Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Шәкірт тәрбиелеп, үнемі жастарға қолдау көрсетіп жүретін Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді. Клип “Мәңгілік тәуелсіз елдің біз ұрпағы” әніне таспаланған. Жаңа туынды “Той думан” арнасының YouTube-тегі парақшасында пайда болды.     Stan.kz

Толығырақ

Қайрат Нұртас інісінің әнші болуына қарсы шыққан

Қайрат Нұртас інісінің әнші болуына қарсы шыққан

Өнер жолы – ауыр жол! Иә, бұл сөзді эстрадада жүрген танымал жұлдыздар жиі қайталайды. Алайда бар жақсыны киіп, шетел асып, шалқып өмір сүретін әншілерді көрген халық бұл сөзге сенбейді. Дегенмен, елдің ықыласына бөленіп жүрген Қайрат Нұртастың өзі танымал әнші болудың қиын екенін айтады, деп жазады Stan.kz. Өнер әлемінде талай рет құлап, қайта көтерілген ол, інісінің әнші болуына қарсы шыққан екен. Бұл туралы Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков “Еуразия” арнасының “Қалаулым” бағдарламасында баяндады. “Бізде Алла берген үш ұл ғой енді. Қайрат, Аян, Заңғар. Аянымның бойында өнер жоқ. Негізі екі ұлым да спорт жағына…

Толығырақ

Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты

Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты

Ерке Есмахан «Қайда?» әніне клип түсіріп алған қырғыз әріптесін сотқа бере алмайды. Себебі бүкіл Қазақстанды шарлаған әннің авторлық құқығы Еркеге тиесілі емес. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. «Қайда?» әнінің авторы Диана Исмаилова өнер Академиясының студенті болып табылады. Бойжеткен алғашқыда хит туындыны өзі орындамақ болған. Алайда ақырында оны Еркеге табыстауды жөн көрген. «Қайда?» әнін осыдан 7 жыл бұрын жазған болатынмын. Оны өзім орындасам деп жоспарлап жүрдім. Алайда аранжировка жасап жатқан уақытта Ерке естіп қалып, бұл әнді өзіне беруімді өтінді. 2-3 күн ойландым, тіпті бергім келмей көз жасыма ерік…

Толығырақ

Образын өзгерткен КешYou әншісін тыңдармандар танымай қалды

Образын өзгерткен КешYou әншісін тыңдармандар танымай қалды

Атышулы КешYou тобының әншісін тыңдармандар бір көргеннен танымай қалды. Көпшілік Элизат Берікованы топтың өзге мүшесі Балжан Бидашпен шатастырып алды, деп жазады Stan.kz. Тыңдармандардың басым бөлігіне Элизаттың жаңа образы ұнамай қалған. Бұл ретте желідегілер түрлі жағымсыз пікірлерін білдірді. “Шұғыл түрде шашыңның түсін ауыстыр”, “Қара шашыңыз жақсы”, “Жараспайды, қара түс жақсы”, – деп сынады олар. Stan.kz.

Толығырақ

Алматы түбінде АН-28 ұшағы радардан жоғалып кетті

Алматы түбінде АН-28 ұшағы радардан жоғалып кетті

Алматы түбінде Eastwing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы Алматыдан 28 шақырым жерде жоғалып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде айтылады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ұшақ Алматы — Шымкент бағытында санитарлық рейс жасаған. «18:47-де локатордан жоғалды, Алматыдан 28 шақырым жерде. Бортпен байланыс жоқ. Бортта бес адам. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері. tengrinews.kz 

Толығырақ

Табиғаттың тылсым сырларын ою-өрнекпен бедерлеймін – қолөнер шебері

Табиғаттың тылсым сырларын ою-өрнекпен бедерлеймін – қолөнер шебері

Көкшетаулық Үкіжан Қалиақпарқызы – он саусағынан өнер тамған шебер. Оюлы текемет, сырмақ сырып, киіз бастыру, құрақ құрау сияқты қазақтың дәстүрлі өнерін жақсы меңгерген шебердің қолынан шыққан құнды дүниелер көздің жауын алады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. Биыл жетпістің бесеуіне келген қолөнер шеберінің үйіне кіре қалсаңыз, бейнебір музейде жүргендей әсерде қаласыз. Үкіжан апа өзінің қолдан жасаған дүниелеріне үлкен ыждаһаттылықпен қарайды. Әр көрпешесінің, кілемшесінің оюларын оймен жасайды. Күннен қуат алатын адамзат баласының жасыл әлеммен тығыз байланысын көрсетіп, Айдың жүзіне қарап, амандық тілеген ата-бабамыздың жаратушының әр затынан күш алғанын қолөнер шебері жақсы біледі. Қолөнер…

Толығырақ

Көлеңкедегі керемет

Көлеңкедегі керемет

Бүгінгі күні тәрбие жайлы сөз қозғасақ өмірде орын алып жатқан оқиғалардың жағымсызын жинап алып ата-ана немесе ұстаздарға сын көзбен қарайтын болдық. Ғаламтордан «Ақ қағаз бен қара нүкте» жайлы ақпаратты оқығаннан кейін жазбалы ойға шомдым. Расымен де біз үлкен ақ парақтан кішкентай қара нүктені ғана байқайды екенбіз. Шындығында шалыс қадамдарға барып жүргендер жетерлік. Соны дабыра қылып талқыға салу арқылы отқа май құйып, мәселені өршітіп жатқанымыз өкінішті. Бәлкім бұл да дұрыс болар. Дегенмен сол нүктенің көлеңкесіндегі кереметті де көргеніміз жөн. Отбасы – жылуынан жаның жайланып, мықты қорғанынан өзіңді қауіпсіз сезінетін мекен. Себебі…

Толығырақ

Мен түнгі 23:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасағым келеді

Мен түнгі 23:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасағым келеді

Мен шығармашылық адаммын. Тақырып ешқандай жанама мағына емес, тура мағынасында. Себебі шығармашылық адамдардың нағыз жұмысқа құлшына кірісетін кезі осы аралықта. Қалай? Түн баласы ауған кезде ақын-жазушы, суретші жалпы өнер адамдары оянады. Оларды оятатын табиғаттың осы бір тылсым күші. Түн ауған кезде олардың миында үлкен жарылыстар туады. Ол жарылыстардың күші он жанартауға тең. Себебі төгілген әрбір идея ағып жатқан лавадан ыстық.  Түнде қарапайым адамдар ұйқыға кеткен кезде, бұлар оянады. Әдейі емес, жүрек оятып алады. Мазасыз ойлар оятады. Таңды атырып барып бірақ жатады. Сомен күні бойы шаршап, тынысты тарылтқан тірлікте әлсіреген күйінде…

Толығырақ

Қытай түсірген қазақша мультфильм «Аққұс»

Қытай Байланыс Университетінің (Communication University of China) түлектері «Аққұс» деп аталатын мультфильм түсірді. Қалада өсіп, кейін ауылға оралатын қыздың тағдыры бейнеленетін мультфилімнің мәтінін Го Зыхао деген студент жазған. Massaget.kz 

Толығырақ

Дүние-айна

Дүние-айна

Ерте ерте ертеде… Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішін тұтастай айнамен қаптапты. Барлық бөлменің қабырғасы, асты-үсті айна болған екен. Бір күні сарайдың ішіне сұлтанның иті жүгіріп кіріпті. Айналасына қараса, мыңдаған ит қоршап алыпты. Барлық жақтан оған иттер қарап тұр. Иттерден қорықса да, қорыққанын білдірмеу үшін тісін ақситты. Осылайша басқаларды қорқытпақшы болады. Сөйтсе, мұнымен қоса барлық иттер де тісін ақситты. Ит ырылдаса, басқа иттер де ырылдады. Енді ит басқа иттерге қарсы үре бастайды. Бар күшін салып үрді. Бір қараса, жан-жағынан басқа иттер де оның үргенінен қаттырақ үре бастайды. Ол қанша…

Толығырақ