Латын әрпіне көшу – қазақ тілінің жаңа тынысы

Латын әрпіне көшу – қазақ тілінің жаңа тынысы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, Оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен   «Латын әрпіне көшу – қазақ тілінің жаңа тынысы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шарада Оқушылар Үйінің директоры Г.Басанова  «Латын əліпбиіне көшу қазақстандықтар үшін  жақсы бастама», — екенін айтып өтті. Осы орайда шараға қатысқан мұғалімдер, оқушылар мен үйірме жетекшілері арасында  сауалнама таратылып, қатысушылар латын əліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдіріп сауалнама толтырып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелді «Бейнелеу өнер» үйірмесінің жетекшісі Ж.Бекмолдаев жүргізіп, латын əліпбиінің тарихына жалпы шолу жасады. Шара кең көлемде өтті.  

Толығырақ

«KazSat-2» ғарыш аппаратын пайдалану арқылы 29 млрд теңге үнемдеп отырмыз — Бауыржан Құдабаев

«KazSat-2» ғарыш аппаратын пайдалану арқылы 29 млрд теңге үнемдеп отырмыз — Бауыржан Құдабаев

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ БАҚ өкілдерінің қатысуымен ғарыштық дәуірдің басталуының 60 жылдығына арналған баспасөз-турын өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Баспасөз-туры аясында журналистер Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан KazSat байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқару жерүсті кешенінде (ЖБК) болды. Сапардың басты мақсаты «Ақкөл» ЖБК жұмысымен, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларымен (Ақкөлдегі РҒБО тұрғын үйінде болу) танысу, РҒБО ұжымы құрған Қазақстандағы бірінші радиомұражаймен танысу. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына «РҒБО» АҚ президенті Виктор Лефтер, компанияның вице-президенті Бауыржан Құдабаев, ЖБК орталықтарының басшылары, Байқоңыр ғарыш айлағында қызмет еткен және жұмыс істеген кәсіпорынның мамандары, РҒБО…

Толығырақ

ЕЛБАСЫ ТМД МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЖЕЭК ЖИЫНДАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ЕЛБАСЫ ТМД МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЖЕЭК ЖИЫНДАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жиындары табысты өткенін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Ресей Президентінің шақыруымен Сочиге келіп, екі күннің ішінде көп жиындарға қатынастық. ТМД мемлекеттерінің жиналысы болды. Оған қоса Еуразиялық экономикалық одақтың жиналысында көптеген мәселелерді шештік. Әсіресе, цифровизацияға қатысты бірқатар сұрақтар талқыланды. Болашақта Қазақстан, Ресей, Беларусь бірігіп, осы бағытта бірге жұмыс істейтін болдық. Келесі жылдың бірінші тоқсанында біздің ортақ бағдарламамызды әзірлеу үшін үлкен форум өткіземіз. Ол өте дұрыс», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Ел Президенті өз сөзінде жақында «Цифрлы Қазақстан»…

Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНДІҢ БЕ, МІНСІЗДІГІН КӨРДІҢ БЕ?

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНДІҢ БЕ, МІНСІЗДІГІН КӨРДІҢ БЕ?

Халықты лық тиеген автобус қала орталығымен жүйткіп барады. Бұл жай автобус емес, қоғамдық көлік, қала ішінде жолаушы тасымалдауға бағытталған көлік. Меншік иесі: «Қызылорда автобус паркі» емес. Бірақ, сол мекемеге қарайтын, сол ұжымның ережесіне бағынуы тиіс көлік. Алайда ережеге пысқырып та қарамайды. Көлік іші толы шаң, оған шопыр шеккен шылымның түтінін қосыңыз. Шулаған халықты тыңдайтын шопыр жоқ. Жүйткіп келеді. Бір-біріне иық тірескен халықтың құлап жатқанына қарап жатқан ол жоқ. Өйткені оның ойы 90 теңгені күндегіден артық алу керек. Бұл халық көріп жүрген шындық. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз… Қалалық жолаушылар тасымалдау көлігінің…

Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӨМІРЗАҚ БОЛСАМБЕКОВ ҚЫЗЫЛОРДАДА

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӨМІРЗАҚ БОЛСАМБЕКОВ ҚЫЗЫЛОРДАДА

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы Қызылордаға іс сапармен келді. 1958 жылы КСРО ІІМ-нің Омбы арнайы орта мектебін бітірген соң алғашқы жұмысын милиция бөлімшесінде тергеуші қызметінен бастап ҚР ІІМ-нің штаб бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кейіннен Ақмола облысы атқару комитеті Ішкі істер Басқармасының бастығы қызметіне дейін көтеріледі. Бар өмірін қоғам тыныштығын сақтауға арнаған Өмірзақ Қоспанұлы сапар барысында Ішкі істер саласының ардагерлерімен кездесіп, ішкі істер саласының бірқатар ардагерлерін Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен, арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап сый-сияпат көрсетті. Үлкенге…

Толығырақ

Қазақстандағы бензин дағдарысы қашанға дейін жалғасады?

Қазақстандағы бензин дағдарысы қашанға дейін жалғасады?

Қазақстандық депутаттар жанармай тапшылығының орын алуына ешқандай салмақты себеп жоқ деп санайды. Бекеттерде неге жанармай жоқтығын тексерген монополияға қарсы органдар мәселенің ақ-қарасын ашып көрмек. Бұл туралы КТК хабарлайды. Қазір Алматы қаласында АИ-92 бензинін табудың өзі мұңға айналған. Тапқан күнде де кей жерлерде 162 теңгеден сатылып жатыр. “Басқа жерде жоқ. Көпшілігі “Қазмұнайгазда да” жоқ деп айтып жатыр. “Гелиоста да” солай. Қай жерден тоқтап құйып аларымызды білмейміз”, – дейді жүргізушілер. Жағдай Астанада да оңбай тұр. Мұнда да ұзын-сонар кезек. Тек талонмен ғана сатып алуға болады. Жанармай жетіспеушілігі еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады. Бірақ, мұның…

Толығырақ

Мұхамедиұлы: Елбасы латын әліпбиінің жаңа жобасы ыңғайлы екенін айтты

Мұхамедиұлы: Елбасы латын әліпбиінің жаңа жобасы ыңғайлы екенін айтты

Латын әліпбиін енгізу және пайдалану бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Қазақ әліпбиінің жаңа жобасын елбасы да, ғалымдар да ыңғайлы деп отыр. Дегенмен, халықтың ұсыныстары әлі де қабылданып, өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. “Кеше ғалымдар сөйледі. Бұл соңғы нұсқа емес. Ыңғайсыз дүниелер болса, оның бәрі ескерілді. Мысалы, осыған дейінгі жобадағы w әрпі бойынша көп ұсыныстар болған еді, ол түзетілді. Енді тағы да жобалар, ұсыныстар болса, барлығы талқыланады”, — деді Мұхамедиұлы журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Министр латын әліпбиінің жаңа жобасын көпшілік ыңғайлы деп отырғанын айтты. “Елбасыға да, ғалымдарға…

Толығырақ

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетпек

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетпек

Қазақстан үкіметі 2017 жылдың 9 қазанында “Қырғыз Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы” қаулы қабылдады. Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жасалып отыр. Бұл үшін үкімет мемлекеттік материалдық қордан материалдық заттарды алдын ала реттеп қоюды тапсырды. Гуманитарлық көмек тізіміне кесілген тақтайлар, металпрокат және ағаш бағаналар кіріп отыр. Stan.kz

Толығырақ

Жалағашқа алғаш рет Есен аға келеді

Жалағашқа алғаш рет Есен аға келеді

Құрметті жас достар! Барлығы да жастар үшін, олардың шығармашылығын дамыту, қолдау үшін! «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен Елеукен ағамыз Жалағаштық жайдарманшы жастармен кездесіп, семинар өткізеді. Сондай-ақ, Жайдарман ойынының аудандық мектеп лигасының финалдық сайысына қонақ ретінде қатысады деп күтілуде. Баршаңызды қызықты кештің куәсі болуға шақырамыз! Өткізілетін орны: Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйі Өткізілетін уақыты: 13 қазан 2017 жыл, сағат 17.00 Билет бағасы: 300 теңге.

Толығырақ

Нығматулин Мемлекеттік Думаның төрағасымен кездесті

Нығматулин Мемлекеттік Думаның төрағасымен кездесті

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына қатысу аясында Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті. Сонымен қоса Н.Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия…

Толығырақ