Ерекше құбылыс: Жұбановтың «Қарлығаш» әні орындалғанда Стадион үстінде құстар қалықтап кетпей тұрды

Ерекше құбылыс: Жұбановтың «Қарлығаш» әні орындалғанда Стадион үстінде құстар қалықтап кетпей тұрды

«Туған жер» республикалық форумы аясында Орталық стадионда үлкен гала-концерт өтті. Опера әншісі Венера Алпысбаева Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін орындаған сәтте Ақтөбе аспанында ерекше құбылыс байқалды. Форумға қатысушылар ғажап көріністі ұялы телефондарына түсіріп алып жатты, деп хабарлайды Тілші. «Қарлығаш» əні екі жүз адам адамнан құралған хормен қосылып шырқалған сәтте Орталық стадионның үстін айнала құстар қалықтап жүрді. Композиция шамамен бес минутқа созылды. Ән аяқталысымен олар да концерт болып жатқан алаңнан алыстап кетті. Бұл жайтты Абай атындағы опера және балет театрының артисі Венера Алпысбаеваның өзі де байқапты. «Әдемі көрініс. Өзім де таңқалдым», — деді әнші.  …

Толығырақ

Бекболат Тiлеухан: Диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ

Бекболат Тiлеухан: Диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ

Латын қарпiнде диграфты мүлдем жоққа шығаруға мен өз басым қарсымын. Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан жалпы отырыстан кейiн берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Комиссия нақты бiр толық шешiмге келдi деп ойламаймын. Жалпы, ұсыныстар жақсарып келе жатыр. Кейiнгiсiнiң алдыңғы ұсыныстан әлдеқайда жетiлген екендiгiне дауа жоқ. Бiрақ, апострофтарды ерсiлi-қарсылы қолдана беру деген бiртүрлi көңiлге қонымсыз. Сосын, диграфты мүлдем жоққа шығаруға да мен өз басым қарсымын. Мысалы S-тың қасына H-ты қойып, Ш-ны беруге болады. Белгiлi бiр мөлшерде диграфты да, апострофты да пайдалану керек. Бастан аяқ жiңiшкелiкке апострофты пайдаланудың соңы түртiк-түртiк нәрсеге…

Толығырақ

Берік Дүйсенбинов: Латын әліпбиіне ауысуда жастардың пікірі ескерілуі керек

Берік Дүйсенбинов: Латын әліпбиіне ауысуда жастардың пікірі ескерілуі керек

Қазіргі таңда жақында Елбасыға таныстырылған латын әліпбиі қызу талқыланып жатыр. Алғашқы диграфтармен берілген әліпби нұсқасы сынға ұшыраған соң, арнайы жұмыс тобы екінші нұсқаны да таныстырған болатын. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында депутат Берік Дүйсенбинов латын әліпбиін жасауда жастардың пікірі ескерілуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Осындай маңызды құжаттың сөзден іске көшіп, нақты жобасы ұсынылып, халық тарапынан нақты пікір айтылып жатқаны қуанышты жағдай. «Көз — қорқақ, қол – батыр», «көш жүре түзеледі» дейді. Әрбір келіп жатқан ескертулерді, сындарды назарға ала отырып, осы әліпбиімізді енгізуіміз керек» —…

Толығырақ

Жастар латын қарпіне көшуді сөзсіз қолдайды – Баймаханова

Жастар латын қарпіне көшуді сөзсіз қолдайды – Баймаханова

Жастар қазақ тілін латын қарпіне көшіруді сөзсіз қолдайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ruh.kz-ке сілтеме жасап. «Тіл – ұлттың жаны ғана емес, ойлау және байланыс орнатудағы басты қаруы. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дәуірінде, IT технологиялар белсенді дамып, цифрландыру жаппай енгізіліп жатқан кезде әлем халықтарының тілдері соған қарай бейімделуде. Оған ұстамдылықпен қарау керек», — деді сөз басында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова. Спикердің айтуынша, жастар әлемді өзінің бір ізділігімен және бәсекеге қабілеттілігімен жаулап алған латын қарпіне қазақ тілін көшіруді сөзсіз қолдайды. «Біздің…

Толығырақ

Головкин WBC чемпиондары арасында көш бастады

Головкин WBC чемпиондары арасында көш бастады

WorldBoxingNews.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша чемпиондық титул иегерлерінің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бірінші орынды қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленіп отыр. «Андре Уорд кеткеннен кейін Геннадий Головкин сөзсіз бірінші орынға шықты. Ол қазір 2018 жылы «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр», — деп жазды басылым. Екінші орында америкалық боксшы, бірінші орта салмақтағы дивизионда WBC чемпионы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Үшінші орынды Теренс Кроуфордтың отандасы жеңіл салмақтағы Майки Гарсия (37-0, 30 КО) түйіндеген. World…

Толығырақ

Елбасыға арманын айтқан қызылордалық бүлдіршін Астанаға аттанды

Елбасыға арманын айтқан қызылордалық бүлдіршін Астанаға аттанды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысы сапары кезінде Арал қаласында екінші сынып оқушысы Нұрсұлтан Жақсыкелдиевке батасын берген болатын. Сонда 7 жасар бала Президентке Астанаға барғысы, ұшаққа мінгісі келетінін айтқан еді. Ал бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арманы асқақ өренді қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі. Елордаға жүргелі отырған балаға облыс әкімі сәт сапар тіледі. «Біз бүгін ерекше кездесудің куәсі болып отырмыз. Өйткені, Елбасының Сыр өңіріне сапары барысында Арал қаласындағы №260 мектепте 2-сыныпта оқитын Нұрсұлтан деген баламыз Президентке елорданы көргісі келетінін жеткізді. Бүгінде теңіздің тіршілігі қайта жанданды. Балық экспорты жолға қойылды. Халықтың…

Толығырақ

ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ

ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінің 50 орындық жатақханасында үлгілі, өнегелі, көп балалы Жаңашев, Ертуғановтар отбасы мүшелері колледж шәкіріттерімен кездесіп, «Үлкен ел, үлкен отбасы» тақырыбында ой тастау алаңын өткізді.  Шараны Жалағаш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы ашып, бүгінгі шараға аға буын отбасыларын қатыстырып, жастарға тәлім-тәрбие беру, отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, отбасы құңдылықтарын дәріптеп насихаттау екенін жеткізді. Сөз алған былтырғы жылы облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен…

Толығырақ