Оңтүстікте мұғалімдер үшін типті үлгідегі баспаналар салынады

Оңтүстікте мұғалімдер үшін типті үлгідегі баспаналар салынады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде облыста энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру жұмыстарының барысы мен өңір аумағындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары туралы екі мәселе қаралды. Алдымен өңір басшысы барша аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бүгінгі алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған баяндамасымен танысып, қойылған міндеттер бойынша нақты жоспарлар жасауды тапсырды. Жаңа оқу жылының басталғанын айтқан аймақ басшысы білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне баса назар…

Толығырақ

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» керуені жолға шықты

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» керуені жолға шықты

Алматы облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет «Рухани керуен» жобасы бастау алды. Алматы облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған игі шараға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы келіп, ақ жол тіледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  «Рухани керуен» жобасы барысында облысымздың зиялы қауым өкілдері жергілікті елді мекендерді аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады. Керуеннің құрамында әр түрлі саланың білікті де білімді 50 маманы бар. Бұл жоба 3 айға созылады деп жоспарланып отыр. Керуен мүшелері өңірдегі қала, аудандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында орын алған «Рухани…

Толығырақ

Қазақстанда 2017 жылы не қымбаттады — ҰЭМ статистикасы

Қазақстанда 2017 жылы не қымбаттады — ҰЭМ статистикасы

Баға азық-түлік тауарларына биылғы сегіз айда (2017 жылдың тамызы мен 2016 жылдың желтоқсаны) 3,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына 4,2 пайыз, ақылы қызметтерге 4 пайызға өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы жылдың басынан (2017 жылдың тамызы мен 2016 жылдың желтоқсаны) бағаның өсуі картопқа 17,3 пайыз, қой етіне — 12 пайыз, сиір етіне — 11,2 пайыз, консервіленген сүтке — 8,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге — 7 пайыз, жылқы етіне — 6,6 пайыз, сары майға, мәйекті ірімшікке — 6,5 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге — 2,4 пайыз болып белгіленгені хабарланып отыр….

Толығырақ

Ресей әскері қан ауыстыратын қоспа мен мәңгілік жадты не үшін пайдаланбақ?

Ресей әскері қан ауыстыратын қоспа мен мәңгілік жадты не үшін пайдаланбақ?

Ресей ғалымдары қан мен оптикалық жадты алмастыра алатын технология  ойлап тауыпты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап. Ғажайып қоспа Ресейдің қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жасалып шыққан. Бұл қоспа қаны кез-келген топтағы және организмінде ерекшелігі бар адамдардың қанын ауыстыруға қабілетті. ПАМ-3 полигемоглобині  арнаулы сақтау орнын қажет етпейтін, сонымен қатар кез-келген жарақат және ауру түрінде қабылдауға болатын биохимиялық қоспа ретінде ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, ғалымдар арнаулы оптикалық тасымалдаушы, яғни «мәңгілік» жад құрастыруды аяқтауда. Оның сыйымдалығын былай алғанда, жад ақпаратты жазуды, сақтауды тез жүзеге асыратын көрінеді. Бұл тасмалдаушыға сыртқы күш, сонымен бірге ешқандай радиация немесе…

Толығырақ

Еріннің пішіні арқылы мінез-құлқыңызды анықтаңыз

Еріннің пішіні арқылы мінез-құлқыңызды анықтаңыз

Физиономия ғылымының ғалымдары адамның мінезі қандай екенің еріндеріне қарап білуге болататынын айтқан. Егер адамның үстінгі ерні астанғы ернінен үлкенірек болса, онда ол эмоционалды, тартымды, өзіңе көңіл аударта білетін жан;      Еріндерінің пішіні томпақ болып келетін адам біреуді бағып-қағуға жаралған. Әдетте томпақ ерінді адамдарда аналық сезімі жоғары болады. Кез-келген жағдайда өзінен бұрын айналадағы адамдарды ойлайды. Олардан өте жақсы ата-ана шығады;      Астыңғы ерні үстіңгі ернінен үлкен болса, ол адамның әуесқой, көпшіл, сөйлегіш және өзіне жаңалық ашудан жалықпайтынын білдіреді;      Ал еріндері жіңішке болып келетін адамдар көбіне жалғыз жүруді ұнататын адамдар….

Толығырақ

Айдың бетінен әкелінген топырақ 1,8 млн. долларға сатылды

Айдың бетінен әкелінген топырақ 1,8 млн. долларға сатылды

Американдық астронавт Нил Армстронгтың Айдың топырағы салынған сөмкесі аукционда сатылды. Армстронгтың Айдан өзімен бірге алып қайтқан тас аралас топырақ үлгісі  Sotheby’s аукционында жеке меншік иелігіне сатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл сөмкені 2015 жылы Нэнси Карлсон есімді чикаголық адвокат Техаста өткізілген аукционнан 995 долларға сатып алады. Кейіннен ол ішіне қарапайым құм мен тас толтырылған сөмкені NASA агенттігіне апарып береді. Ал агенттік сөмкедегі топырақ пен тастың Ай бетінен алынғанын және оның мемлекет меншігі екенін айтып, қателік кесірінен аукционда сатылып кеткенін алға тартады. Бірақ Карлсон ол сөмкенің өзінің жеке меншігі…

Толығырақ

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АЮ ЕТІНЕ ЖЕРІК БОЛСА…

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АЮ ЕТІНЕ ЖЕРІК БОЛСА…

Қазақ халқында мынадай бір ырым бар. «Екі қабат әйел не нәрсеге жерік болса кейін туылған баласының мінезі жеген жерік асына тартады» деп нанады. Егер анасы аю етіне жерік болса, туылған баласы бейне аю секілді болады. Әрқандай жұмысқа қаражон, күшті келеді. Алпамсадай үлкен, дәу азамат болып ер жетеді. Мінезі аңғал-саңғал, аңқау келеді. Жұмыс істегенде қорбаңдап, икемсіз болады. Әрекеті баяу, аяқ алысы ауыр, балпаңдап, жайбасарланып жүреді. Айтқан сөзді желкесімен тыңдайды, құлағы ауыр, мінезі сабырлы көрінеді. Бір жұмысқа жұмсасаң, орнынан әзер қозғалады. Сараң сөзді келеді. Жүргенде екі жаққа ырғалып,  балпаң-балпаң етіп, аспай-саспай жүреді….

Толығырақ

Ақбота Керімбекова дүркіретіп той өткізді (фото)

Ақбота Керімбекова дүркіретіп той өткізді (фото)

Тындарманды әсем әндерімен сусындатып жүрген Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шыққаны біраз уақыт бұрын хабарланған болатын. Әншінің өзі айтқанындай үйлену тойы Ораза аяқталған соң өз жақындарының ортасында өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Instagram желісінде әншінің өнердегі және өмірдегі достары Ақбота Керімбекова мен оның жары Рауанға бақыт тіледі. Өз кезегімізде біз де әнші мен оның жарына бақыт тілейміз! «Қамшы» 

Толығырақ

«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен фестивальден жүлдемен оралды

«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен фестивальден жүлдемен оралды

«Анаға апарар жол» фильмі үстіміздегі жылы тамыздың 23-і мен 27-і аралығында Хорватияда өткен Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» жүлдесін алды. Сонымен қатар аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-сімен бірлесе түсірілген «Анаға апарар жол» фильмі өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Картинаның режиссері – Ақан Сатаев. Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалі жыл сайын Хорватия Президенті патронатымен, әлемге әйгілі саяхатшы…

Толығырақ

Қандай түсті аюды көрдіңіз?

Қандай түсті аюды көрдіңіз?

Сіздер бүгінгі біздің бұл жұмбағымызды шеше аласыздар ма? Бұл қатты қиын да, өте жеңіл де сұрақ емес. Сәттілік тілейміз! Сіз белгілі бір тапсырманы орындау үшін жолға шықтыңыз делік. Сіз 5 шақырымда оңтүстікке, кейін 5 шақырым батысқа, сосын 5 шақырым солтүстікке қарай жүрдіңіз. Енді сіз саяхат кезінде аюды көрдіңіз. Сіздің көрген аюдың түсі қандай еді? Жауабы: Ақ түсті аю. Сіз 5 шақырым оңтүстікке, сосын батысқа, кейіннен солтүстікке жүрген болсаңыз, сіз Солтүстік полюске барғансыз. Ал солтүстік полюстен сіз тек қана ақ аюды ғана көре аласыз. Бұл Spectrum Secret Agency деп аталатын шпиондық…

Толығырақ