Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Әдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяйсың! Қадыр Мырза Әли атамыздың осы бір сөзі қыз баланың бар болмысын ашып тұрғандай… Расында бұл өмірде ақылды қыздарға қарағанда, сұлу қыздардың жолы болғыш келеді, деп жазады Stan.kz. Қарап отырсаңыз, мектеп жасынан бастап-ақ сұлулар кез келген нәрсеге оңай қол жеткізетіндей… Көркі ақылына сай қыздардың өзгелерден бұрын тұрмыс құратыны да белгілі. Бұл ретте кез келген қыздың/баланың көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасатынын атап өткен жөн. Мұны журналист Дана Нұржігіт жақсы түсінеді. Себебі ата-анасы кішкентайынан оған “оқы, оқы” дегенді үйреткен. Бұл туралы Дана желідегі парақшасында жазды. «Бала кезімнен: “оқы, ізден,…

Толығырақ

Қазақстанда 3000 жыл бұрын салынған пирамида қалпына келтірілді

Қазақстанда 3000 жыл бұрын салынған пирамида қалпына келтірілді

Археологтар Қарағанды маңынан табылған ежелгі «Сарыарқа пирамидасын» қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы қарағандылық ғалым Виктор Новоженов Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Жаз бойы И.А.Кукушкинның жетекішілігімен жүргізілген экспедиция қалыпқа келтіру қажет нысанды дайындап, күзге қарай бір топ маман тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог А.З.Бейсеновтың жетекішілігімен осы жобаны аяқтадық. Енді еліміздің туристік картасында жаңа ерекше ескерткіш пайда болады — Беғазы-Дәндібай ескерткіші! Бұл ескерткішті қазу жұмыстары әлі де жалғасады, қарағандылық археологтарға жаңа қызық ескерткіштерді табуды тілейміз», — деп жазды ғалым. Сондай-ақ, Виктор Новоженов пирамиданың қалыпқа келтірілгеніне дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады. Айта кетейік, «Сарыарқа пирамидасы» 2016 жылы Қарағанды…

Толығырақ

Досаев жаңа қызметке келді

Досаев жаңа қызметке келді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады. Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады. Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған. Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. tengrinews.kz 

Толығырақ

Апта басында теңге нығая бастады

Апта басында теңге нығая бастады

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 9 қазандағы таңғы саудасында 342,56 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  9 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 343,50 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды. Ал минималдық құны 342,50 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 42,300 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 342,5-344,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Мұнай бағасы 9 қазанда Астана уақытымен сағат 11.10 -да Brent маркалы мұнайдың барреліне 55,74 доллар болды. tengrinews.kz

Толығырақ

Жеті сағаттан аз ұйқы денсаулыққа қатерлі – ғалым

Жеті сағаттан аз ұйқы денсаулыққа қатерлі – ғалым

Ұйқының қанбауы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай,мінез-құлықтың өзгеруіне де себепші болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бұл туралы «Біз неге ұйықтаймыз?» кітабының авторы, Калифорния университетінің неврология профессоры Мэтью Уокер айтты. Ғалым жеті сағаттан аз ұйқы адам денсаулығына үшін қатерлі екенін, сондай-ақ ұзақ өмір сүруге кері әсерін тигізетінін атап өтті. «Бір күні жеті сағаттан аз ұйықтасаңыз, миыңыз бен организміңізде түзеуге келмейтін өзгерістер басталады. Алты сағат ұйқы жетеді дейтіндер, өкінішке қарай, өзі мен денсаулығын алдайды», — дейді Уокер. Ғалымның айтуынша, жұмыс күндері аз ұйықтаған адамның демалыста ұйқысын…

Толығырақ

«АЛТЫН КҮЗ – 2017» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«АЛТЫН КҮЗ – 2017» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Өткен  аптада ауданымызда ХХХІ—ші облыстық «Алтын күз – 2017» спартакиадасы  өтті. Дүбірлі додада барлық ауданнан келген 910 үздік спорт шеберлері  бақ  сынасты.  Облыстық  спартакиада  төрт  күнге  созылды.  Бүгінгі  таңда  мемлекетімізде спорт  саласына жоғары мән  беріліп, салауатты  өмір  салтын  ұстанам  деушілерге  барлық  жағдай  жасалуда. Жас  спортшыларымыз  күн  санап  артып,  халықаралық,  әлемдік   жарыстарда көк  туымызды желбіретіп, ел  мерейін  асқақтатуда. Осы  орайда,  ауылдық  жерлерде де жастардың жаппай спортпен  шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Қуантарлығы, ауданның 10 мыңға жуық тұрғыны бұқаралық  спортпен  тұрақты  түрде  айналысады. Оның  ішінде  республикаға  танылған  спортшылар  да баршылық. Төрт  күнге  созылған …

Толығырақ

Америкалық бапкер Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

Америкалық бапкер Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

Белгілі америкалық бапкер Рики Фуньес EsNews-ке берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. «Головкин – Альварес жекпе-жегі тең өтті, сондықтан карточкалардың біріндегі 118-110 есебін түсінбеймін. Егер төрешілер нәтижені аздап төмен ұпай санымен шығарғанда, жанкүйерлер қатты қапаланбас еді. Қайталап айтамын, жекпе-жек тең өтті, бірақ GGG сәл басым болды. — Джейкобстың «Канеломен» немесе Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жегі туралы не ойлайсыз? Меніңше, Дэнни Джейкобске қарағанда, GGG мен Альварес реваншының өту мүмкіндігі жоғары. — Екінші жекпе-жекте кім жеңіске жетеді? Реваншта қорғанысы мықты…

Толығырақ