ҚЫЗЫЛОРДАДА ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Кеше Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыс әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Ұлт руханияты: Отбасы. Өнеге. Құндылық» ІІІ облыстық әйелдер форумы өтті. Форум жұмысына облыстағы іскер, көшбасшы әйелдер, алтын құрсақты аналар мен өз кәсібінде жетістікке жеткен арулар және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты. Форумды облыс әкімінің орынбасары, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Рүстемов Руслан Рүстемұлы жүргізіп отырды. Жиын барысында Жаңақорған кентінің әйелдер кеңесінің төрайымы Сырғагүл Болғанбаева «Отбасы құндылықтары және қоғамдық жаңғыру» тақырыбында, облыстық медицина орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер эндокринолог Елена Цхай «Бірлік пен татулық –…

Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ӘН-ЖЫРДЫ ӘУЕЛЕТКЕН КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕН

ДӘСТҮРЛІ ӘН-ЖЫРДЫ ӘУЕЛЕТКЕН КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕН

Кеше аудандық мәдениет үйінде халықаралық, республикалық жыршылар байқауының жүлдегері, дәстүрлі әнші, жыршы Күнсұлу Түрікпен «Жыр тұмарым» атты шығармашылық кешін өткізді. Кеш жыр терме, фольклор, эстрада бағытында өтті. Жыр кешіне белгілі ақын Серік Ыдырысов, жыршы Марат Сүгірбай, ақын Мақсат Дауылбай қатысты.

Толығырақ

«АБЗАЛ және К» КОМПАНИЯСЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

«АБЗАЛ және К» КОМПАНИЯСЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық «Алтын сапа» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр. Биыл сыйлықты алуға үміткерлер қатарында Қызылорда облысынан «Абзал және К» ТС мен «Аралтұз» АҚ болды. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай аймақ кәсіпкерлері лайықты бағасын алды. «Абзал және К» Елбасының қолынан республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік/ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленді. «Абзал және К» ТС ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді,…

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ ӨТТІ

Индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт құрылысымен танысты. Тампонажды цемент зауыты 2019 жылы жұмысын бастайды. «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС басқарма төрағасы Ли Минг жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады. — Бүгінгі жүзеге асып отырған бірлескен жоба — Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Зауыттың негізгі өнімі — тампонажды цементтің 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңгені құрайды, — деді Ли Минг мырза. Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі. Естеріңізге сала кетейік, зауыт құрылысы…

Толығырақ

Спорттағы саясат салқыны немесе Олимпиададан шет қалып отырған елдер

Спорттағы саясат салқыны немесе Олимпиададан шет қалып отырған елдер

5 желтоқсан күні Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей құрамасын 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетті. Бұл — Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы жағдай емес… ХОК Ресейді 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы кезінде «допинг сынамаларын ауыстырды», «ел үкіметі допинг жүйесін қолдаған» деп айыптады. Ал Ресей бұл айыптауларды саяси астары бар деп санайды. Жалпы Олимпиада ойындары тарихында саяси оқиғалар мен жағдайларға байланысты төртжылдықтың басты додасынан шеттетілген елдер біршама. Тіпті өз еріктерімен қатысудан бас тартқан елдер де баршылық. Бүгінгі айтпағымыз осы жайлы. КСРО және Германия қақтығысы Кей елдердің Олимпиада ойындарынан шеттетілуі 1920 жылдан басталады. Сол…

Толығырақ

Ермахан Ибраимов: «Батырдың бойында да қорқыныш сезімі болады»

Ермахан Ибраимов: «Батырдың бойында да қорқыныш сезімі болады»

«АЙНА» жобасының қонағы – Қазақстанның туын Олимп шыңына көтерген боксшы, халықаралық спорт шебері Ермахан Сағиұлы Ибраимов.   Бірнеше буын жас спортшылардың кумирі болған батыр ағаның әңгімесі де өзінің бала арманынан басталды. Бала тәрбиесі, жар таңдау сынды өмірлік маңызды сұрақтармен қоса, адамның жеке тұлға ретінде құндылығын арттыратын қасиеттер мен әдеттер туралы да сөз болды. Ағаның Бекзат батыр туралы айтқан естелігі көпшілік көрермен үшін тың ақпарат болары анық. Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы  қазақ спортшыларына жасалған ең үлкен әділетсіздік хақында ой бөлісті. Ендеше, қабыл алыңыз, көрермен! https://youtu.be/uomj4tN_QbU

Толығырақ

P4P королі: Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

P4P королі: Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

The Ring журналы желтоқсан айы санының мұқабасын жария етті, онда орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген.  «Бұл айдағы санның мұқабасындағы жұлдыз — P4P рейтингінде бірінші орынға жаңадан орналасқан Геннадий Головкин», — делінген басылымның Twitter желісіндегі парақшасында. Қазақстандық боксшы белгілі журналдың мұқабасына шығуы туралы былай деп пікір жазды: «The Ring, осындай құрметтеріңізге рақмет». Еске салайық, америкалық Андре Уорд бокспен қош айтысқаннан кейін Геннадий Головкин The Ring нұсқасы бойынша салмақ категориясына қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшыларның рейтингінде көш бастаған болатын. tengrinews.kz

Толығырақ

Зың-зың: YouTube Қазақстандағы үздік видеоларды атады

Зың-зың: YouTube Қазақстандағы үздік видеоларды атады

YouTube желісі Қазақстандағы 2017 жылдың үздік видеолары мен музыкалық клиптерінің тізімін шығарды. Оларды жарияланған күні, қаралым және бөлісу саны, пікірлер мен лүпілдеріне қарап анықтады. Ең танымал 10 видео жалпы есепте 633 млн рет қаралыпты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Қазақстандықтар көп қараған музыкалық роликтердің көш басында Ерке Есмаханның «Қайда?» әні тұр. Екінші орынға Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші» атты хиті жайғасты. Ал үздік үштікті «Lius Fonsi» әнімен Despacito ft. Daddy Yankee аяқтайды. Ал, музыкалық емес видеолардың ішінде қазақстандықтар балалар және комедиялық контентті таңдапты. Бұл категориядағы ТОП-10-дықты «Маша мен аю» мультфильмінің 62-сериясы бастады….

Толығырақ

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады — Айдын Айымбетов

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады — Айдын Айымбетов

Бұл туралы ғарышкер-ұшқыш, «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбедегі сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап. Авиация генерал-майорының сөзіне қарағанда, Қазақстан «Байқоңыр» Ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» ғарыш-кешенінде Ресеймен бірлесіп экологиялық таза жанармай — «керосин-кислородтың» көмегімен зымырантасығышын құрастырып жатыр. «Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр. Қазақстан жерінен ғарышқа сапар жасайтын ғарышкерлер құрамында міндетті түрде қазақстандық ғарышкер болады. Мұндай жауапты істі атқаруға әрқашанда дайын тұратын мамандар табылады, ондай адам бізде көп» — дейді Айдын Айымбетов. Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов өзі «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесімен 2015…

Толығырақ

Қырғызстан Президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Қырғызстан Президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданыңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті мен Қырғыз Республикасының Президенті телефонмен сөйлесті. Әңгіме барысында қос мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Екі елдің президенттері биылғы жылдың 2 желтоқсанында Астанада екі елдің үкіметтері бекіткен Жол картасының жүйелі жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Осы мәселеге қатысты Қырғызстан Президенті шекарадағы күшейтілген бақылаудың алынуы мен қазақ-қырғыз шекарасының қалыпты режимге көшкені үшін Қазақстан басшысына алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков сондай-ақ, алдағы…

Толығырақ