Төреғали көңіліне кірбің түсірген әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды

Төреғали көңіліне кірбің түсірген әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды

Бүгінде 5 күндік концертке білек сыбана кіріскен Төреғали есеп беру кешінде отандық шоу-бизнестегі бірнеше әншілермен жаңа дуэттерді дайындап жатқанын жеткізді. Алайда, ән сапар, тығыз кесте Төреш пен өзге жұлдыздардың емін-еркін жұмыс істеуіне кері әсерін тигізбей қоймаған. Stan.kz тілшісімен сұхбаттасқан әнші әріптестері жайлы бар шындық жайып салды. «Әр өнерпаз әр түрлі. Бәрі ерке! Біреуі ерке, біреуі серке! Менің деңгейім жетпейтін әншілер де бар оның ішінде. Студияға барып жаза беріңіз, біз артынан барып жазамыз дегенге көп әншілер көнбейді. Жоқ, біз бірге барып жазуымыз керек деп жатқан әріптестер де бар», – деп ағынан жарылған Төреғали…

Толығырақ

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Жуырда үйлену тойын жасайтынын мәлімдеген Төреғали Төреәлі алғаш рет қанша баланың әкесі екенін айтты. Бұған дейін «Қайрат Нұртастан қайталап, келіншегін көрсетті» деп сынға іліккен әнші бұл жолы балалары туралы алғаш болып сөз етуге бекінген. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Сонымен, Ұлы дала баласының Томирис және Тоғжан есімді қос қызы бар. Мына суретте Төрештің кенжесі Тоғжан. Қос ханшайымын Төреғали жақын арада өтетін дүбірлі тойында таныстырмақ ниетте. Stan.kz

Толығырақ

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде ауа-райының қалай құбылатынын болжады. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды. Мамандардың хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына оңтүстік-батыс шеткі антициклонының әсері тиеді. Сол себепті ел аумағында жауын-шашын болмайды. Антициклоннан кейін Азия елдерінен келген жылы ауа ағыны тарамақ. Соның әсерімен еліміздің батыс аумақтарында жексенбі күні ауа температурасы 3-6 градустан жоғары болады деп күтілуде. Ал 11 қазанда жылу республиканың шеткі шығыс аймақтарына да жетеді. Stan.kz

Толығырақ

Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Еліміздегі ең сымбатты бойдақтардың бірі Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді. Актер Айсұлу есімді сүйіктісін ұзатып алды, деп хабарлайды Stan.kz. Өзге әріптестерінен үлгі алса керек-ті, Асылхан отбасылық қуанышы жайлы жан баласына тіс жармады. Актердің туған ағасы Артур Төлепов пен жақын досы Аян Өтепберген де үнсіз қалды. Айта кетейік, ұзату тойы 8 қазанда өткен. Үлкен тойдың қашан тойланатыны белгісіз. Бұл ретте Stan.kz тілшісі Асылханның жүрегін жаулаған ару Айсұлудың ұзату тойының кадрларын назарларыңызға ұсынады.       Stan.kz

Толығырақ

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы көмек енгізіледі

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы көмек енгізіледі

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылдың қаңтарынан жаңа форматтағы атаулы көмек енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «100 нақты қадам» жоспарында және Елбасының биылғы жылғы халыққа Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2018 жылдан бастап еңбек және қамсыздандыру саласында бірқатар бағдарламалар іске асқалы отыр. Соның бірі – 2018 жылдың қаңтарынан енгізілетін жаңа форматтағы атаулы көмек. Мұндағы ең үлкен өзгеріс аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, ол  өз ішінде 3 түрлі мемлекеттік қолдауды қамтып отыр», – деді министр….

Толығырақ

Серік Ибрагимов продюсерімен жұмысты тоқтатты (видео)

Серік Ибрагимов продюсерімен жұмысты тоқтатты (видео)

Серік Ибрагимов продюсер Алтынбек Рахметовпен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Продюсер мен әншінің не себепті екі бөлек кеткені әзірге белгісіз. Серік те, Алтынбек Рахметов те аталған жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ. Серіктің жаңалықтары мұнымен бітпейді. Бұған дейін Серік Ибрагимовтің ғаламтор “құлына” айналған қыздарға ән арнағанын жазған едік. Әнші аталған әніне бейнеклип таспалап, ел назарына ұсынды. Stan.kz

Толығырақ

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сырдарияның екі бетін байланыстыратын жаңа көпірге келген Елбасы құрылысшылармен жүздесті. Онда Президент жаңа қаланың сызбалық нұсқасымен танысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін жаңа қаланың жүргізіліп жатқан құрылысының маңызына тоқталды. Сонымен қатар, бұл жерге салынатын ғимараттардың макеті арқылы жаңа қаланың болашақ келбеті көрсетілді. Аймақ басшысы қаланың бас жоспарына сәйкес, сол жағалаудың 1532 гектарын игеру көзделіп отырғанын, оның Елордаға қарап бой түзеп келе жатқанын жеткізді. Негізінен сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Атап айтқанда, тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалдық аймақ және 3 ірі парк пен бульвар…

Толығырақ

Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

Қазпошта Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатты, деп хабарлайды Қазақпарат. «Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Әлем халықтарын өз шығармашылығымен ұйыта білген Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді – түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда  инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады. Қазпошта қазақстандықтардың қысқа уақыт ішінде барынша сапалы қызметтерді пайдалануы үшін жұмыс істейді. Мен біздің Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, – деді «Қазпошта» АҚ…

Толығырақ

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заң жобасы осы айдың соңына дейін Үкімет қарауына жіберіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Оның айтуынша, құжат бөлшек және көтерме сауда кезінде препараттардың үстеме бағасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы кәсіпкерлердің өздерімен қызу талқыланды. Ведомство басшысының айтуынша, болашақта елде дәрі-дәрмек импортының азаюы күтіліп отыр. “Биыл біз 24 ұзақ мерзімді шартқа қол қойдық. Оған сәйкес, дәрі өндіретін жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін 10 жыл бойы препараттарды сол жақтан сатып аламыз. Өндірістердің жанында 3 алаң саламыз. Ал бағаны реттейтін заң жобасы қабылданса, дәрі-дәрмек импортының…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде Елбасыға әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы құрылып жатқан халықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде мәлімделді. Қазақстан Президентіне 2018 жылғы қаңтарда ашылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтың нормативтік құжаттарын дайындау жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталықты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қазіргі уақытта Шанхай қор биржасымен және Nasdaq Inc….

Толығырақ