Қазан айында «100 жаңа есiм» қатысушыларына онлайн дауыс беру басталады – Кочетов

Қазан айында «100 жаңа есiм» қатысушыларына онлайн дауыс беру басталады – Кочетов

Бүгiн Қазмедиа орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылық топтың кезектi отырысы өттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Қазақстанның 100 жаңа есiмi бойынша өте ауқымды жұмыс жасалды. El.kz редакциясы сайтқа келген барлық өтiнiштi қабылдап, жариялады. Қазан айында бiздiң конкурстың келесi кезеңi басталады. 100esim.el.kz сайтында онлайн дауыс беру жүйесi iске қосылады. Дауыс беру тура бiр ай жалғасады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшiн жоба қатысушылары iстеген қызметтерiне қарай 7 санатқа бөлiнедi. Атап айтсақ, мәдениет, өнер, бiлiм,…

Толығырақ

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін жауын-шашын болады, деп хабарлайды Baq.kz «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оңтүстік өңірдің басым бөлігінде, әсіресе таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Тек батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталықта кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Ал Оңтүстік Қазақстанда тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында…

Толығырақ

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек — Даниал Ахметов

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек — Даниал Ахметов

«Жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджетті және коммуналдық меншікті енгізу» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысында түңғыш рет ауыл әкімдерінің республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Форум жұмысына ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты. Сондай-ақ, Шығыс пен Павлодар өңірлерінен 500-ден аса аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент пен ауылдық округтердегі жергілікті атқарушы органдарының өкілдері келді. 2018 жылғы қаңтардың бірінен бастап республикадағы елді-мекендерді қаржыландыру үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін сатылай енгізу басталады. «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек. Маңызды сұрақтарды шешуде тұрғындар…

Толығырақ

Ақан Әбдуәлиев: Киелі жерлерді анықтау – ұрпақ алдындағы аса мәртебелі парыз

Ақан Әбдуәлиев: Киелі жерлерді анықтау – ұрпақ алдындағы аса мәртебелі парыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жер-жерде іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында Қазақстанның киелі жерлерін анықтау жұмыстары да қолға алынған болатын. Бұл бастама негізінде кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі киелі, қасиетті орындар тізімделіп, олардың географиялық бағыт-бағдарлары айқындалмақ. Қазірге дейін елімізде жалпыұлттық деңгейде 100, жергілікті маңызы бойынша 500 киелі орын таңдап алынған екен. Бұл іс-шаралардың аясында Қазақстанның киелі жерлерінің энциклопедиясы да жарыққа шықпақ. Осы ретте Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиевпен сұхбаттасып, «Қасиетті Қазақстан» жобасының өңірде қалай атқарылып жатқаны туралы сұраған едік. Ақан Жылқышыбайұлы, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағында…

Толығырақ

Еуропа Лигасы: «Астана» алғашқы ұпайына ие болды

Еуропа Лигасы: «Астана» алғашқы ұпайына ие болды

Астаналық клуб чехиялық «Славиямен» Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 1:1 есебімен тең түсіп, алғашқы ұпайына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бүгін «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы топтық кезеңінде чехиялық «Славияны» өз алаңында қабылдады. Матчтың 18-минутында «Славия» сапындағы камерундық қорғаушы Майкл Нгадеу Нгаджуи ойындағы алғашқы голды соғып, чехиялық команданы алға шығарды. Бірінші таймның 43-минутында «Астана» футболшысы Марин Томасов қарсылас қақпасына гол салып, есепті теңестірді. Алғашқы 45 минуттан кейін есеп өзгеріссіз қалды. Күннің суықтығына қарамастан сүйікті футболшыларын қолдауға жиналған астаналықтар қарасы көп болды. Айта кетейік, «Астана» клубы еурокубок ойындарында өз алаңында 2014…

Толығырақ

ШАЙТАНКӨЛГЕ НЕГЕ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК НЕМЕСЕ ҒАЖАЙЫП КӨЛДІҢ СЫРЫ НЕДЕ? (ФОТО)

ШАЙТАНКӨЛГЕ НЕГЕ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК НЕМЕСЕ ҒАЖАЙЫП КӨЛДІҢ СЫРЫ НЕДЕ? (ФОТО)

Әлемдегі ең құпия орындардың бірі – Шайтанкөл Қарқаралының Бұғылы тауының шыңында орын тепкен. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте, аспанға жақын орналасқан ғажайып көлдің суы тартылмайды, не азайып, не көбеймейді. Бүгінге дейін бұл тылсымның сыры әлі табылған жоқ, деп жазады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі. Бүгінде туристер көп аялдайтын көлдің не себепті Шайтанкөл аталуы жайлы әркім әрқилы айтады. Ол жайлы аңыз бен ертегі көп. Аңыздардың көпшілігі көлдің «шайтандар мекені» болғандығы жайлы ұғымға келіп тіреледі. Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Аққулар мекені» болған Шайтанкөл талай жанды сұлулығымен өзіне тартатын қасиетке ие. Мұнда келушілер таудың ұшар басында, бастауы…

Толығырақ