ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ САБАҚТАР 40 МИНУТҚА СОЗЫЛАТЫН БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ САБАҚТАР 40 МИНУТҚА СОЗЫЛАТЫН БОЛДЫ

Жаңа оқу жылынан бастап, мектептегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды. Бұл туралы elorda.info хабарлайды. Білім және ғылым министрлігі енгізіп отырған жаңа өзгеріс, бес күндік оқу аптасының қолданысқа енгізілуіне тікелей байланысты болып отыр. Бұл ретте министрлік бес күндік оқу мәселесін әр мектептің өзі шешетінін де ескертті. Шешімді мектеп әкімшілігі ата-аналармен ақылдаса отырып қабылдайды.

Толығырақ

САЛҒЫРТТЫҚТАН САҚ БОЛАЙЫҚ

САЛҒЫРТТЫҚТАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Күнделікті өмірде адам баласының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көптеген төтенше жағдайлар кездесіп жата- ды. Күтпеген жерден орын алатын келеңсіз сәттердің соңы кейде орны толмас өкінішпен аяқталатыны жасырын емес. Сондықтан халқымыз әркез «Сақтансаң, сақтайды» деген даналық сөзді басшылыққа алады. Аудан көлеміндегі жекелеген отбасыларда жыл сайын төтенше жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, жас сәбилердің ыстық суға күюі, есік алдындағы қарық су- ына тұншығып қалуы, тоққа түсуі, үстеріне жүктің құлауы, пышақ секілді үшкір заттармен ойнауы- нан және автокөлік жүретін жолға шығып кетуінен жарақаттануы орын алады. Сондай-ақ, кішкентай сәбилер бесіктен құлауы да мүмкін. Сәбилерді…

Толығырақ

ӘЛІШЕР КӘРІМОВ ХАЛЫҚҚА ҚАЛЫҢДЫҒЫН КӨРСЕТТІ

ӘЛІШЕР КӘРІМОВ ХАЛЫҚҚА ҚАЛЫҢДЫҒЫН КӨРСЕТТІ

Жасы 30-дан асса да, бойдақтық өмірімен қоштаса алмай жүрген Әлішер Кәрімов халыққа қалыңдығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Танымал әнші ақ көйлек киген белгісіз арумен түскен суретін жариялап, тыңдармандарын қызықтырып қойды. Ол суреттің жанына жүректің белгісін қойып, бұдан өзге ештеңе жазбаған. Өз кезегінде желі оқырмандары әншіні тойға дайындалып жатыр деп болжады. Көпшілік әншіге бақыт тілеп үлгерді. Алайда ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Себебі Әлішер қалыңдық-күйеужігіт кейпінде арнайы фототүсірілім ұйымдастырған болуы мүмкін.  

Толығырақ

ҚАЙРАТ НҰРТАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ӘЙЕЛІ ЕКЕУІ ОЙНАЙТЫН ФИЛЬМДІ КӨРУГЕ ШАҚЫРДЫ

ҚАЙРАТ НҰРТАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ӘЙЕЛІ ЕКЕУІ ОЙНАЙТЫН ФИЛЬМДІ КӨРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Жақында Қайрат Нұрстас пен жары Жұлдыз Абдукәрімова екеуі ойнайтын фильм көрермен назарына ұсынылады. “Көптен күткен фильм!!! Алғаш рет Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова “Арман” фильмінде, бірге басты рөлде ойнайды! 12 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!!!”, – деп жазады Қайрат Нұртас желідегі парақшасында. Бұған дейін әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова жақын уақытта келіні жайлы көпке жария ететінін айтқан еді. Мадина Сәдуақасова, Динара Сұлтан және өзге де әншілер бұл фильмді асыға күтетінін айтып, пікір жазды. Желі қолданушылары мұның жағымды жаңалық екенін, фильмді міндетті түрде көретінін айтып жатыр.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БРАТ ИЛИ БРАК» КАРТИНАСЫНЫҢ ТРЕЙЛЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ (ВИДЕО)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БРАТ ИЛИ БРАК» КАРТИНАСЫНЫҢ ТРЕЙЛЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ (ВИДЕО)

«Брат или брак» жаңа туындысының трейлері пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Қазақстандық  комедияның премьерасы 26 қазанға белгіленген.  «Брат или брак» фильмі Гауһар есімді қыздың бастан өткен оқиғасы жайлы, ол өз ағаларының әсіре қамқорлығынан тұрмысқа шыға алмайды. Тек жалғыз бір ғана жігіт қыздың бес ағасына өз махаббатын дәлелдеп, Гауһардан басқаға үйленбейтінін айтады. Комедияның продюсері Құралай Анарбекова мен «Бизнес по-казахски» фильмін түсірген Әлішер Утев. Фильмге Дәурен Серғазин, Руслан Бисенбин, Нұрлан Сабуров, Олжас Абай, Әбунасыр Серіков, Тәуекел Мүслім және басқа да актерлер түскен.  Жаңа туындының режиссері Ернар Нұрғалиев. Осыған дейін ол…

Толығырақ

ҚАЙРАТ НҰРТАС ӘЙЕЛІН ЖАҢА ӘНІНІҢ БЕЙНЕБАЯНЫНА ТҮСІРДІ (ВИДЕО)

ҚАЙРАТ НҰРТАС ӘЙЕЛІН ЖАҢА ӘНІНІҢ БЕЙНЕБАЯНЫНА ТҮСІРДІ (ВИДЕО)

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз әншінің “Үміт үзбе” атты жаңа бейнебаянында бой көрсетті. Бейнебаян үзіндісі Қайрат Нұртастың желідегі парақшасында жарияланды. “Қайрат Нұртастың @kair_n “Үміт үзбе” атты әнінe арналған бейнебаянын қабыл алыңыздар! Аталмыш туынды арнамыздың эфиріне жол тартты. Ендеше, бағасын беріп, пікір қалдырыңыздар”, – деп жазылған парақшада. Бұған дейін Қайрат Нұртастың жары Жұлдызбен тойда бірге билеген сәтіжеліде тараған еді. Енді Жұлдыз Абдукаримова әншінің жаңа бейнебаянынан бйо көрсетті. Бейнебаян жақында жарық көретін фильмнің саундтрегі. Бұған дейін “Арман” атты фильмнің көремен назарына жол тартатынын хабарланған еді. Фильмде Қайрат пен оның елден жасырған әйелі басты рөлде ойнайды. Көрермендер жаңа фильмді асыға күтуде….

Толығырақ

IPHONE 8 СМАРТФОНЫНЫҢ ҚАШАН ШЫҒАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

IPHONE 8 СМАРТФОНЫНЫҢ ҚАШАН ШЫҒАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Apple корпорациясы 12 қыркүйек күні өтетін жаңа смартфондарының тұсау кесер рәсіміне шақырып жатыр. Бұл туралы The Verge басылымы хабарлайды. Аталған пресс-конференция кезінде iPhone 8 смартфонынан бөлек, тағы iPhone 7s және 7s Plus телефондарын таныстырмақ. Мұнымен қатар, LTE- модулі мен Apple TV қосымшасы бар Apple Watch сағаты жұрт назарына ұсынылмақ. Шақыру қағазында шараның детальдары толық жазылмаған. Ұзын құлақтың айтуынша, жаңа смартфон тоқсыз қуатталмақ.

Толығырақ

МҰҒАЛІМ БОЛА САЛАРСЫҢ…

МҰҒАЛІМ БОЛА САЛАРСЫҢ…

Мектепке барардағы жағдай:  Таныс құрбы: — Мектептен шықпайтын болып кеттің. Балаңның құжаттарын дайындап болған едің ғой?!… Баланың анасы: — Құжаттарын реттеуін реттедім. Тек бірінші сыныптың жетекшілерін көріп, елден қайсысы жақсы екенінін сұрастырып… Баланы жауапкершілігі бар мұғалімге тапсырайын деп едім.    Таныс құрбы: — Е, е, е, мұның дұрыс екен…  Мектеп бітіргендегі жағдай:  Баланың әкесі: Ұлымыз ҰБТ-дан жақсы балл жинап бір қуантты. Құдай қаласа, кеше төрт қала мен мамандық таңдадық. Таңдау пәні – биология. Соған орай, жалпы медицина, биотехнология, психология, мұғалімдікті белгіледік. Танысы: — Мұғалімдікті соңынан қойғандарың не? Баланың әкесі: —Енді балы жетпесе соған түсе салсын деп……

Толығырақ

СОДА ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ

СОДА ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ

Индустрияландыру бағдарламасымен қатар облыс бойынша бірнеше жоба іске асырылуда. Импорт алмастыратын  ірі жобалардың бірі — кальцийленген сода шығару зауытының жобасы (құны — 87,5 млрд. теңге, жұмыс орны — 700 адам) Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 100 га жер телімі берілген. Жобаның қуаты 200 мың тоннадан 300 мың тоннаға ұлғаюына орай тиісті құжаттарға түзетулер енгізілуде. Шілде айында қытайлық инвестор-әріптес компаниямен бірлескен кәсіпорын құрылды. Жобаның қаржыландыру мәселесі Қазақстан даму банкімен қаралуда. Жобаға қажетті инфрақұрылым жеткізу мәселесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаралуда.

Толығырақ

АЙМАҚТА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

АЙМАҚТА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биылғы жылы Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның бірі, екінші жарты жылдықта іске қосылатын «Тримо» серіктестігінің «Үшоксидті молибден өндіру» жобасы. Өндірілген өнім Жапония және т.б. елдерге 100% экспортталады Құны – 871,5 млн.теңге, қуаты – 500 тонна молиб  өндіреді. Жоба барысында  58 адамды жұмыспен қамтымақ. Екінші ірі жоба – «Шыны зауыты» жобасы жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланған. Құны – 36,7 млрд.теңгені құрайтын жоба іске асқанда 226 адамды жұмыспен қамтиды. 2017 жылғы 15 мамырда Мемлекет басшыларының Пекин қаласында «Бір белдеу, бір жол»…

Толығырақ