Назарбаев: Мұнай мен газ шығаратын ел бола тұра, сол газды жұрттан сұрап келдік

Назарбаев: Мұнай мен газ шығаратын ел бола тұра, сол газды жұрттан сұрап келдік

Астанада өтіп жатқан ұлттық телекөпір барысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе облысындағы «Бозой» қоймасында газ кептіру қондырғысын іске қосты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. Мемлекет басшысы аталған жобаны іске қосу арқылы ел үшін маңызды дүниені шешкенін атап өтті. «Өздеріңіз білесіздер, біз мұнай мен газды шығаратын мемлекет бола тұра, сол газға тәуелді болып келдік. Біресе Ресейден, біресе оңтүстігімізден. Қыста оңтүстігіміздегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, қайдан газ аламыз деп, үкімет болып, ел болып сұрап жүрдік. Енді, міне, қазір содан шығу үшін біз бұл мәселені шештік. Мына құбыр өте қажет. Елді газдандыру үшін ғана емес, экспортқа…

Толығырақ

Назарбаев: Ақшаларыңды Қазақстанда ұстамайды екенсіңдер, кейін ренжімеңдер

Назарбаев: Ақшаларыңды Қазақстанда ұстамайды екенсіңдер, кейін ренжімеңдер

Президент үкімет басшысына қазақстандықтарды ақшаны елде сақтауға міндеттейтін заң жобаларын әзірлеуді тапсырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ақшасын елде сақтауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ұлттық телекөпір барысында Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі капиталды елге қайтару бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін қадап айтты. “Капиталды Қазақстаннан шығарып, шетелде ұстап отыр. Оның бір жолы жалған немесе күдікті экспорт-импорт келісімшарттарын жасау болып отыр. Қолданыстағы валюталық заңнама жауапкершіліктен сытылып кетуге мүмкіндік береді, тікелей шектеу жоқ. Бақытжан Әбдірұлы (Бақытжан Сағынтаев – премьер-министр), оған жол бермеу үшін ертеңнен бастап заң жобаларын әзірлеуді бастау керек”, — деген мемлекет басшысы шеттегі ақшаны қорықпай…

Толығырақ

Қазақстанда балаларды қорғайтын «ақылды» сағат пайда болды

Қазақстанда балаларды қорғайтын «ақылды» сағат пайда болды

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «ақылды» сағаттар пайда болды. Олардың бастапқы бағасы – 16 мың теңге, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі m.kapital.kz сайтына сілтеме жасап. Осы «ақылды» сағаттардың арқасында ата-аналары балалары адасқанда немесе оларға қауіп төніп тұрған кезде дереу қастарынан табылады. Себебі, сағат оларға телефондағы қосымша арқылы балаларының қай жерде жүргенін көрсетіп отырады. BalaKuzet деп аталатын сағаттар GPS-навигатордың көмегімен жұмыс істейтіндіктен, оның иесі ата-анасына дыбыстық хабарлама жібереді. Мұнымен қатар, ата-аналар балаларының кіммен сөйлесіп тұрғанын қашықтықтан тыңдай алады. Дәл қазір аталған сағатты 16-18 мың теңгеге сатып алуға болады. Сағатты сатып алған соң «Төрт…

Толығырақ

Сіз кімсіз? Бір ағашты таңдаңыз

Сіз кімсіз? Бір ағашты таңдаңыз

Мына суреттен бір ағашты таңдап, мінезіңізді таныңыз. Жауабын оқымай тұрып, таңдасаңыз, тест нәтижесі 80 пайыз жағдайда дәл келеді. Ендеше, суретке мұқият зер салып, біреуін таңдаңыз да, жауабын оқыңыз.  1 Ағаш Бұл ағашты дәл қазір өміріне көңілі толмайтын адамдар таңдайды. Олар ситуацияны жақсы жағына қарай өзгерткілері келеді. Бұл ағашты таңдаған адамдардың басты қасиеттері – батылдық, қызығушылық танытуы, жаңа нәрсеге құмартуы. Олар өзгерістерге ынтық. Бар жүрегімен жаңа білім мен жаңа әсерге ұмтылады. 2 Ағаш Шыдамды, төзімді адамдар осы ағашты таңдайды. Олар өз мақсатына жете алады. Қадам қадаммен мақсатына ұмтылады. Оларды өз жолдарынан…

Толығырақ

Әкелер неге ұл бала қалайды?

Әкелер неге ұл бала қалайды?

Баланың бәрі бірдей. Алайда көптеген ер азаматтар тұңғышы ұл болуын қалайды. Балалары өмірге келіп, өскен соң ұл балаларына қарағанда қыздары тәтті боп кетеді. Халық арасында жігіт қызғаншақ болса, қыз бола береді деген ырым бар. Қыз балалар өскенде басқа үйдің отын жағуға кетсе де, төркініне қарайласып, ұл балаларға қарағанда қамқор болады. Жігіттер бірінші ұл қалайтын себептерін қарастырайық. Бірге ойнағысы келеді. Ер адамдар ешқашан есеймейді, үнемі бала болып қалады дегенді естіген боларсыз. Олар туған баласымен атысып, алысып, төбелесіп ойнағысы келеді. Қолына затты енді ұстап үйренген баланың қандай істерге қабілетті екенін білмесе де…

Толығырақ

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С.) СҮЮ

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С.) СҮЮ

«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, кез келген нәрсенің қәдіріне бармай оны сүю ақылға сыйымсыз. Пайғамбарды (с.ғ.с.) сүю хақында сөз қозғамас бұрын, алдымен оның діндегі функциясын ұғынып алған жөн шығар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) міндеттеріне Аллаға және басқа да Ислам негіздеріне иман келтіру, Жәбрейіл арқылы Алладан келген уахиды алып, оны адамзатқа жеткізу, халықты Ислам дініне шақыру, уахи арқылы келген Құранды түсіндіру, діннің үкімдерін әуелі өзі орындап, мұсылмандарға оны орындауды бұйыру және т.б. жатады. Сондай-ақ, ол Құранның жасырын қалған тұстарын ашады. Мәселен, Алла Тағала Құранның көптеген жерлерінде «…намаз оқыңдар…» деп біздерге намазды парыз етті. Сонымен қатар,…

Толығырақ

ЖҮРЕККЕ ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР

ЖҮРЕККЕ ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР

Жүрегіңіздің саулығын сақтау үшін тамақтану тәртібіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн. Себебі, жүрек үшін дұрыс және салауатты тамақтану маңызды рөл атқарады. Кез-келген адамның жүрегі ол дәрумен қабылдаған кезде «қуанады», әсіресе, В және Р тобындағы дәрумендерді қабылдаған кезде. Жоғарыдағы дәрумендерге қосымша, жемістер мен көкөністерді көп пайдаланыңыз. Қышқыл және тәтті, қызыл және жасыл алманың барлық түрлері біздің ағзамыз үшін, әсіресе, жүрек үшін өте пайдалы. Тіпті, бұл туралы ағылшындарда мақалда бар, орыс тіліне аударғанда шамамен «Съешь яблоко на ужин и доктор тебе не будет нужен» болады. Адамның жүрегім мынадай химиялық элементтерге мұқтаж болады: Йод – бұл химиялық элемент…

Толығырақ

Мәжіліс депутаты: біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Мәжіліс депутаты: біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премер-министр Бақытжан Сағынтаевтан ұлттық кірісті бөлу жүйесін қарауды өтінді. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды. «Қазақстан кедей елдер қатарына кірді. Сарапшылар отбасындағы кіріс пен олардың қарызын есептеген. Елімізде отбасы кірісі азайып, қарызы өсіп жатыр», – дейді Қоңыров. Депутаттың айтуынша, бұл мәселе ұлттық кірісті тарату жүйесімен байланысты. «Осы себептен біз бай мемлекет саналамыз. Бұл шикізаттық емес экономиканы дамытуда және өмір сүру деңгейін көтеруде негізгі кедергі болып табылады. Бұл туралы елбасы да жиі айтып жүр», – дейді Қоңыров. Мәжіліс депутаты квазимемлекеттік сектор мен екінші деңгейлі банктердегі, қаржы саласындағы қаражатты бақылауды күшейту туралы…

Толығырақ

Жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектескен шымкенттік жігіт Қазнет қолданушыларын тебірентті

Жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектескен шымкенттік жігіт Қазнет қолданушыларын тебірентті

Шымкенттік жігіттің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тебірентті. Кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектесті. Осы сәттің видеосы Instagram желісіндегі Dudoser парақшасында жарияланды. Видеоның авторы ол жігітті әйелдің баласы деп ойлаған.  https://youtu.be/EBWpbwaghVs Tengrinews.kz тілшісі видеодағы жігітті тапты. Ол Шымкент қаласының тұрғыны — 23 жастағы Александр Пудовинников. Ол өзінің осы әрекетін былай түсіндірді: «Мен «Венеция» аялдамасында тұрдым, өз автобусымды күтіп тұрған едім. Қарасам бір әже қатып қалған қар қалдықтарын бұза алмай жатыр екен. Мен көмектесейін деп ойладым, себебі автобус әлі келмеген еді. Мені түсіріп алып, Интернетке салады деп ойламадым», —…

Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕКСЕРІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕКСЕРІЛДІ

Облыс аумағында жүргізіліп жатырған «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы барысында Жергілікті полиция қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында жол және коммуналдық қызмет саласының мамандарымен бірігіп көше-жол жүйесінің техникалық және эксплуатациялық жайын, медициналық мекемелердің, сауда орталықтарының, вокзал, әуежайлар мен халық көп жүретін басқа да аумақтардың  тұрақтау орындарымен жеткілікті жабдықталуын тексерді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған бағдаршамдар орнатылды.  Сауда орындары мен қызмет көрсету мекемелерінің талаптарға сай келетін мүгедек жандарға арналған пандустар мен тұрақ орындарымен толық қамтамасыз етілуі үшін құзырлы органдарға ұсыным хаттар жолданды….

Толығырақ