Нығматулин: Бюджетті игеру заң арқылы қатаң бақылануы қажет

Нығматулин: Бюджетті игеру заң арқылы қатаң бақылануы қажет

Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс спикері заң жобасының бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға және бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға бағытталғанын алға тартты. «Бізге нақты нәтиже керек. Тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, ауруханалар салу қажет. Сонда ғана Елбасының экономиканы дамытуға, азаматтарды жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеу керектігі жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырамыз»,-деді Н. Нығматулин. Заң жобасында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестілігін арттыру, есепке жазу әдісімен бюджеттеуді біртіндеп енгізу, мемлекеттік…

Толығырақ

Үш жасар тараздық бүлдіршін «Азия аруы» атанды (фото)

Үш жасар тараздық бүлдіршін «Азия аруы» атанды (фото)

Қыркүйектің басында Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында “Азия аруы” сұлулық байқауы өтті. Тараздағы FABUS модельдік мектебінің тәрбиеленушілері кастингке қатысып, қатаң іріктеуден өткен. Қызығы сол, ең жас қатысушы, 3 жасар Согдиана Нажмудинова «Little Miss World Asia Beauty 2017» байқауының гран-при иегері атанды. Бұл туралы ZhambylNews басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Кішкентай Согдиана Азияның ең сұлу моделі атанады деп кім ойлаған? Қыздың анасы Карина Нажмудинова тіпті, бұл туралы армандамадым дейді. Себебі кішкентай ханшайым небәрі 3,5 жаста. Анасы Согдиананы «Fabus» модельдік мектебіне шамамен бір жыл бұрын алып келген. «Шынымды айтсам, бала күнімде өзім модель болуды армандадым. Қызды…

Толығырақ

Бүркіт: Әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анама мың алғыс

Бүркіт: Әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анама мың алғыс

Әйел – отбасының ұйытқысы! Әйел бақытты болса, ер де, бала да, басқаша айтқанда бүтін отбасы бақытты. Бұл философиялық ойдың астарын әнші Бүркіт жақсы түсінеді. Сондықтан да жары Аишаның тыныштығы мен бақыты үшін қолдан келгенін аямайды, деп жазады Stan.kz. Шоу-бизнестегі үлгілі отағасы атанып кеткен Бүркіт желідегі парақшасында әйел затына деген құрмет жайында ой бөлісті. Ол жастайынан әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анасына деген алғысын жеткізді. “Ертеден ата-анам әйел адамзатын құрметте, жаман сөз айтпа, әйел кісі бірінші кезекте ол- Ана деп үйретуші еді. Қазір түсініп келемін, сол әу бастағы тәрбиенің зор мәні бар екенін….

Толығырақ

Жоғалған ұшақ өртеніп жатқан жерінен табылды

Жоғалған ұшақ өртеніп жатқан жерінен табылды

АН-28 санитарлық авиация ұшағы Алматы маңынан өртеніп жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Біздің бөлімше оқиға орнына келді. Қазір ұшақты сөндіріп жатыр», — деді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Естеріңізге сала кетейік, Eastwing авиакомпаниясына тиесілі АН-28 ұшағы Алматыдан 28 километр жерде жоғалып кеткен болатын. Ұшақта бес адам болған. Baq.kz

Толығырақ

Ауа райы: Еліміздің біраз бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады

Ауа райы: Еліміздің біраз бөлігінде жел соғып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің көптеген жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Дегенмен еліміздің батысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп болжанады. Нақытылай түсетін болсақ, Қостанай облысының кей аумақтарында тұман түсіп, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с деңгейінде жел тұрады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда өңірлерінде…

Толығырақ