Бес облыстың денсаулық сақтау басқармасындағы басшылары ұсталды — Назарбаев

Бес облыстың денсаулық сақтау басқармасындағы басшылары ұсталды — Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды. «Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, «СК-Фармация» компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады», — деді Елбасы. Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып…

Толығырақ

Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді (видео)

Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді (видео)

Тойдағы көпшіліктің әрекеті желіде жиі  тарап жатады. Желіде таралған ата мен әженің биі түсірілген видеожазба жұртты күлдірді, – деп хабарлайды Stan.kz. Видеожазба Instagram желісіндегі kazjkz парақшасында жарияланды. Аталған тойдың қай жерде өткені белгісіз. Десе де видеожазбада тойларда өткізіліп жататын түрлі қызықты ойындардың бірі түсірілген сияқты.   Асабаның «тауық биін» билеуге берген тапсырмасын тойдағы ата мен әже жоғары дәрежеде орындап шықты. Жұртшылықты қыран-топан күлкіге батырған қариялардың, жасына қарамастан, қимылы ширақ, биі де ырғақты болды. Өз кезегінде желі қолданушылары ата мен әженің биіне оң бағасын беріп жатты. Stan.kz

Толығырақ

Қыдырәлі Болманов Қазақстанда өнері үшін бірде-бір атақ алмағанын айтты

Қыдырәлі Болманов Қазақстанда өнері үшін бірде-бір атақ алмағанын айтты

Белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановта атақ жоқ емес, бар. Бірақ бәрі шетелден алынған екен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың 2005 жылдан Шешенстан мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағы бар екен. Онысын бірі білсе, бірі білмейді. Ал, 2012 жылы Ұлыбритания елінен «Виктория патшайым» сыйлығына ие болған. Алайда, елімізде оның әншілік өнерін бағалап берген бірде-бір атағы жоқ. «Алып бара жатқан атақ бізде де жоқ. Менің атағымның бәрі шетелден. Королева Англиясының орденін алғанмын. Атақты халық береді. Өзінің сүйіспеншілігімен береді. Халық мойындаған немесе мойындамаған атақтылар да көп. Халық…

Толығырақ

М.ШӘМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

М.ШӘМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Жалағаш ауданында ауылшаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменов атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, туған жердің көркеюіне, ауылшаруашылығының өркендеуіне саналы ғұмырын сарп еткен, болмысы ерен тұлға туралы айта келе, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегін айтулы тұлға, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің баласы А.Шәменов, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Дзюдо күресінен мемлекеттік дәрежедегі жаттықтырушы Ж.Қоныспаев сөз алып, турнирге өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт…

Толығырақ

Жаңа дизайндағы 500 теңгені шығарудың не себепті қажет болғаны айтылды

Жаңа дизайндағы 500 теңгені шығарудың не себепті қажет болғаны айтылды

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері жаңа шыққан 500 теңгелік купюралардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш купюраны дайындаумен Ұлттық банктің дизайнерлер тобы айналысқан. Ұлттық валютаның банкноттарын жасау техникалық жағынан алғанда күрделі процес. Оны жасауға қолданылатын технологиялар мен баспа тәсілдері және қорғаныс элементтеріне байланысты 1-ден 3 жылға дейінгі арылықта уақыт кетеді. Жаңа шыққан купюра айналымға 22 қарашада енгізілді. Ақшаның дизайнына қатысты кейбір азаматтарымыздан түрлі сауалдар да туындады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде банкноттың сыртындағы шағаланың суреті «Википедия» электронды энциклопедиясындағы құсқа ұқсайтынын айтты. «Жаңа банкноттағы шағаланың суреті аталмыш құстың танымалдығымен байланысты пайдаланылды. Шағаланың жаңа…

Толығырақ

Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшы Элизабета Тұрсынбаева Шанхайда өткен мәнерлеп сырғанау бойынша Shanghai Trophy турнирінде күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Stan.kz. Шанхайда өткен турнирде ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова бас жүлдені иеленді. Турнир жеңімпазы еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталды. Радионова еркін бағдарламада 131, 06 ұпай жинады. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабета Тұрсынбаева 128, 45 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал ресейлік спортшы Мария Сотскова 128, 18 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Stan.kz

Толығырақ

Былғары күртені қалай тазалаймыз?

Былғары күртені қалай тазалаймыз?

Күн салқындап келе жатырғандықтан, былғары күртені тазалап, жинап тастайтын уақыт та келді. Былғары күрте адамдардың көпшілігінде бар. Мұндай күртеге қалай күтім жасау керектігін және оны тазалау жолын ұсынамыз. Күнделікті күтім Күнделікті күтімді сабынды суға аздап мүсәтір спирті қосылған ерітінді қамтамасыз етеді. Егер былғары күртеңіздің ластанғанын байқасаңыз, осы ерітіндіге суланған шүберекпен тазартасыз. Бұл күртеңізде дақ болмаған жағдайда жақсы көмектесетін тиімді әдіс. Оны тазартып болған соң, күртеге майсана майын немесе арнайы крем жағып шығыңыз. Былғары күртені жиі тазартудың қажеті жоқ. Себебі оның беткі қабатын кетіріп және түсін өзгертіп алуыңыз мүмкін. Шаң-тозаңнан басқа…

Толығырақ

Баобаб — әлемдегі ең жуан ағаш

Баобаб — әлемдегі ең жуан ағаш

Дүниежүзіндегі ең үлкен ағаштардың бірі болып саналатын Баобаб туралы естулеріңіз бар ма? Әлбетте, бұл ағашты білмейтін жан жоқ шығар… Баобаб (латынша Adansonia digitata) — африкалық саванналарда өсетін ағаштың бір түрі. Әлемдегі ең жуан ағаш деген атаққа ие болатын өсімдіктің ұзындығы 18-25 метр болса, жуандығы орта есеппен 10 метрді құрайды. Осы өсімдіктің кейбір түрлерінің жуандығы 40-50 метр шамасында болуы мүмкін. Ғаламторда жарияланған мағлұматтарға сенетін болсақ, Баобабтың өмір сүру уақыты шамамен 1000-5500 жыл шамасында. Сандардағы үлкен айырмашылықты баобабтағы жылдық шығыршықтардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Баобаб ағашының адамға тигізетін пайдасы жайлы сөз қозғасақ. Баобаб жемісінің…

Толығырақ

Ерлердің 48%-ы бір көргеннен ғашық болады

Ерлердің 48%-ы бір көргеннен ғашық болады

Ер адамдар жылдар бойы гүл сыйламауы мүмкін, туған күнде құттықтауды ұмытып кетуі мүмкін. Бірақ олар бәрібір әйел адамдарға қарағанда романтизмге жақын. Социологтар әлем бойынша 10 мыңнан аса адамға зерттеу жүргізіп, ерлер 48 пайызы, әйелдер небары 28 пайызы бір көргеннен ғашық болатынын дәлелдеді. Америкалық социологтар жасаған зерттеу жұмысының нәтиежсі Normal Bar кітабында жарияланды. Бұл кітаптың мақсаты қарым қатынастағы аңыз болған сөздерді жоққа шығарып, жұптың бақытқа бірге жетуіне көмектесу. Бір аңыз өтірік екені дәлелденіп те үлгерді. Ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек романтикаға жақын болады деген тұжырым жасады. Жігіттер тез ғашық болады, ал…

Толығырақ

Әлемнің сегізінші кереметі

Әлемнің сегізінші кереметі

Менің бала қиялымдағы орындалмаған армандарымның бірі әлемнің жеті кереметін көру болатын. Өсе келе әлемнің сегізінші кереметі деген атауға лайық, керемет табиғатымен, миллиондаған алуан түрлі жануарларымен және сирек табиғи құбылыстарымен танымал мемлекетпен таныстым. Өміріңізде асыранды қолтырауын дегенді естуіңіз бар ма? Ал мен асыранды қолтырауынның арқасында бір көру өмірлік арманыма айналған, мен үшін әлемнің сегізінші кереметі саналатын Коста — Рика мемлекетімен таныстым. 1991 жылы Коста — Рика тұрғыны Гильберто әлдебір өзеннің жанынан өтіп бара жатып, сол көзіне оқ тиіп жараланған, өлім ауызында жатқан қолтырауынды тауып алыпты. Гильберто қолтырауынды қайығына салып алып, үйінде…

Толығырақ