Қазақстандық арпа алғаш рет Ұлыбританияға экспортталды

Қазақстандық арпа алғаш рет Ұлыбританияға экспортталды

Қазақстандық арпа алғаш рет Ұлыбритания мемлекетiне экспортталды. Бұл туралы Үкiмет отырысында ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «2017 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен қайта өңделген өнiмдер экспорты 1,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 13 пайызға көп. Сондай-ақ, қайта өңделген өнiмдер деңгейi 10 пайызға артық. Агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнiң негiзгi түрлерi экспортының артқанын атап өткен жөн. Мәселен, мұздатылған сиыр етiнiң экспорты екi есеге көбейген. Бұл сиыр етiнiң Ресейге жеткiзу көлемiнiң 83 пайызға артуы мен еттiң Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне алғаш рет экспортталуымен байланысты. Қой…

Толығырақ

Қытай халқының саны 1 миллиард 399 миллионға жетті

Қытай халқының саны 1 миллиард 399 миллионға жетті

Қытай елінде 60 жастан асқан 230 млн адам бар, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ресей Жаңалықтары басылымына сілтеме жасап. ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы елде 1 млрд 382 млн 271 мың адам болған. Аталған көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 8 млн адамға көп. Мамандар 2020 жылы халық саны 1 млрд 420 миллионға жетеді деп болжады. Яғни небәрі екі жыл ішінде адам саны 21 миллионға дейін өсуі мүмкін. Статистикалық мәліметтер түзу барысында елде 60 жастан асқан адамдар санының көп екені анықталған. Олар халық санының 16,7%-ын құрап отыр.

Толығырақ

ӘРУАҚТЫ ҚАЛАЙ ҚҰРМЕТТЕП ЖҮРМІЗ?

ӘРУАҚТЫ ҚАЛАЙ ҚҰРМЕТТЕП ЖҮРМІЗ?

«Қазақ бауырлар тірісінде тұратын үйлерінен, өлген соң жататын жайларын сәндеп салады», — деген әзілді өзбек халқы жиі айтады екен. Әзіл болса да, астарында шындық шырқырап жатыр. Осы жаздың ортасында Алматыға жол түсті. Жеке жұмыстарымды бірыңғайлаған соң, досым екеуміз «Кеңсай» зиратында жатқан қазақтың аяулы азаматтарының басына арнайы барып, дұға қылдық. Сонда байқағаным, Алаштың арыстарын құшағына алып қалғып жатқан «Кеңсай» қазірде үлкен «қалаға» айналыпты. Мүлгіген тыныштықтағы «өлілер қаласы». Бірақ, әлгі ала тақиялы өз ағамдар айтқандай, тірілер тұратын зәулім үйлердің өзі ол жердегі кейбір зираттардың тасасында қалатын сияқты. Тіпті, сонау қыр басындағы күмбезіндегі…

Толығырақ

МӘДЕНИЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ЖЫРАУДЫҢ АТЫ БЕРІЛСЕ…

МӘДЕНИЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ  ЖЫРАУДЫҢ АТЫ БЕРІЛСЕ…

Өзі ауылда қалса да, атағы алты алашты аралап кеткен ақын—жырау Әбділда Жүргенбаевтың Сыр бойында ғана емес, қазақ өнерінің аспанында­ да өз замандас­тарынан шоқтығы биік тұр. Әбділда Жүргенбаев 1914 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, бұрынғы Қазақстанның ХХ жылдығы атындағы колхозда (қазіргі Мырзабай ахун ауылы) дүние есігін ашқан. Әкесі Жүргенбай шаруа кісі болыпты. Жасынан ауыл арасындағы жиын-тойларда қолына домбырасын алып, ән-жыр айтып, ел көңілін сергітіп жүрген Әбділданың ойын-сауықтарда өзі құралпы қыз-жігіттерге жанынан суырып салып айтқан қағытпа қалжың өлеңдері жұрт жадында жатталып қалып, ел арасына тез тарап кетіп отырған. Сырдың бойы жыраулардан кенде…

Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ МОНША ҚАЖЕТ-АҚ…

ҚОҒАМДЫҚ МОНША ҚАЖЕТ-АҚ…

Бүгінде аудан экономикасы біршама алға ілгеріледі. Жыл са­йын жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Бір әттеген-айы, жергілікті халық қоғамдық моншаның тапшылығын сезініп отыр. Яғни, өңірде бірде-бір қоғамдық монша жұмыс жасамайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын кентте «Ақселеу» қоғамдық моншасы бой көтеріп, елді бір қуантқан еді. Өкініштісі, көп­тің сұ­ранысынан туындаған қо­ғамдық орын бүгінде өз жұмысын тоқ­татқан. Содан бері халық жеке, қызмет көрсету аясы шектеулі моншаларға барады. Ондай моншалардың қатары көп болғанымен, талапқа сай болмай тұр. Ешқандай тек­серістен өтпейтін, тиісті орын­дардың бақылауынан тыс қыз­мет жасап отырған мұндай моншалардың  бағасы да…

Толығырақ

ДАУ МҰРАТЫ – БІТУ

ДАУ МҰРАТЫ – БІТУ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 жылдың 8 қазанында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Медиация – өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды реттеу тәртібі. Яғни, дау-шарды сотқа дейін жеткізбей ортақ шешімін табуға көмектесу, бітімгершілік айту болып табылады. Жалпы, аудан тұрғындары медиаторлардың қызметімен қаншалықты таныс? Осы…

Толығырақ

ШАЙЫРДЫҢ ЖЫРЫН ЖАТТАҒАН

ШАЙЫРДЫҢ ЖЫРЫН ЖАТТАҒАН

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш ау­дандық филиалы және «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының аудандық бө­лімшесінің ұйымдастыруымен «Тау тұлға Тұрмағамбет жыры – мәңгілік елдің төрінде!» тақырыбында аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Онда Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері және аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары Сыр сүлейі, шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан бақ сынады. Жарысқа Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Т.Мәдиев, Халықаралық «Қазақ ті­лі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, Қазақстан Республикасының Мәдениет қай­раткері, белгілі жырау Б.Саймағанбетов, Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Бекмолдаева, «Жалағаш жаршысы» газетінің…

Толығырақ

ТӘТТІ ӨНІМДЕР ӨТІМДІ

ТӘТТІ ӨНІМДЕР ӨТІМДІ

Елбасының «100 нақты қадам: Ұлт жоспарының» 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда өткен жылдан бастап «Өрлеу» жобасы енгізілген болатын. Айта кетуіміз керек, респуликалық «Өрлеу» жобасы шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Шартты әлеуметтік көмек алу үшін алдымен жұмыссыздық бойынша тіркеліп, 6 ай қоғамдық негізде жұмыс жасауы тиіс. Сонан соң біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарына жіберіліп және шағын несие беріледі. Ал, шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндігі шектеулі адамдар егде жастағы зейнеткерлер, еңбекке қабілетті мүшелері белгілі себептерге байланыс­ты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасылар, мектепке дейінгі балалары бар жалғызбасты…

Толығырақ

Сапарбек Тұяқбаев ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сапарбек Тұяқбаев ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен. 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеген, инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен. 2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі…

Толығырақ

Мың ауруға шипа: бөдене жұмыртқасының пайдасы

Мың ауруға шипа: бөдене жұмыртқасының пайдасы

Сіз білесіз бе? Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді. Ресей президенті Владимир Путин де оны күн сайын шикілей ішетін көрінеді. Ал, тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған екен. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты…

Толығырақ