Түрікменстан президенті жарыс көлігімен дрифт көрсетті

Түрікменстан президенті жарыс көлігімен дрифт көрсетті

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов автомобильдер орталығына барып, жарыс машинасын қалай дұрыс айдау керектігін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Түрікменстан ғұмырнамасы» басылымына сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, Түрікменстан Ішкі істер министрлігі жаңа жарыс машиналарын сатып алған. Президент Гурбангулы Бердімұхамедов бұл көліктердің сапасын өзі тексеріп көрмек болған екен. Қолына жасыл қолғап киген елбасы рөлге отырып, жарыс көліктерін айдаудан мастер-класс көрсетті. Түрікменстан президенті осы уақытқа дейін түрлі автокөлік жарысына қатысып, жүлделі орындар алған. Мұнымен қатар, аталған елдің басылымдары Гурбангулы Бердімұхамедовтың велосипед айдап, баскетбол ойнап және атпен шапқан сәттері таспаланған видеоларын жиі бөлісіп отырады.

Толығырақ

Назарбаев Қазақстан халқының өмір ұзақтығын орташа 80 жасқа жеткізу туралы айтты

Назарбаев Қазақстан халқының өмір ұзақтығын орташа 80 жасқа жеткізу туралы айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іскеру асырудың аралық есебін берді және министрлік алдына қойылған міндеттердің қалай орындалып жатқанын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев аурулардың алдын алу маңызды екенін және ұлттың дені сау болуы үшін азаматтардың маңызды рөл атқаратынын айтты. «Денсаулықты жақсартуға адамдардың өзін тарту қажет. Адамның денсаулығы тек 10-15% медицинаға тәуелді. Одан басқасы түгелдей адамның өзіне байланысты» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы тұрғындар арасында саламатты өмір сүру салтын насихаттау мәселесіне…

Толығырақ

Исламда түс көру жайында не айтылған?

Исламда түс көру жайында не айтылған?

Ардақты Алла елшісі (с.а.у.): «Түс көру – пайғамбарлық бөліктерінің бір бөлігі» деген. Түстер ақиқаттың жаршысы ретінде кейде болатын жәйттардан хабардар етуі мүмкін. Олар – кей кезде анық, кей кезде астарлы болып келеді. Астарлы түстерді түсіну үшін түс жорушылардың көмегіне жүгіну керек. Мысалы, Юсуф пайғамбардың (ғайлейһиссәләм) бойында түсті тура жорып, астарын анық ашып берер Құдай берген қасиет болған, деп жазады islam.kz. Дегенмен, түстің бәрі ақиқат емес. Осы жөнінен алғанда Пайғамбарымыз (с.а.у) үш түрлі түстің болатындығын айтқан: 1. Салиқалы түс. Хадисте «ру’я салиха» деп келеді. Мәнді, мағыналы түс. Басқаша айтқанда: «Рахмани түс». Мұны…

Толығырақ

“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

“Шаншар” театрының белді мүшесі, танымал актер Жүсіп Ақшора қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады. Отбасылық қуанышымен желіде актердің өзі бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz. Жүсіп Ақшора қызы Айжанды Ерлан есімді азаматқа ұзатқан. Ол инста-парақшасына ұзату тойының суреттерін жариялап, қызына деген ақ тілегін өлеңмен өрнектеді. “Болған едім сырласың да, ақылшың, Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың. Балдәуренің бойжетті де бір күнде, Туған үйден ұзап бара жатырсың. …Тілегі осы саған айтар Әкенің, Бойға жима жат қылықтың бөтенін. Ұғына біл мына өмірде алдымен, Жар болудың биік ұғым екенін. Қызға міндет өмір осы жүктеген, Сені алдан…

Толығырақ

Қазақстандықтар бұдан былай ғаламторда анонимді түрде пікір қалдыра алмайды

Қазақстандықтар бұдан былай ғаламторда анонимді түрде пікір қалдыра алмайды

Ғаламторда пікір қалдыру үшін өзіңіз жайлы мәлімет жазуыңыз керек болады. Бұдан былай қазақстандықтар жұмбақ кейіпте пікір жаза алмайды, деп хабарлайды КТК. БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерісті мәжілісте мақұлдап та қойды. Егер сенаттағылар келіссе, бұдан былай қазақстандықтар тек өзін таныстыра отырып пікір жазатын болады. Пікір жазу үшін электронды сандық қол қою үлгісін алу немесе бірыңғай пароль алу үшін смс-хабарлама жіберу керек. Пікір жазғанда өз атыңызды не ойдан құраған есімді жаза аласыз. Бірақ қандай жағдай болмасын телефон нөмірі арқылы сіз жайлы ақпарат белгілі болады. Министрліктегілер аноним түрде жазудың қауіпсіздік әрі елдегі тәртіп үшін…

Толығырақ

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Тыңдарманын сағындырған әнші аймақ-аймақты аралап жиі концерт беріп жүргенін, алайда отандық шоу-бағдарламаларға қызықпайтынын айтты. Нұрлан Өнербаев Zhuldyz.tv арнасының журналисі Марал Сатқанғалиеваның авторлық бағдарламасында шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz. “Өнерде жүрген 40 жылдың ішінде қалыптасқан көзқарасым бар. Сол концерттегі әншілер, өнерпаздар сол кешке сай ма, сай емес пе? Менімен бірге сахнаға кімдер шығады? Олар кім, өнерде қандай орны бар? Осы сұрақтар менің алдымда кесе-көлденең тұра қалады. Көңіліме қонбай жатса, қатыса алмайтынымды айтамын. Ал негізінде менің жеке концерттерім…

Толығырақ

Назарбаев: адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Назарбаев: адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөнінде аралық есеп беріліп, министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ақпарат ұсынылды. Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалыптастыру ісінде халықтың ерекше рөл атқаратынын айтты. – Азаматтарымызды өздерінің денсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет, деп хабарлайды Хабар арнасы. “Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғанының бәрі тек өзіне байланысты болады”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президенті халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүруінің орташа ұзақтығын 80 жасқа дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды….

Толығырақ

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: ҚЫЗЫЛОРДАДА КИНО ТҮСІРГІМ КЕЛЕДІ

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: ҚЫЗЫЛОРДАДА КИНО ТҮСІРГІМ КЕЛЕДІ

Облыстық жастар орталығы  Сыр елінен түлеп ұшқан майталмандарды өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Орталық студия» жобасын қолға алды. Форум аясында аталмыш бағдарламада «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бас продюсері, танымал­ теле­жүргізуші Нұрлан Қоянбаев қонақта болды. Студия қо­нағына  жастар түрлі са­уал жолдап, қызықты жа­уап ала білді.  Кеш барысында біз де қалыс қалмай, танымал тележүргізушімен аз-кем тілдесіп қалдық.  Ендеше қысқа да нұсқа, қызығы мен шыжығына толы әңгімемізді назар­ларыңызға ұсынамыз. – Қазір жер-жерде «Туған жерге тағзым» деген акциялар жүріп жатыр. Өзіңіз өскен Шиелі өңіріне қандай шарапатыңызды тигіздіңіз? – Туған жер – әркімнің кіндік қаны тамған…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 5 ШОРТ-ТРЕКШІ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 5 ШОРТ-ТРЕКШІ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілеріміздің есімдері белгілі болды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 23 қараша күні Әлем кубогының сериясынан кейін, Халықаралық конькимен сырғанау одағы 2018 жылы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларды атаған. Шорт-трекшілерге олимпиадалық жолдама 19 қараша мен 28 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия),  Дордрехт (Нидерланды), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында өткен әлем кубогындағы нәтижелерге қарай берілген. Осы кезеңдердің нәтижесінің қорытындысына сәйкес бес қазақстандық спортшы Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Олар — ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев,…

Толығырақ

АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНІҢ АУА РАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНІҢ АУА РАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне яғни, 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті. Қазгидрометтің хабарлауынша, циклон және оған байланысты атмосфералық ағындар оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде осы өңірде жауын-шашын жауады, яғни жаңбырдың соңы қарға ауысады, тұман түсіп және көктайғақ күтіледі. Республиканың қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауаның температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3…6 градусқа жоғары болады.

Толығырақ