ШАЙТАНКӨЛГЕ НЕГЕ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК НЕМЕСЕ ҒАЖАЙЫП КӨЛДІҢ СЫРЫ НЕДЕ? (ФОТО)

ШАЙТАНКӨЛГЕ НЕГЕ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК НЕМЕСЕ ҒАЖАЙЫП КӨЛДІҢ СЫРЫ НЕДЕ? (ФОТО)

Әлемдегі ең құпия орындардың бірі – Шайтанкөл Қарқаралының Бұғылы тауының шыңында орын тепкен. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте, аспанға жақын орналасқан ғажайып көлдің суы тартылмайды, не азайып, не көбеймейді. Бүгінге дейін бұл тылсымның сыры әлі табылған жоқ, деп жазады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі. Бүгінде туристер көп аялдайтын көлдің не себепті Шайтанкөл аталуы жайлы әркім әрқилы айтады. Ол жайлы аңыз бен ертегі көп. Аңыздардың көпшілігі көлдің «шайтандар мекені» болғандығы жайлы ұғымға келіп тіреледі. Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Аққулар мекені» болған Шайтанкөл талай жанды сұлулығымен өзіне тартатын қасиетке ие. Мұнда келушілер таудың ұшар басында, бастауы…

Толығырақ

ДЖЕЙКОБС ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСУ ҮШІН НВО АРНАСЫМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАДЫ

ДЖЕЙКОБС ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСУ ҮШІН НВО АРНАСЫМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАДЫ

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-2, 29 КО)  бокс әлеміндегі танымал телеарналардың бірі НВО арнасы мен Matchroom компаниясының өкілі, британиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлайды. Келісімшарт бірнеше жекпе-жекке жасалған. Шартнама бойынша НВО арнасы мен британдық промоутер Джейкобсқа орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесуді ұйымдастыруға көмектеседі.  Еске салайық, Дэниел Джейкобс өзінің келесі кездесуін  қараша күні өткізеді. Оның қарсыласы Луис Ариас (18-0, 9 КО) болмақ. Жекпе-жек Деонтей Уайлдр мен Луис Ортис арасында болатын бокс…

Толығырақ

ОҚУШЫЛАР 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НЕШЕ КҮН ДЕМ АЛАДЫ?

ОҚУШЫЛАР 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НЕШЕ КҮН ДЕМ АЛАДЫ?

Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылдарына арналған демалыс күнтізбесін бекітті. Оқушылар биыл қанша күн демалатынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар. http://alashainasy.kz/userdata/6(367).jpg  

Толығырақ

Биыл елімізде 50-ден астам ауылға газ тартылады

Биыл елімізде 50-ден астам ауылға газ тартылады

Осы жылы 50-ден астам ауыл газға тартылады. Ол елді мекендердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Биыл «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы өз қаржысы есебінен Маңғыстау және Қостанай облыстарындағы 30 елді мекенді газға қосқалы отыр. Сонымен қатар 50-ден астам ауылға да газ тартылады. Ауылдардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Аталған елді-мекендерді газбен қамтамасыз етуге қаржы жергілікті жене республикалық бюджет есебінен бөлінді», — деді ол. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін компанияның бас директоры қазақстандықтардың газға қанша теңге қарыз екенін айтты. Сонымен қатар…

Толығырақ

Ермекбаев діни қызмет саласын реттейтін халықаралық кеңес құруды ұсынды

Ермекбаев діни қызмет саласын реттейтін халықаралық кеңес құруды ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанда болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  Министр Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен «Қазіргі заманауи зайырлы мемлекеттегі Ислам» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық конференциясына қатысты.   Конференция жұмысы Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Конференция барысында Нұрлан Ермекбаев Алмазбек Атамбаевқа және осындай маңызды шараны ұйымдастырған Қырғыз Үкіметінің өкілдеріне алғыс білдірді.  Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде радикализм көріністеріне қарсы күрес бағытын көрсете отырып, деструктивті діни ағымдар идеяларының насихатталу мәселесін көтерді.  «Кеңес…

Толығырақ

Ақмолалықтар биатлоннан 3 алтын медаль еншіледі

Ақмолалықтар биатлоннан 3 алтын медаль еншіледі

Ақмолалық биатлоншылар Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатында үш алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Алматы облысының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан ҚР Жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа жасөспірімдер мен  ересектер қатысты. Спортшылар спринт, синглмикс (1 қыз және 1 ұл эстафетасы) және бір-бірінің артынан жүру түрлері бойынша шеберліктерін ортаға салды. Ақмола облысынан барған 11 биатлоншы 10 медаль олжалады. Оның үшеуі «алтын». Әсіресе, Алина Слепенко мен Петр Ермоленко (ұлдар мен қыздар) жұбы синглмикс бойынша жеңімпаз атанса, Анна Кистанова мен Тимур Хамитгатин жұбы үшінші орынды…

Толығырақ

Қызылорда мектептерінде жаратылыстану пәндері ағылшынша оқытылмақ

Қызылорда мектептерінде жаратылыстану пәндері ағылшынша оқытылмақ

Қызылордада жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді көздейтін оқу бағдарламасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді көздейтін бағдарламаны қолға алдық. Облыс бойынша жоғары сыныптарда математика, физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде игеруді барлық мектептерде бірдей енгізілмейді. Бұл жүйеге арнайы іріктеуден өткен мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназиялары кіретін болады, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев. Өңірде 2015-2016 оқу жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесінде білім беретін 46 инновациялық мектеп-лицейлер…

Толығырақ

Тұрсынбек Қабатовқа Астана әкімінің құрмет марапаты табысталды

Тұрсынбек Қабатовқа Астана әкімінің құрмет марапаты табысталды

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаевқа, әзіл өнерінің жүйрігі Тұрсынбек Қабатовқа, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен Әлем барысы Айбек Нұғымаровқа Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Астанада жыл сайын қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі ұйымдастырылып, шара аясында барлық мекемелерде бір ай бойы түрлі іс-шаралар өткізіледі. «Менің тілім — ұлы дала рухы» тақырыбындағы фестивальді елорда әкімдігі биыл 19-шы рет өткізіп отыр. Тіл фестивалінің басты мақсаты — қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету, көпұлтты мемлекетіміздің бірлігі мен достығын насихаттау және оның…

Толығырақ

«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін»

«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін»

Қазыбек  би  Тәуке  ханның  тапсырмасымен  Жоңғар  ханына  барғанда өзінің қандай мақсатпен  келгенін  былай  баяндайды:  «Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін. Егесетін ел шықса, иілткелі келгенмін. Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенмін. Жаңа үйреткен жас тұлпар, шабысқалы келгенмін. Танымайтын жаттарға, танысқалы келгенмін. Қазақ-қалмақ баласы танысқалы келгенмін. Табысуға тұрмасаң, тұрысатын жеріңді айт, сен-қабан да мен-арыстан, алысқалы келгенмін». Осындай өткір де төкпе сөздермен халқының мақсат мүддесін оның басқа жұрттан, тіпті де кем емес, терезесі тең екенін, тату болып табысам десең де, жау болып шабысам десең де, қарсы алдыңда…

Толығырақ

Қазақстанда Арал мен Каспиден басқа тағы бір теңіз пайда болады

Қазақстанда Арал мен Каспиден басқа тағы бір теңіз пайда болады

Маңғыстау облысы аумағындағы Ащысор ойпаты Каспи теңізінен толтырылатын болады. Осы мақсатта жаңа рекреациялық аймақты құру туралы жұмыс басталып та кетті. Бұл жайында аталған облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі мәлім етті. «Маңғыстаудағы рекреациялық аймақ» жобасы бойынша Каспиден канал арқылы ойпатты теңіз суымен толтыру көзделуде. Бұл жасанды су қоймасының аумағы шамамен 300 шаршы метрді, ал тереңдігі 12 метрді құрайтын болады. Бұл жасанды су қоймасын туристер демалатын орынға айналдыру да жсопарланып отыр. Қазіргі уақытта аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Айта кетейік, тамыз айының 11-і күні Ақтау қаласында аталмыш жобаға байланысты…

Толығырақ