Айдана Меденова жаңа бейнебаянда өзін құтқарған азаматпен көңіл қосты (видео)

Айдана Меденова жаңа бейнебаянда өзін құтқарған азаматпен көңіл қосты (видео)

Бірнеше ай бұрын ғана ана атанған Айдана Меденова тыңдармандарын жаңа бейнебаянмен қуантты. Әншінің жаңа туындысы “Айтшы тіке” деп аталады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Бұл бейнебаян Айдананың бұрынғы туындыларына ұқсамайды. Себебі махаббат тақырыбындағы клипте Айдананың сүйіктісін Тәуекел Мүсілім емес, қарапайым азамат сомдаған. Сюжет желісі бойынша, Айданаға ғашық азамат әншіні көру үшін қолдан келгенін жасайды. Алайда Айдана оған назар аудармайды. Себебі оның көрікті де бақуатты өз сүйіктісі бар. Алайда Айдана нағыз махаббаттың не екенін басын іс түскенде ғана түсінеді.     Stan.kz

Толығырақ

Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады (видео)

Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады (видео)

Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясына түнгі уақытта шағын көлемдегі ғарыш денесі құлап, түнді жарықтандырып жіберген. NASA-ның айтуынша, метеорит жергілікті уақытпен 4 қазанда Юньнань провинциясы Шангри-Ла ауданының батыс солтүстігінен 40 километр жерге құлаған. Астероид 14.6 км/секунд жылдамдықпен атмосфераға еніп, жерге 37 километр қалғанда 540 тонна ТНТ қуаттылықта жарылыс жасаған. Қытайлық БАҚ-тардың айтуынша, оқиғадан жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.     Qamshy.kz

Толығырақ

2018 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

2018 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылы Қазақстандағы жұмыс уақыты балансын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпаратхабарлайды. ҚР “Қазақстан Республикасының мерекелері туралы” заңына сәйкес еліміздегі ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақыты еңбек заңы бойынша мерекелік күндер болып есептеледі. Мерекелік күндер жұмыс күні болып саналамайды. Мерекелік күн демалыс күнге тура кеп қалған жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күн ретінде беріледі. Қазақстанда жыл сайын аталып өтілетін ұлттық мерекелер: Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан; мемлекеттік мейрамдар: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі…

Толығырақ

ҚАН ТАЗАЛЫҒЫ

ҚАН ТАЗАЛЫҒЫ

Қаны таза халыққа дауыл әкелді ме, жауын әкелді ме даун жабысты. Жел әкелді ме, жер әкелді ме Жубердің синдромы пайда болды. Оған Кэнэвен ауруын, Тёонердің синдромын қосыңыз. Қазаққа атын атап көрмеген бәлелердің бәрі жабысты. «Ауру – астан» деп, тамақтан ұшынбаса, күндіз-түні жорт¬қаннан жел-құз жабыспаса, басқа дерттен аман едік. Көз тиді мен тымау тидіні ең қауіпті ауру деп білген қазақ сол қауіпіне зар болып қалғандай. Бұрынғы қазақ киіз үйдің ішінде қыстың күні киіз жамылып, ешқандай дерттен қырылмап еді. Әуелі қымыз ішті, қан тазалығына мән берді. Әйтеуір кең байтақ далада сайранды өмір…

Толығырақ

ЕЛБАСЫ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАЛА ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛБАСЫ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАЛА ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймағымызға сапары барысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шығыстық үлгіде жаңғыруды көздеген жаңа қала жобасымен танысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін қала жайлы айтып, жүргізіліп жатқан құрылыстың маңызына тоқталды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жобалық үлгі мен сызбалық нұсқаны пайдаланып, аталған аймаққа салынатын ғимараттар жайлы айтып өтті. Елбасы сол жағалауда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, құрылысшылармен кездесті. Бұл жерде «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Иманова сөз сөйлеп, құрылысшылардың атынан ризашылығын білдірді. Ал, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов «Болашақ» университетінің қалашығы салынатынын тілге тиек етті….

Толығырақ

ЕЛБАСЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді. Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті. – Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті. *** Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен танысты

Елбасы Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан нысандардың құрылысын көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты. Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаңы 1532 гектар жерді құрайтыны, соның ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстың эскиздері мен инвестициялық жел телімдерінің сызбасын көрді. *** Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана,…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қызылорда жастарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қызылорда жастарымен кездесті

Мемлекет басшысы «Арай» спорттық-сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында «Арай» спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді. Кешенде аквапарк, SPA орталығы, балаларға арналған ойын павильоны, коттедж қалашығы, аттракциондарды қамтитын ашық бассейндер, фитнес орталығы, сондай-ақ 500 адамға арналған балалар орталығы бар. Елбасы облыс жастарымен және балалармен кездесіп, бейресми әңгіме өткізді. Baq.kz 

Толығырақ

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын биыл кім алуы мүмкін?

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын биыл кім алуы мүмкін?

Бүгін Швед академиясы Нобель сыйлығының 2017 жылғы жүлдегерінің есімін жария етеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Нобель қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жазушылар үшін ең беделді әлемдік сыйлықты биыл кім алуы мүмкін? Нобель кандидаттары кімдер болғаны тек 50 жылдан кейін жария етіледі. Әйтсе де, журналистер, баспагерлер, әдеби сыншылар өз жорамалдарын жасайды. Соған қарай үміткер ретінде көптеген есімдер аталады. Швед басылымдарының болжауы бойынша, биыл Нобель сыйлығы Кения жазушысы Нгуги Ва Тхингоға берілуі мүмкін. Негізгі кандидаттар ретінде сонымен қатар американ әншісі әрі ақыны Патти Смит, оның отандасы, жазушы Джойс Кэол Оутс те…

Толығырақ

Назарбаев Қызылорда облысына барды

Назарбаев Қызылорда облысына барды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту жобаларымен танысуы, «Қорқыт ата» мемориалды кешенін, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Толығырақ