Сөмкесін көтере алмаған оқушы танымал болды

Сөмкесін көтере алмаған оқушы танымал болды

Желіде сөмкесін көтере алмаған оқушы туралы видео тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Инстаграмдағы instavideo_kz паблигінің парақшасында оқушының мектепке баратын кезі түсірілген видео тарады. Онда мектеп оқушысы ауыр сөмкесін көтере алмай тұрғанын айтып, мұңын шағады. «Шалбарымды көтерсем сөмкем түсіп кетеді, сөмкемді көтерсем шалбарым түсіп кетеді!», — дейді балақай.  Baq.kz

Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы

Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы

Аудандық кітапханада Елбасының «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы бойынша «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Оқырмандар конференциясының мақсаты: қазақ тілімізді латын әрпіне көшірудің халқымыздың білімі мен мәдениетіне тигізетін артықшылығын түсіндіру. Іс-шараға қатысушылар «Латын әрпіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі» атты тақырыптық кітап көрмесіне қойылған латын әрпінде жазылған құнды архив құжаттарымен танысты. Латын әрпін насихаттауға арналған оқырмандар конференциясына кент орталығындағы мектептердің мұғалімдері Салтанат Қосжанова, Лаура Кеңесова, Гүлнар Әбіласанова, Сәбира Балбырова, Күміс Қайруллаева және мектеп оқушылары қатысып, мұғалімдер қазақ тілінің латын әрпіне ауысуының маңызы туралы баяндамалар жасады.  Мұғалімдер қазақ әліпбиінің…

Толығырақ

Дархан Қыдырәлі: Қазақ елінің рухани жаңғыруы – түркі әлемінің жаңғыруы

Дархан Қыдырәлі: Қазақ елінің рухани жаңғыруы – түркі әлемінің жаңғыруы

Түркі дүниесіне ортақ бір құндылық бар, ол – көшпенділік. Түркі дүниесіне ортақ бір қазына бар, ол – латын әліпбиі. Түркі дүниесіне ортақ бір руханият бар, ол – дін. Түркі дүниесіне ортақ бір рух бар, ол – тарих. Түркі дүниесіне ортақ бір алтын дінгек бар, ол – Қазақстан. Елбасы мақаласынан кейін Қазақстанда рухани жаңғыру бағдарламасы жаппай қолға алынып, ел болып атсалысып жатырмыз. Осы орайда алыс-жақындағы көршілеріміз, қаны бір туысқан түркі тектестердің Қазақстанның жаңғыруына қандай көзқараста екенін білмекке Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қуандықұлын әңгімеге тартқан едік. Ендеше сол түркі әлемінің жаңғыруына…

Толығырақ

Қазақ әліпбиін құрастырушылар Назарбаевқа қазақстандықтардың «W» әрпіне қарсы екенін айтты

Қазақ әліпбиін құрастырушылар Назарбаевқа қазақстандықтардың «W» әрпіне қарсы екенін айтты

Жаңа латын әліпбиін құрастырушылар жаңа жобада неліктен диаграф пен «W» әрпінен бас тартқандарын түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қоғамдық пікір жайлы айтатын болсақ, пікір қалдырушылардың 85-90 пайызы және мамандардың барлығы дерлік «W» әрпіне қарсы болды. Президентпен өткен кездесуде бұл туралы айтылды. Министр де адамдардың 90 пайызының бұған қарсы болғанын айтып өтті. Мұнда қоғамдық пікірді ескердік», — деді Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында. Сондай-ақ, ол жаңа жобада қоғамның пікірі назарға алынып, диаграф жүйесінің апострофтарға ауыстырылғанын айтты. «Біз бір дыбыс — бір әріп…

Толығырақ

Қазақстандықтарға ауыр магнитті дауыл болатыны ескертілді

Қазақстандықтарға ауыр магнитті дауыл болатыны ескертілді

Бұл туралы “Фобос” ауа-райы орталығының сайты мәлімдеді. Бұл күні жұмыстағы электронды құрылғылар істен шығып, техникалық апат көп болуы мүмкін. Магнитті дауыл адам денсаулығына да әсер етуі мүмкін. Адамның басы ауырып, жүрек қағысы жиілеп, ұйқысыздық пайда болып, қысым төмендеуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, дауыл 4 балдан 10 балға дейін болмақ. «Адамдар барлық уақытта осы дауылмен өмір сүріп келеді. Олар мұндай құбылыстың болып жатқанын да білген жоқ», – деп сабырға шақырды астроном Сергей Попов. Магнитті дауыл – бұл жер шарының күнге әсер ететін белсенділігі. Оның салдарынан жер толқынысы болып, осыдан соң Күннен бірнеше …

Толығырақ

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті жастар! Бүгін сағат 15.00-де Жалағаш аудандық Жастар Ресурстық Орталығыжәне «Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садык Алиев ағамызбен «Тұлғатану» жобасы аясында кездесу өткізіледі. Барлық жастарды белсене қатысуға шақырамыз! Өткізілетін орны: Мәдениет және өнерді дамыту орталығы

Толығырақ

Ауа рауы: Кей өңірлерде тұман болып, жел күшейеді

Ауа рауы: Кей өңірлерде тұман болып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде тұман болып, жел күшейеді Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыста түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 20-25м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі

Толығырақ

Назарбаев ТМД елдерінің еркін сауда аймағы бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

Назарбаев ТМД елдерінің еркін сауда аймағы бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде ТМД мемлекет басшыларының отырысы барысында нақты тапсырмалар мен қорытындылар енгізу, сондай-ақ заман талаптарына бейімделген достастықтың жаңа жоспарын әзірлеу арқылы қызмет көрсетудің еркін саудасына қатысты жұмысты жандандыруды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Өткен жылы ТМД-ның 25 жылдығын атап өттік, ол достастық жұмысының қорытындысына талдау жасау жайлы ойлануға себеп болды. ТМД-ның арқасында біздің сауда-экономикалық қарым-қатынасымыз біртіндеп ілгері жылжып келеді, бұл ретте еркін сауда аймағы туралы келісімшарт басты элемент саналады. Мен мұнымен келісемін. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, біздің ұйымды жетілдіруді жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, оның бүгінгі күннің…

Толығырақ