Қарағандыда сөйлейтін бағдаршам пайда болды

Қарағандыда сөйлейтін бағдаршам пайда болды

Қарағандының орталық көшесі Бұқар жырау даңғылының бойында сөйлейтін бағдаршам орнатылған. Жолдың адам көп өтетін бөлігіне орнатылған бағдаршамның пайдасы көп, деп жазады Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі. 45 орамда орнатылған бағдаршам жаяу жүргіншілерге жасыл түсті сигналдың жанғанын айтып, xабар береді. Бұл жаңашылдық көзі нашар көретін немесе тіпті көрмейтін адамдарға арналған. «Арнайы бағдаршам сатып алудың қажеті жоқ. Олар сөйлеуі үшін жұмыс істеп тұрған бағдаршамдарға сөйлеуші-ақпаратшы орнатылады», — дейді коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ескендір Қабидолла. Қарағандылықтар болса жаңашылдыққа дән риза. «Біз сияқты мүгедектерге жағдай жасалып жатқанда әрине…

Толығырақ

Қызылордалық қария үйінің жанынан өзіне кітапхана салып алды

Қызылордалық қария үйінің жанынан өзіне кітапхана салып алды

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны Шайдарбек Әшімов үйінің жанынан өзіне кітапхана салып алды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі. Сексен жастың сеңгіріне шыққан кітапқұмар қария Шайдарбек Әшімов көптен бері қазақ, шетел жазушыларының еңбектерін, әсіресе, туған жердің тарихына қатысты талай құнды дүниелерді жинақтаған. Оның шығармашылыққа ден қойғаны соншалық үйінің жанына өзіне лайықтап, кітапхана салып алды. Қазір барлық кітаптары, тігілген газет-журналдары сонда сақтаулы. Сонымен қатар, қария өзінің құтты мекенінде кітап оқып қана қоймай, көңілге түйгендерін, зерделеп-зерттегендерін қаламымен түртіп, қағаз бетіне түсіріп отырады. Шайдарбек ақсақал бүгінде «Атадан қалған мұралар», «Керемет тағылымы», «Құтбай», «Өмірдің…

Толығырақ

Елбасы алтын өндіретін жаңа фабриканы іске қосты

Елбасы алтын өндіретін жаңа фабриканы іске қосты

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақсу ауылындағы алтын өндіру фабрикасын іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Бұл өте қажет жоба. Қазақстан шикізатқа бай мемлекет. Оның ішінде, алтын кені біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 100-ден артық кен орындары бар. Соның барлығын өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің әлеуетін одан әрі көтереміз. 4 тонна алтын шығару деген өндіріс көлемінің үлкен екенін көрсетеді», — деді Қазақстан Президенті. Осылайша, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақмола облысындағы Ақсу ауылында алтын өндіру…

Толығырақ

Қарымта кездесу өтеді

Қарымта кездесу өтеді

Головкин мен Канело қарымта кездесудің уақытын белгіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандықГеннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің командасы боксшылардың екінші жекпе-жегін өткізу жайында келісімге келіп, өтетін уақытын мақұлдады. Fox Deportes басылымы хабарлағандай, қос боксшы арасындағы екінші кездесу мамыр айының басында өтеді. Осыған дейін айтылғандай, 5 мамыр күнгі Мексиканың ұлттық мерекесі Синко де Майомен тұспа-тұс келетін секілді. Канелоның командасы жекпе-жек келісіміне қол қойса, ресми түрде хабарланатын болады. Ал бұл бокс кешінің қайда…

Толығырақ

ІІ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ІІ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Жалағаш ауданындағы «Ал-Нұр» мейрамханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты ІІ аудандық әйелдер форумы өтті. «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты ІІ аудандық әйелдер форумында 12 ана ҚР Президенті жарлығымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанса, түрлі салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда аяулы әже, көп балалы ана, асыл жар атанып отырған аналарымыз аудан әкімінің…

Толығырақ

«Жалағаш аруы-2017» анықталды!

«Жалағаш аруы-2017» анықталды!

Ауданымызда алғаш рет аудан басшылығының, «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының, «Жалағаш аудандық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Жалағаш аруы-2017» байқауы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен байқауға өңіріміздегі ақылына көркі сай, ибалы да әдепті ару қыздарымыз қатысып, өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында әуелеген ән де, мың бұралған би де болды. Байқау нəтижесінде бас жүлдені Аққыр ауылдық округінен келген Бибінұр Жаналиева иеленіп, «Қолөнер»ұлттық нақыштағы орталығының арнайы əзірлеген ауыспалы тəжімен жəне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Жалағаш аруы-2017» байқауы жөнінен газетіміздің сенбі күнгі…

Толығырақ

Қызылордада «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы басталды

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының арнайы қарарында 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялап, бүкіл мемлекеттерді және халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізу барысында ынтымақтасуға шақырған. Қазіргі уақытта 650 милионнан астам адам немесе әлем халқының 10% мүгедектіктің әртүрлі нысанына ие. Осыған орай, яғни мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру, жол жүрісіне қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету мен қоғамдық қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылғы желтоқсан айының 4-8 күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өткізілуде. Акция барысында көше-жол желілерінің және…

Толығырақ

Агроөнеркәсіп саласында 3 жарым мың заңбұзушылық анықталды

Агроөнеркәсіп саласында 3 жарым мың заңбұзушылық анықталды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар талқыланды. Инвестициялар және даму министрлігінің, Бас прокуратураның, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жөніндегі есеп комитетінің баяндамалары тыңдалды. Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Егер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмайды және ешкім жазадан құтылмайды» деген сөзіне тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасы ел экономикасындағы…

Толығырақ