ҚОЛДА БАРДА ҚАДІРІ ЖОҚ ҚОС НЫҒМЕТ

ҚОЛДА БАРДА ҚАДІРІ ЖОҚ ҚОС НЫҒМЕТ

Хадисте адамдардың көбі қолда барда қадірін білмейтін, қадір-қасиетін айрылып қалған соң ғана түсінетін теңдесі жоқ қос нығмет жайлы айтылған. Олар денсаулық пен уақыт. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, осынау баға жетпес қос нығметтің қадірін білмеушілік көбіне жастық шақта орын алатыны белгілі. Өйткені, адам ғұмырындағы денсаулықтың ең мықты кезі осы жастық шақ. Сол Алла берген денсаулықтың арқасында шаршап-шалдығуды білмейтін күш-қуаты тасыған жастардың аз уақытта көп істі тындыра алатын мүмкіндігі де бар. Оның үстіне жастар әбден аяқтанғанша үлкендердің қамқорлығында болатындықтан қол-аяқтарын байлайтын тіршіліктің күйбеңі мен сан түрлі жауапкершіліктерден де ада болады….

Толығырақ

ӘЙЕЛІМНІҢ АТЫН ӨЗГЕРТІП АЛДЫМ

ӘЙЕЛІМНІҢ АТЫН ӨЗГЕРТІП АЛДЫМ

Ұялы телефоныма өз әйелімнің атын Хадиша деп жазып қойдым. Кім біледі, оған да бір себептер болған шығар. Өзіне бұл туралы айтқан да жоқпын. Бір күні менің телефонымды алып қолданғысы келді. Қараса, бетінде бір күнде бірнеше рет телефон соғылған Хадиша деген есім тұр. Сол кезде оның өзгерген түрін көрсеңіз. Түрі өзгеріп, өңі қашып кеткені көрініп тұр. Ашуға булығып тұрып Хадишаның кім екенін сұрады. Мен болсам, абайсызда от тұтанып кетпесін деп жауап бермей тұрмын. — Айтыңыз, кім ол Хадиша деген. Көзіме тура қарап айтыңыз! — (Бұдан артық шыдай алмадым). Оның өзінен сұра,…

Толығырақ

Латын әліпбиінің Елбасына ұсынылған нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы

Латын әліпбиінің Елбасына ұсынылған нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Зейнеп Базарбаева латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Оның айтуынша, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында ұсынған нұсқасы оқуға да жазуға да ыңғайлы. «Жалпы әліпби ауыстыратын ұлт үшін екінші нұсқа қолайлы деп санаймын. Себебі диграфпен таңбаланған әліпби үлкен сынға ұшырады. Басты мәселе сөздерді оқыған кезде қиындық туғызады дедік. Ал  апострофпен жазу да оқу да оңай болмақ. Ұлттық, өзімізге тән дыбыстарымыз апостроф арқылы көрсетіледі. Соған орай жаңа нұсқада барлық дыбыстар қамтылды деуге…

Толығырақ

ҚАЙЫРЛЫ ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ СҰРАСАМ БОЛАДЫ?

ҚАЙЫРЛЫ ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ СҰРАСАМ БОЛАДЫ?

Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылман жан ойындағы арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы  арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Бірақ, сұраған ұрпақ қандай болуы қажет? Бұл мәселеге қатысты да Құран аяттары пайғамбарларды мысалға келтіре отырып, ерлі-зайыптыларға ұрпақ сұрағанда қалай дұға жасау керектігін үлгі етеді. Мысалы, Құран Кәрімде Зәкәрияның (ғ.с.) шын жүрегімен Аллаға жалбарынып, былай деп тілегені баяндалады: «Ол жерде Зәкәрия дұға жасады: Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз, сен…

Толығырақ

БАЛАҢЫЗ БЕСКЕ КЕЛГЕНДЕ

БАЛАҢЫЗ БЕСКЕ КЕЛГЕНДЕ

Бұл жаста баланың екінші «алтын кезеңі» басталады. Бастаған ісін жартылай тастап кететін төрт жасар бала беске қадам басқанда ісіне тындырымды, үйретілген шаруаларды жайлап өзі атқара бастайтын халге жетеді. Мысалы: тамақ жеу, ішу, жуыну, киіну, тістерін тазалау секілді жеке басының шаруаларын өзі тындыра алады. Дегенмен, кішігірім көмектерді қажетсінуі мүмкін. Әлі де әке-шешесіне тәуелді болғанымен, өзімен қатарлас балалармен ойнай алады. Велосипед айдау, жіппен секіру, доп ойнау секілді қимыл-қозғалысты ойындарды жақсы көрумен қатар рөлдерге бөлініп ойнағанды да ұнатады. Ішкі жан дүниесін тұрақтылық билегенімен бойында қорқыныш сезімі басымдау болып тұрады. Қараңғы жерден, жоғалып кетуден…

Толығырақ

Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді

Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу жоспарланып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын жүргізу, мерзімді басылымдар және оқулықтардың барлығы латын әліпбиінде басылып шығарылады. Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын енгізу жоспарланып отыр. «Қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын қабылданған соң министрлік .ҚАЗ домендерін латын әліпбиіне аудару бойынша жұмыстар жүргізеді», — деп түсіндірді Абаев. Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. «Бұл күндері қазақ тілінің…

Толығырақ

Мәдениет министрі латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты пікір білдірді

Мәдениет министрі латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты пікір білдірді

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа латын графикасына арналған қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартының жобасы таныстырылды. Ал бүгін Үкімет отырысынан кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталмыш әліпбиге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Кеше ғалымдар айтты. Бұл соңғы нұсқа емес. Ыңғайсыз дүниелер болса, оның бәрі ескеріледі. Мысалы, осыған дейінгі жобадағы «w» әрпі бойынша көп ұсыныстар болған. Ол түзетілді. Енді тағы да жобалар, ұсыныстар болса, барлығы талқыланады», — деді министр журналистерге. Сонымен қатар ведомство басшысы латын әліпбиінің жаңа жобасын көпшіліктің көңілінен шыққанын алға тартты. «Елбасыға да, ғалымдарға да, басқа жауапты…

Толығырақ

Латын қарпi жайлы Сағадиев: Мұғалiмдерден бастаймыз

Латын қарпi жайлы Сағадиев: Мұғалiмдерден бастаймыз

Үкiмет отырысынан кейiн берген сұхбатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев латын қарпiн енгiзу жұмысын мұғалiмдерден бастайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Латын қарпi бекiтiлсе, оны енгiзу кестесiн жасаймыз. Енгiзу кестесiн депутаттармен, халықпен ақылдаса отырып жасап, президентке көрсетемiз. Осыдан кейiн барлығы бiр келiсiмге келсе, кестеге сәйкес жұмыстарымызды жасай беремiз. Ең алдымен бiз мұғалiмдердi даярлауымыз керек. Ұстаздар жеткiлiктi болғанда, олар өздерi «ендi енгiзуге болады» деп айтқан жағдайда, жұмысты одан әрi жалғастырамыз. Жалпы, дайындық жұмыстарына қанша уақыт кететiнiн бiлмеймiн. Қазiр бұл туралы айту ерте. Бүгiнгi уақытта халықты шулатпай, алдымен бiр әлiппеге…

Толығырақ

“Нан табар мәшінем”: Ернар Айдар кезінде есік сатып күн көргенін айтты (видео)

“Нан табар мәшінем”: Ернар Айдар кезінде есік сатып күн көргенін айтты (видео)

Туып-өскен жеріне табан тіреген Ернар Айдар балалық шағының естелігімен бөлісті. Әнші жастай әкесімен бірге тауар сатып, күн көргенін айтты. Бұл ретте Ернар кезінде нан табуға көмектескен ескі көлігін көрсетті, деп жазады Stan.kz. “Бүгін ауылға, Таразға келіп, керемет көңіл күйдемін. Өткен шақты еске түсіріп жатырмын. Әрбір сәт, әрбір жері ыстық мен үшін Тараз жерінің. Міне, мына «четверка» мәшінемен тауар тасыдық, есік тасыдық. Осы жақта еңбектенгенбіз. Мына жигулиді әкем әлі сатпапты. Өте қуаныштымын. Сіздермен бөлісейін дедім. Осыменен зыңғытып жүретінбіз, нан-табар мәшінемді де көрсетейін дегенім ғой”, – деді Ернар ескі “жигулиде” отырған видеосын бөлісіп….

Толығырақ