ӘДЕМІЛІК – ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ

ӘДЕМІЛІК –  ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ

Әлемде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұ­ратын тілі мен дінін айтпағанда, салт­-дәс­түрі, ішер асы мен ки­імдері болады. Ал, біздің бүгінгі күн­гі киім кию мәдениетіміз қандай? Қазіргі уа­қыт­та қалай киініп жүрміз? Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені анық. Адамның киген киімі оның ішкі жан дүниесінен хабар беріп тұрады. «Адам көркі – шүберек», «Таныған жерде өң сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» деген сөздер де осы жайды аңғартады. Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ақуалынан кең көлемде хабардар етеді….

Толығырақ

АСПАЛЫ КӨПІР – АРМАН, ӨТКЕЛДЕН ӨТУ – АЗАП

АСПАЛЫ КӨПІР – АРМАН,  ӨТКЕЛДЕН ӨТУ – АЗАП

…Жарқабақтан ылдиға құлдыраңдай жүгірген бала өз екпінін тежей алмай, қалпақтай ұшты. Немересінің соңынан келе жатқан қарт кісі де төменге аяғымен емес, бүкіл денесімен домалап жетті. Бұл жолдарды оқып отырған оқырманның көз алдына ойын алаңындағы ішіне ауа толтырылған батутта алаңсыз асыр салып жүрген әжесі мен немересі елестейтіні анық. Бірақ, өкінішке қарай, олай емес. Бұл – темір жолдың Дәуімбай елді мекеніне өтетін тұсындағы күнделікті өзім куә болып жүрген көп оқиғалардың бірі ғана. Жаяу жүргіншілер бергі беттен перронға басқышпен оңай көтерілгенімен шойын жолдың арғы бетіне түсерде қатты қиналады. Өйткені ол жерде баспалдақ жоқ….

Толығырақ

ҚАЗАҚ ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙҒАН

Отау құрып, шаңырақ көтерген жастарға ақсақалдар «Қосағыңмен қоса ағар», – деп бата береді. Ал бүгін де қосағымен қоса ағарып, өмірінің соңына дейін бір болу түгілі бір ай өтпей жатып неке бұзатындар көбейді. Ресми деректер де осыны айғақтап тұр. Иә, ажырасудың себеп-салдары көп. «Отан – отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші Отанның ұйытқысы, берекесі – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың тәрбиесіне байланысты. Халқымыз қыз баланы үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген. Қызды қырық үйден тыйып, оны болашақ ана ретінде…

Толығырақ

ТАЛАП КҮШЕЙСЕ, ТІРЛІК ТҮЗЕЛЕДІ

ТАЛАП КҮШЕЙСЕ, ТІРЛІК ТҮЗЕЛЕДІ

Кеше аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың  төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудан халқын ауыз сумен қамту жағдайы және стратегиялық объектінің қорғалу барысы туралы  аудандық тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық  жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Момынтаев және аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімше бастығы Н.Бекетовтың хабарламалары тыңдалды. Бұл мәселеге байланысты аудан басшысы аталған ауыз су мекемесі биылғы жылы республикалық бюджетке өтіп, ауыз су жүйелерін жаңғырту үшін қаржы бөлініп, мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. Алайда, кент орталығы және кейбір ауыл­дық округтерде халықты ауыз сумен қамту жағдайы…

Толығырақ

ҚОС БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ

ҚОС БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ

Мемлекеттің болашағы және қоғамдағы маңызды процестер ұлттың саулығымен байланысты. Даусыз, бұл ең маңызды стратегиялық  ресурс өйткені,  кез келген  мемлекеттің  негізі адамнан құралады. Қазақстан спорт  әлемі бойынша өзінің мықты бокс мектебімен, үздік велокомандасымен, ауыр атлетика саласындағы рекордтарымен  танымал. Еліміз бүгінгі таңда спорт саласына ерекше  ден қойып отыр. Өйткені, спорт – саламатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын өмір сүрудің  бірден-бір негізі. Оған Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп оқушыларының жеңістері дәлел бола алады. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің №14 балалар мен жасөспірімдер мектебіне қарасты Бұқарбай батыр ауылдық бөлімшесі тәрбиеленушілерін Жасұлан Нұрмағанбетов және…

Толығырақ

РУХАНИЯТЫМЫЗ ТЫҢ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

РУХАНИЯТЫМЫЗ ТЫҢ ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ұлттың рухани жаңғыруы оның әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тікелей байланысты. Руханияты бай елдің болашағы жарқын, келешегі де кемел болмақ. Өткен сенбіде аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жақсылық Адамбаевтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өмір өткелдері» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, өзінің саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған, соның ішінде аудандағы мал шаруашылығының өркендеуі жолында тынымсыз тер төгіп, еселі еңбек сіңірген ардагер ағаны мерейтойымен құттықтап, аудан әкімінің арнайы «Құттықтау хатын» табыстады. Сондай-ақ, Жағыпар Айтбайұлы мерейтой иесінің кезекті авторлық…

Толығырақ

Ұтымды ұсыныстар қолдау тапты

Ұтымды ұсыныстар қолдау тапты

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 18-сессиясы өтті. Басқосуға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкі­мінің орынбасарлары, мекеме, бөлім бас­шылары қатысты. Сессияны ашқан аудандық мәслихат депутаты Кенжеғара Сүлейменов күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырды. Алды­мен, аудандық тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлихан Момынтаев сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту жөнінде хабарлама жасады. – 2016 жылдың 16 қарашасында аудандық мәслихаттың №8-2 шешімімен “Сот ше­ші­мімен ком­муналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары” бе­кі­тіл­ген­ болатын. Қазақстан Рес­пу­бликасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес қағидалар…

Толығырақ

АЛҒЫС АЛҒАН ӘСИЯ

АЛҒЫС АЛҒАН  ӘСИЯ

Аудан  орталығындағы №202 орта мектепте білім алған  Әсия өзі армандаған  Қызылорда қаласындағы кооперативтік  техникумға  оқуға түсті. 1986 жылы оқуын тәмамдап, туған жері Жалағашқа  келген соң көп ұзамай нан дүкеніне  сатушы болып жұмысқа орналасты. Нан – тағамның  ең қадірлісі, халқымыз нанды құраннан да  қасиетті  санаған.  Сондықтан ол нан дүкеніне  сатушы болып  еңбек жолын бастағанына айрықша  қуанып,   бұл ісін жақсылыққа  жориды. Өткен кеңестік дәуірде сауда орындары мемлекеттің меншігінде болды. Сол кездегі тәртіп бойынша сатушылар бір орнында ұзақ уақыт жұмыс істеуге болмайды. Он екі ай жұмыс істеген соң басқа дүкендерге ауыстырылып, тәжірибе алмасып…

Толығырақ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР Жемісін береді

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР  Жемісін береді

Өткен аптада облыс әкімдігіндегі өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев БАҚ өкілдерімен бри­финг­ өткізді. Жиында Қ.Әубәкірұлы алды­мен­­ Жалағашта 10 айда атқарылған жұ­мыс­­тар жайында баяндама жасап, өңір­дің әлеу­меттік-экономикалық даму қо­ры­тын­дысына тоқталды. Жалағаш ауданы аграрлық аймақ болғандықтан көбіне ауыл шаруашылығы саласына басымдық берілуде. Есесіне өңірде аталған сала бойынша өндіріс көлемі де артып келеді. Аймақтың басты дақылына айналған күріштен биыл облысымыз 500 мың тонна Сыр маржанын қамбаға құйса, оның 129 мың тоннасы Жалағаш ауданына тиесілі. Бұл да болса өңір еңбеккерлерінің жаз бойы егіс даласында төккен тер, еткен еңбегінің жемісі деп білеміз. Жалпы…

Толығырақ

Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі

Қысқа мерзім ішінде дүйім жұрттың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тамырын тереңге тартқан рухани-мәдени тілдік қажеттілікті тұғырына қондырған, ал тәуелсіздіктің қиын-қыстауында халыққа қалқан, елге пана бола білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің қазығын берік қалады. Мәңгілік елге жеткізер игі іске бастау жасады. Тәуелсіздікпен бірге тіл мен діл, рух пен дәстүр оралды. Арманда кеткен арыстардың асыл мұраттарына қол жеткіздік. Елбасы айқындаған салиқалы саясаттың арқасында барлық ұлт пен ұлыс бірлесіп, қазақстандық дамудың өзіндік үлгісін қалыптастырды. Иә, Президент Н.Назарбаев елімізді тәуелсіздігі тұрақты мемлекетке айналдырды. Қазақстанның өркендеп өсуіне, әлем мойындаған ел болуына зор үлес қосып, қоғамды демократиялық…

Толығырақ