Бауыржан Момышұлы: «ҰЛЫМА АЙТАРЫМ»

Бауыржан Момышұлы: «ҰЛЫМА АЙТАРЫМ»

Жігіттің екі сөйлегені — өлгені. Уəде бермеуге тырыс. Əйтпесе, сөзіңде тұр. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс. Таспен атқанды аспен ат — жеңісің. Содан кейін алшақ жүр. Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын. Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын. Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тəрбиелей бер. Құмар ойын — əлсіздің əлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр. Үйретері мол мықтылардан ұзтаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа! Сыйлағанның құлы бол….

Толығырақ

Жалағаштан жаңалық!

Жалағаштан жаңалық!

«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай, мектеп оқушылары арасында өткізілген жыр мүшәйрасында жүлделі I орын алып, ауданымыздың атын асқақтатқан Есқара Бағланды ата-анасы, құрбы-құрдастары марапат-қошеметімен күтіп алды. Ата-аналары ақ лебіздерін білдіріп, қолдау көрсеткен барлық адамдарға өз ризашылықтарын жеткізді.

Толығырақ

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жуырда аудандық аналар кеңесі құрылған болатын. Кеңеске Роза Көшекбайқызы төрайым болып бекітілді. Ерәлі Роза Көшекбайқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет аулында 1954 жылы 24 маусымда мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1973 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педучилищені, 1979 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы пединститутты бітірген. Қырық жылға жуық Жалағаш аудандағы Әуез мектебінде оқытушы болып қызмет етті. Қазіргі уақытта құрметті зейнет демалысында. 2000 жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Жалағаш жаршысы-80жыл» мерекелік медалінің иегері, « Нұржан Ишан Ата» атындағы қоғамдық қорының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» атты жыр кітабы, «Перзент…

Толығырақ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жалағаш ауданында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур өткізілді. Оған облыстық телеарналар мен басылым журналистері қатысып, ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Олар бірінші болып аудан орталығындағы «Өркен Әлем» ЖШС «Арнайы киім тігу шеберханасына» барып, шеберхана жұмысымен танысты. Шеберханада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша тігінші мамандығын оқыған 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда аталмыш шеберханада тігінші болып қызмет атқарады. Одан соң Жаңаталап ауылдық округіндегі ЖК «Айзере» жүн түтетін цехын аралады. Мәдениет ауылдық округіндегі «Жанайым» балабақшасын, Бұқарбай батыр…

Толығырақ

Кезекті жәрмеңке өтеді

Кезекті жәрмеңке өтеді

25 қарашада Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Басталуы — сағат 09.00. Өткізілетін орындар: Қызылорда қаласы – З. Шүкіров көшесі (Абай даңғылы мен А. Иманов көшесінің аралығы), Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев көшесінің бойы (Жетікөл көшесімен қиылысы).

Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Кешеден бастап Қызылорда облысының 18-29 жас аралығындағы жастарына арналған «Baikonur Start-up» бизнес идеялар байқауына құжаттар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді. «Baikonur Start-up» бизнес-идеялар байқауы облыс жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында өткізіледі. Мақсаты — талантты, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау, қызықты идеяларды айқындау, сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқау әрбір жастың идеяларын бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді. Байқауға облыстың барлық өңірлерінің жастары қатыса алады. Конкурсқа алкоголь және темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесіндегі, сондай-ақ нәпсіқұмарлық және…

Толығырақ

Қызылорда облысында озат еңбеккерлер автокөлікке ие болды

Қызылорда облысында озат еңбеккерлер автокөлікке ие болды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жыл қорытындысында озат еңбеккерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады. Ақ күріштен тау тұрғызған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1163 гектар жерге сыр маржанын егіп, әр гектардан 67 центнерден астық жинап, жылды зор табыспен аяқтады. Жер ананың жомарттығының арқасында жаздайғы маңдай тердің берекелі биігіне шыққан «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің озат еңбеккерлерін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов марапаттап, автокөлік кілтін табыстады. Озат еңбеккерлер қатарында «Таң ЛТД» ЖШС-нің агрономы Е.Ақбергенов, өзіне…

Толығырақ

«ТАҢ БӨБЕГІ» БАЛАБАҚШАСЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

«ТАҢ БӨБЕГІ» БАЛАБАҚШАСЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, «Туған жер» бағдарламасы аясында бүгін Таң ауылдық округінде 90 орындық «Таң бөбегі» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, ардагерлер, жастар, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, заман талабына сай қайта жөндеуден өткізілген балабақша нысанының ашылуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев те жаңадан бой көтерген балабақша…

Толығырақ