…«Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын…

…«Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын…

Ғазал көктемім, жазар көктемім! Қайдасың? Сенсіз мазам жоқ менің. Сабырым қашып сағынып жүрмін, Көліме қонып қаз әндеткенін, Жеріме келіп жаз әндеткенін… Аңсаған үлбір үкілі бақты, Мендік жүректің лүпілі қатты. Қаталдығынан қайтпаған әлі, Қаһарлы қыстың үкімі қатты. Қамалып қарға кешкі бақтарда, Тоңады бүршік тек шыдап талда. Сағынышымды сыр қып айтамын, Сарғайып жатқан ескі хаттарға. Толғағы келіп толағай жырдың, Қорегі болдым қомағай мұңның. Ғазал көктемім, жазар көктемім! Сен едің сыйлы қонағы айдынның. Орайын таппай ойымдағы дау, Өзіңді күтіп уайымдадым-ау. «Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын, Сүйеніп үнсіз қайыңға мынау. Қалқаман Сарин «Қамшы»

Толығырақ

Мөлдір Әуелбекова: Мен құрған топ фонограммамен ән айтпайды

Мөлдір Әуелбекова: Мен құрған топ фонограммамен ән айтпайды

Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызының жолын қумақ. Продюсерлікке бет бұрған әнші жаңа қыздар тобында ән салатын аруларға кастинг жариялаған еді. Бірер күн бұрын әнші іріктеу өткізіп, топтың болашағы жайлы болжамдарымен бөлісті. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. “Қаншама жыл сахнада жүрдім, 10 жыл оқыдым, үш дипломым бар. Сол жинаған тәжірибеммен бөлісейін деген ой бұрыннан бар. Қазіргі тілмен айтқанда продюсер. Үш қыздың басын қосып, қазақи нақышта халыққа ұялмай көрсететіндей туынды болса деймін. Ең бірінші, ән орындайтын қыздар болады ғой, әрине. Қазақтың қызының келбетін ұялмай көрсететіндей сұлу, сымбатты болса…

Толығырақ

Сірке суын тұрмыста қолдану

Сірке суын тұрмыста қолдану

Сірке суы көп жағдайда қауіпті. Бірақ ебін тауып, дұрыс қолданса, біраз нәрседе пайдасы бар. Мысалы… Тұрмыс техникасын қақтан тазалау Ыдыс жуғыш не кір жуғыш машина қаққа толып қалса, алаңдамаңыз. Оны 1-2 стақан сірке суы тазалай алады. Бар жоғы машинаны бос күйінде іске қосыңыз да, 3-4 минуттан соң, 2 стақан сірке суын жуғыш ұнтақ салатын жерге құйып жіберіңіз. Бұл әдіспен  тек қақты тазалап қана қоймай, 2 аптада бір рет тазалық үшін жасап тұруға болады. Гүлдердің өмірін ұзарту үшін Туған күніңізге сыйға тартқан гүл шоқтарының сізге ұзақ қызмет еткенін қаласаңыз, құмыраға 2…

Толығырақ

Сөзден іске көшкіңіз келсе…

Сөзден іске көшкіңіз келсе…

Біз көп ойланамыз. Іске көшуге дайын болмаймыз. Оған бірнеше себеп бар: қорқамыз, нәтиже бермейді деп ойлаймыз, ойда жүрсе бір күні жасаймыз деп түйеміз. Ал, шындығында жұлдызды сәтті күтудің қажеті жоқ. Күлкілі болар, бірақ ашуланыңыз! Ойыңыз іске аспай қалса, сіз өзіңізді торға түскен шыбын секілді сезінесіз. Себебі қозғалыс болмайды. Осындай сәтте ашуланыңыз. Спорт саласында жүрген мамандардың айтуынша, адам жеңіліп бара жатқан кезде ашуға берілсе, оның бойында соңғы бір күш жетелеп, жеңіске апарады дейді. Сондықтан бойыңыздағы күшті жинап, ашуланып алыңыз да, өзіңізге сенім артып, алға басыңыз. Уақытқа қараңыз Егер сіз осы жұмысты…

Толығырақ

Әли: Талай аға әріптестерім қабылданбаған рөлге режиссер мені таңдады

Әли: Талай аға әріптестерім қабылданбаған рөлге режиссер мені таңдады

Әли Оқапов отандық шоу-бизнестегі «әмбебап әртістердің» тізімін толықтыруға ниетті. Бүгінде ол кино саласында өзінің бағын сынап көруде. Танымал әнші түсірілім алаңында бастан кешкен қиындықтары мен қызықтары жайлы Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген болатын. «Өте қиын, осыншама қиын деп ойламаппын. Әрине, білгенмін. Бірақ, актердың жұмысының 90 пайызы күтумен болады екен. Таңертең түсірілім алаңына келіп, түскен кейін ғана сәтті кадрды ұстауы мүмкін. Кезек бар, кесте бар. Таңғы алтыдан күтіп отырасың. Содан кейін ештеңе болмағандай камераның алдында ойнау ол оңай емес», – дейді ән әлемінен кино саласына тосыннан келген әнші. Бүгінде 26 жасқа аяқ басқан…

Толығырақ

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі сатылған билеттерден түскен табысы жөнінде ең жоғарғылардың бірі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Невада штатының спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметінше, жекпе-жекке 17 мың 318 билет сатылған, бұл ұйымдастырушыларға 27 059 850 доллар пайда әкелді. Тағы934 билет тегін таратылған. Осылайша Головкин мен Альварес T-Mobile Arena аренасына келушілер саны бойынша рекорд орнатты. Бірінші орында: Флойда Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегі (5 мамыр…

Толығырақ

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Ауыр атлетика спорты олимпиада бағдарламасынан түсіп қалуы мүмкін. Бұған басты себеп – допинг мәселесі. Бұл туралы life.ru хабарлайды. Көптеген елдің ауыр атлеттерінің допинг сынамаларының оң нәтиже беруі бұл спорттың қадірін кемітіп тастағандай. Жақында ғана кезекті әлем чемпионатының қарсаңында бірқатар құрамалар әлемдік додадан шеттетілді. Оның ішінде ауыр атлетика державасына айналған Қазақстан, Ресей, Қытай елдері де бар. Сонымен қатар олимпиадалық спорт түрлерінің танымалдылығының артуы немесе кемуіне оның телевизиялық рейтінгі де әсер етеді. Қазіргі таңда халықаралық олимпиада комитеті ауыр атлетика рейтингінің төмен болып, оны қарайтын көрермендер санының азаюына байланысты жағымсыз шешім қабылдауы ықтимал. Егер ауыр атлеткадағы…

Толығырақ

Ресей Марат Тәжинді мемлекеттік орденмен марапаттады

Ресей Марат Тәжинді мемлекеттік орденмен марапаттады

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжинді “Достық орденімен” марапаттады. Бұл туралы BNews.kz жазады. Достық ордені – Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты. ол 1994 жылы 2 наурызда РФ президентінің №442 бұйрығымен бекітілген. Бұл орден РФ азаматтарына және бейбітшілік, достық, ынтымақтастықты арттыруға сіңірген еңбегі үшін шет мемлекет азаматтарына беріледі. Stan.kz

Толығырақ

Димаштың Лос-Анджелестегі жанкүйері Ақтөбеге келді

Димаштың Лос-Анджелестегі жанкүйері Ақтөбеге келді

Димаштың Лос-Анджелес қаласында тұратын жанкүйері Ақтөбеге келді. Патрисия Груллион танымал әншінің өскен ортасы, білім алған жерімен таныспақшы, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Лос-Анджелес қаласының тұрғыны Ақтөбеге табан тіреді. Димаш Құдайбергеновтың жанкүйері Патрисия Груллион әнші білім алған Ақтөбе музыкалық колледжінде болды. Ұстаздарымен кездесіп, Димаштай шәкірт тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Патрисия Груллион болашақта қазақ халқының мәдениетін меңгеріп, тілін үйренгісі келеді. «Мен алғаш рет Димаштың әнін тыңдап, оның «Қазақстанға келіңіздер!» деген сөзін естігенімде мұны бірден шын жүрегіммен қабылдадым. Қазақстан деген керемет елге келдім. Қазақ халқының мәдениетімен кеңінен танысып, тілін меңгеру үшін келдім. Жақсы жандармен…

Толығырақ

ӘКЕНІҢ ӨКІНІШІ (БАЛАҢЫЗҒА ҰРЫСПАС БҰРЫН ОҚЫРСЫЗ)

ӘКЕНІҢ ӨКІНІШІ (БАЛАҢЫЗҒА ҰРЫСПАС БҰРЫН ОҚЫРСЫЗ)

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз. «Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын. Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың»…

Толығырақ