Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін шығара бастады

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін шығара бастады

Қазақстанның кейбір мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін өндіре бастады, деп хабарлады Қазақпарат. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай маркетингі, тасымалдау және өңдеу бойынша вице-президенті міндетін атқарушы Данияр Тиесов хабарлады. «92-бензиннің өңірлердегі қоры шамамен 200 тоннаны құрайды, бұл әзірге бензин жағдайы қалыпты деп айту үшін жеткілікті. Қазақстандағы 92-ші бензинді тұтынудың тәуліктік нормасы – 10 мың тонна. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытынан күніне 8,5 мың тонна бензин алынады және тәулігіне 3-4 мың тонна бензин импортпен жеткізіледі», – деді Д.Тиесов. «ҚазМұнайГаз» өкілі АИ-95 маркасына қатысты жағдай өзгеше екенін атап…

Толығырақ

Мұхамедиұлы неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді

Мұхамедиұлы неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы не себепті Қазақстанда әнші әрі сазгер Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Мұндай бастаманы көтеріп отырған қазақстандықтарға мың мәрте алғыс айтамын. Уақыт өте келе сазгерді еске алу кештерін өткіземіз. Заңға сәйкес, қайтыс болған адамның атына бес жылға дейін көше бере алмаймыз және оған арнап ескерткіш орнатуға болмайды. (…) Бізде заң бар және біз сол заңға сәйкес әрекет етуіміз керек. Алдағы уақытта Батырханға арнап ескерткіш қойып, көшелердің бірі мен концерттік ұйымға сол кісінің атын беретінімізге сенімдімін», — дейді Арыстанбек…

Толығырақ

Үндістанда екі өзен жанды жаратылыстар деп танылды

Үндістанда екі өзен жанды жаратылыстар деп танылды

Осы екі су қоймасын ластағандар адам өміріне зиян келтірушілер болып есептеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап. Үндістанда Уттаракханд штатының Жоғарғы соты шешімімен Ганг және Ямуна өзендері заңды тұлға және жанды тіршілік иелері болып танылды. Яғни мемлекет азаматтарына тән құқықтар осы екі өзенге де тиесілі. Уттаракханд штаты екі өзен бастау алып жатқан Гималайда орналасқан. Сол себепті, бұл штатта аталған өзендердің таза қалпында қалуы қатаң бақыланады.

Толығырақ

Назарбаев Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды

Назарбаев Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекет басшысы Жеңіс монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапары барысында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер мен партизандарға арналған Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды. Естеріңізде болса, Елбасы 29-30 қараша күндері Беларусь республикасына іс-сапармен барған болатын. Онда Елбасы Александр Лукашенкомен және Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Толығырақ

Астана тұрғыны 60 мың маржанмен Ақорданың макетін жасады

Астана тұрғыны 60 мың маржанмен Ақорданың макетін жасады

Астаналық сәулетші Аслан Оспанов Ақорданың макетін жасауға 1 жылдан астам уақытын сарп еткен. Күріштен де ұсақ 60 мыңнан аса тасты өз қолымен жабыстырып шығыпты. Енді жұмысын Тұңғыш президент күніне орай Елбасыға тарту етпек, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Аслан Оспанов Ақорданың макетін әзірлеу үшін жұмысынан шығып, арнайы 1 жыл уақытын бөлген. «Астанада жоғары оқу орнында сәулетші дизайнер мамандығын тәмамдадым. Осыған дейін сыртқы жарнамада жұмыс істедім. Бірақ соңғы бес айда уақытымды тек осы макетті әзірлеуге жұмсадым. Ал, жалпы 1 жылдан аса уақыт кетті», — деді Аслан Оспанов. Макетті жасауға күріштен де ұсақ 60 мыңнан…

Толығырақ

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территорясының кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман түседй. Көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, дп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,…

Толығырақ

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойлануда

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойлануда

Бүгін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойланады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Атаулы күн 2011 жылдан бері мерекеге айналды. Сол жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойып, 1 желтоқсан жаңа мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгіледі. Бұл күн жайдан-жай таңдалған жоқ. 1991 жылы 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен болатын.

Толығырақ

ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ

ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ

 Кеше Жалағаш ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, аудандық ішкі саясат бөлімі, Аналар кеңесі , «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыз өссе –елдің көркі» атты №202 орта мектептің оқушы қыздарымен кездесу өтті. Кездесу барысында Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық филиалының дәрігері А.Бектаева баяндама жасады. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді, тәлім-тәрбие, отбасындағы түсініспеушіліктер, жастар арасындағы қоғамға жат мінез құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу туралы Аналар кеңесінің мүшесі Р. Тоқмырзаева тоқталып өтті. Сонымен қатар, мектеп директорының «бағдарлы оқыту»…

Толығырақ

Тұңғыш Президент күні аталып өтілді

Тұңғыш Президент күні аталып өтілді

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде мерекелік салтанат өтті. Салтанатты аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады. «Қашан да еркіндікті, бостандықты, азаттықты, тәуелсіздікті әрдайым ту қып ұстап, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу, ата-бабамыздан қалған жерімізді өзгеден қорғау, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалыптастыру елін «Мәңгілік ел» болуға бастаған Ұлы дала перзентінің бас идеясы болатын» — дей келе дүйім жұртшылыққа «еліміздің өркендеуі жолында жасап жүрген қызметтеріңіз табысты, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның мерейі үстем, мәртебесі биік болсын» деген ізгі лебізін білдірді. Мерекелік салтанат соңы аудандық…

Толығырақ

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев:

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев:

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралып, оның 18,2 млн.теңгесі (69,0%) игерілді. Есепті мерзімге 134 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 56–ы (41,8%) 16-29 жас аралығындағы жастар. Тігінші мамандығы бойынша жолданған 20 адам оқуларын аяқтап, ЖШС «Өркен Алем» тігін цехына тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Толығырақ