Қызылордада жүз жасаған әжеге жаңа куәлік берілді

Қызылордада жүз жасаған әжеге жаңа куәлік берілді

Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғыны Сәлима Күдебаева 100 жасқа толды. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қос ғасырдың куәсіне жаңа жеке куәлік табыс етті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Жұмабаевтың айтуынша, қарияның өзі орталыққа келіп, суретке түсіп, құжат алуға өтініш білдірген. «Біз мекеме атынан сый-сияпат ұсындық. Өмір жасының ұзақ болуына тілектеспіз. Қарт ана да бізге батасын берді», – дейді ол. ХҚКО-ға келгенде Сәлима Күдебаеваға көпшілік құрмет көрсетіп, сәлем беріп жатты. Кейуана болса, оларға ақ батасын беріп, істеріне береке тіледі. Жаңа құжат алған ана арнайы…

Толығырақ

Димаштың әнбаяны Азиядағы ең үлкен LED экраннан көрсетілді

Димаштың әнбаяны Азиядағы ең үлкен LED экраннан көрсетілді

Димаш Құдайбергеновтың қытай тіліндегі әнбаяны Азия құрлығындағы ең үлкен LED экраннан көрсетілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісіп, осы тосын сыйды ұйымдастырған тыңдармандарына алғыс айтты. «Бұл – Азия құрлығындағы ең үлкен Tiongkok LED экран. Осынау бақытқа жеткізіп отырған, тыңдармандарым, сіздерге бас иемін! Рахмет!» — деп жазды әнші. Желі қолданушылары Димаш Құдайбергеновтың қуанышын бөлісіп, бірнеше тілде ыстық лебіздерін жеткізді.

Толығырақ

Назарбаевтың жүріп бара жатып сырт киімін шешкен видеосы желідегілерді тәнті етті (видео)

Назарбаевтың жүріп бара жатып сырт киімін шешкен видеосы желідегілерді тәнті етті (видео)

Қазақстан Республикасы президентінің жүріп бара жатып пәлтесін шешкен видеосы YouTube қолданушыларын тәнті етті, – деп хабарлайды Stan.kz. VistaNews хабарлауынша, бұл жағдай ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммитінде Беларусия президенті Александр Лукашенокмен кездесу алдында орын алған. Нұрсұлтан Назарбаев Беларусия басшысы резиденциясына кіре бере пәлтесін шешіп, шеберлікпен беріп жібереді. Ал жанында тұрғандар сырт киімді бірден қағып ала қойған. Елбасы жанындағыларға назар аудармастан, бірден Лукошенкоға беттейді. Бұл сәт тілшілердің видеокамерасына түсіп қалған. БАҚ хабарлауынша, Қазақстан президенті мұндай «сиқырды»  бірнеше жыл бұрын да жасаған екен. Ол кезде де желі қолданушылары елбасының ептілігіне тәнті  болған-ды….

Толығырақ

Иран тұрғыны Анджелина Джолиға ұқсаймын деп 50 пластикалық ота жасатқан (видео)

Иран тұрғыны Анджелина Джолиға ұқсаймын деп 50 пластикалық ота жасатқан (видео)

Иран мемлекетінің тұрғыны Сахар Табар (Sahar Tabar) голливуд жұлдызы Анджелина Джолиға ұқсаймын деп танымал болды. 50 рет пластикалық ота жасатқан әйелді жұрт ерекше сырт-келбетінен таниды. Бұл туралы шетелдік The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды. Басылым келтірген мәліметке сүйенсек, 40 келі салмақтан аспау үшін Сахар үнемі қатаң диетада отырады. Бойжеткеннің Instagram парақшасында 300 мыңға жуық оқырманы бар. Алайда инста-қолданушылардың басым көпшілігі Джолиге ұқсағысы келген бойжеткенге жағымсыз пікірлерді қарша боратады. Инстаграм қолданушылары Сахарды “зомби” деп атап кеткен. Көпшіліктің пікірінше, шамадан тыс бояу қолданғандықтан, Сахардың түр-келбеті жасанды әрі ерсі көрінеді.   Stan.kz

Толығырақ

Алматыда кардиолог дәрігер мұқтаждарға арналған тегін дүкен ашты

Алматыда кардиолог дәрігер мұқтаждарға арналған тегін дүкен ашты

Алматыда мұқтаждарға арналған тегін дүкен ашылды. Онда мұқтаж адамдар келіп, өзіне керек заттың бәрін тегін ала алады. Ал дүкенге қойылатын заттарды жинауға арналған жәшіктер қала бойынша орнатылған. Бір айдың өзінде дүкен мыңнан аса адамды «киіндіріп» үлгеріпті. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Нағима Тасболатова – көп балалы ана. Ол үшін мұндай дүкен үлкен көмек болды. Нағима бес баласын киіндіруге қиналып қалатынын мойындады. Оған біршама қаржы керек екені жасырын емес. Ендігі ол аталған дүкеннен тегін киімдер ала алады. «Бұл біз үшін өте маңызды. Базардағы киімдердің бағасы қымбат. Мұндай дүкеннің ашылғанына қуанып тұрмын. Бұл істі…

Толығырақ

Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінен кеңес

Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінен кеңес

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Елбасы өмірлік жар таңдау жөнінде өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz. «Қазіргі уақытта бойжеткенмен танысқысы келген жас жігіт дискотекаға барады. Оркестр үні құлаққа түрпідей тигендіктен, айтқың келетін сөзді айта алмайсың. Сол үшін айғайлайсың. Бір-біріңді естімейсің. Сондықтан  қызықты орындарға барып танысуға тырысу керек. Екі адам бір-біріне емес, бір мақсатқа қараса – жолдары болады», – дейді Мемлекет басшысы. Президенттің сөзінше, ер адамдар әйелдерге деген көзқарасын өзгерту керек. «Біз мінезімізді өзгертуіміз керек. Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықты сөз етеміз. Әлі күнге дейін кейбір мемлекеттерде әйелдердің…

Толығырақ

4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалады

4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалады

4 желтоқсанның түнінде Айдың таңғажайып құбылысын көруге болады. Бұл туралы Роскосмос хабарлайды. «Айдың ең үлкен және ең кіші дискісін жылына бір рет қана көре аламыз. Бұл құбылыс толған Айдың перигей нүктесіне (серік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі) жеткен кезіне тура келгенде болады. Ал Айдың ең кіші дискісін толған Ай өз орбитасының апегой нүктесіне жеткен кезінде көре аламыз», – деп жазылған хабарламада. Желтоқсандағы Айдың толуы 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:49-да шегіне жетеді. Ал 4 желтоқсан күні 11:43-те Ай Жерге жақындайды. Ол 2017 жылдағы ең жақын нүктесіне таяп келеді. Яғни бұл уақытта Айдың…

Толығырақ

Желіде Назарбаевтың домбыра шерткен видеосы пайда болды (видео)

Желіде Назарбаевтың домбыра шерткен видеосы пайда болды (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаткер ғана емес, жан-жақты, өнерлі адам екені көпшілікке аян. Құйқылжыта домбыра шерткен мемлекет басшысына желі қолданушылары тәнті болды, – деп хабарлайды Stan.kz. Әнші Досымжан Таңатаров Instagram-дағы жеке парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра шерткен видеосын жариялады. «Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын», – де видео астына Елбасының сөзін жазған Досымжан Таңатаров. Өз кезегінде желі қолданушылары мемлекет басшысының өнеріне тәнті болып, «сегіз қырлы, бір сырлы азамат» деп атап жатты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Stan.kz

Толығырақ

Майк Тайсон Алматыда түнгі клубқа барды (видео)

Майк Тайсон Алматыда түнгі клубқа барды (видео)

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде болды, – деп хабарлайды Stan.kz. Спортшы клубқа барып, әнші Айқын Төлепбергеннің өнерін тамашалады. Боксшыны көңіл көтерушілер мен жанкүйерлері қоршап алды. Көпшілік үшін былғары қолғап шеберінің клубқа баруы тосын жай болды. Клубқа келушілер әлемдік деңгейдегі жұлдызды видеоға түсіріп алған. Видео Instagram-дағы ztb_video парақшасында жарияланды. Өз кезегінде желі қолданушылары клубқа барған боксышға қайран қалды. Stan.kz

Толығырақ

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы ашылды. Әбілқайыр хан даңғылындағы «Нұрғасыр» мешітінің аумағында орналасқан ескерткіштің ашылу салтанатына 7000 адам қатысты. Стелла Қазақстан халқының бірлігін айқындай отырып, түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысын, бүгінгі заман ұрпақтарының ата-бабаларына деген құрметін білдіреді. Бұл туралы aktobetv.kz хабарлайды. Стелладағы глобуста Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл бөлігі мемлекетіміздің даму идеясының беріктігін білдіреді. Іргетастың үстіңгі жағында орналасқан жеті секторда рельефті бейнелермен ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы туралы қосымша ақпарат көрсетілген. Тұғыр басына қыран құс қонақтаған. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған стелланың биіктігі – 33 метр. Сурет: inform.kz Ал, «Ақтөбе»…

Толығырақ