Қазақстан Интернет тіліне көшіп жатыр — Назарбаев

Қазақстан Интернет тіліне көшіп жатыр — Назарбаев

Қазақ әліпбиінің құрамына кірген кейбір кирилл әріптері көптеген адамға білім алуға қиындық туғызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Кирилл әліпбиінде бірнеше әріп қазақ лексикасында кездеспейді. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я (біз «Япония» емес, «Жапон» деп сөлейміз ғой), Ш, Ц әріптері жоқ — мұның бәрі адамдарға жазып, оқуға қиындықтар туғызды», — деп түсіндірді Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латынға ауыстыру туралы шешімін.  Елбасының айтуынша, Қазақстан жалпы дамытушы ақпарат әлеміне аяқ басып жатыр — бұл Интернет тілі, ғылым мен мәдениет тілі. «Неге латын дейсіздер ме?…

Толығырақ

Еліміздің 18 миллионыншы тұрғынына пәтер тарту етілді

Еліміздің 18 миллионыншы тұрғынына пәтер тарту етілді

Мереке қарсаңында туған Мүслима Саматқызының отбасы Талдықорғанның қақ ортасынан пәтерлі болды. Оның кілтін сәбиге облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі табыстаған. Мүслима мамырда дүниеге келіп, қазақстандықтардың санын 18 миллионға толтырған болатын. Облыс әкімі сол кезде-ақ ата-анасына «бауы берік болсын» айта барып, үй сыйлауға уәде еткен еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Ел тұрғындарының саны 18 миллионға жеткенін айтып, жазда сүйіншілеген едік. Сол санды түгендеген — Мүслима Саматқызы. Ол мамырдың 11-інде дүние есігін ашқан. Сол кезде статистика комитеті сәбиді Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны деп таныды. Жұлдызы жанған нәресте Бестібаевтар отбасындағы…

Толығырақ

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Мәскеуде футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 2018 жылы Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтетін футболдан әлем чемпионатына 32 елдің ұлттық құрамасы қатысады. Олар жеребе қорытындысы бойынша келесідей 8 топқа бөлінді: А тобы: Ресей, Сауд Арабиясы, Мысыр, Уругвай В тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран C тобы: Франция, Аустралия, Перу, Дания D тобы: Аргентина, Исландия, Хорватия, Нигерия E тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея G тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия H тобы: Польша, Сенегал, Колумбия, Жапония Назерке Абибулла

Толығырақ

Головкин орта салмақ тарихындағы ең үздік нокаутқа түсіргіш боксшы атанды

Головкин орта салмақ тарихындағы ең үздік нокаутқа түсіргіш боксшы атанды

Головкиннің де жетістігіне спортсүйер қауым лайықты бағасын беруде. Отандасымыз орта салмақ тарихындағы, соңғы отыз жылдағы «ең үздік нокаутқа түсіргіш» боксшы атанды. Шойын жұдырықты Гена Гиннесс рекордтар кітабына да кіріп үлгерген болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап. 1973-1987 жылдары атойлаған Марвин Хаглер — 52 жеңісінің 43-ін уақытына жеткізбей аяқтаған бірегей спортшы. Америкалық былғары қолғап шебері өз уақытында, орта салмақтың «ең үздік нокаутқа түсіргіші» деп танылған. Сынаптай сырғып отыз жыл өткенде бұл биікке Головкин шықты. Марвин Хаглер дәуірінен бері, бұл дивизионда көптеген чемпион өнерімен тәнті етті. Дегенмен, тек…

Толығырақ

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын Жол картасына қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын Жол картасына қол қойды

2017 жылдың 2 желтоқсанында Қырғызстан Республикасы елшілігінің Астана қаласына келуі аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР вице-ПремьерТолқынбек Абдығұлов екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері бүгін Астанада келіссөз өткізіп, екіжақты экономикалық әріптестік мәселелері бойынша Жол картасына қол қойды. Көрші ел делегациясымен келіссөз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіде Қырғызстанның жаңа Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездескеннен кейін үкіметке берген тапсырмасы бойынша өткен. Аталған Жол картасында шекаралық, көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау, кеден және салық тәрізді екіжақты әріптестіктің…

Толығырақ

Димаш Құдайберген Қытайда жылдың үздік әншісі атанды

Димаш Құдайберген Қытайда жылдың үздік әншісі атанды

Димаш Құдайберген Қытайда ең үздік әншіге берілетін «IQIYI awards» марапатына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып әншінің өзі бөлісті. «Армандар орындалады! «IQIYI awards» таңдауымен биылғы жылдың ең үздік әншісі атандым. Жанкүйерлерім, отандастарым және шара ұйымдастырушыларына алғысым шексіз! Сіздерді жақсы көремін!» — деп жазады Құдайберген. Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов Гонконгта жылдың үздік әншісі марапатына ие болған. Мұнымен қатар, ол MTV Music Awards, Asian Music GaLa сынды жүлделерге қол жеткізді.

Толығырақ

«ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

«ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2017 жылдың 1 желтоқсанында еңбек ардагері, белгілі қаламгер Ж.Адамбаевтың 80 жылдығы және «Өмір өткелдері» атты кітабының тұсаукесері рәсімі өтті.  Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, бойына ізгілік үрдісін сіңіріп, Жалағаштың қасиетті топырағынан нәр алған, әдебиет әлемінің есігін айқара ашып, талантымен танылған қарымды қаламгер Жақсылық Адамбаевтың 80 жылдық мерейтойымен және «Өмір өткелдері» кітабының тұсаукесер рәсімімен құттықтап, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың арнайы Құттықтауын табыстады. Шарада еңбек ардагерінің өмірдерегі туралы бейнеролик көрсетіліп, қаламгер ағамыздың қаламынан туған шығармаларды жас өрендер нақышына келтіре мәнерлеп…

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ!

8 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ «ЖАСТАР — ТУҒАН ЖЕРГЕ!» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТЕДІ. ФОРУМ АЯСЫНДА «ЖАСТАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА», «ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ», «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН – ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»ТАҚЫРЫБЫНДА СЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ОЛАРДЫ БЕЛГІЛІ САЛА МАМАНДАРЫ ЖҮРГІЗЕДІ. СОНДАЙ-АҚ, АУДАН ӘКІМІ Қ.СӘРСЕНБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС ӨТЕДІ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА. СОНЫМЕН ҚАТАР, ФОРУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ ӘРБІР ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАРДЫ ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУГЕ ШАҚЫРУ, АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУҒА ШАҚЫРУ БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ФОРУМ ЖҰМЫСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРЫМЕН МАҚТАНАДЫ!

Толығырақ