Ауа рауы: Кей өңірлерде тұман болып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде тұман болып, жел күшейеді

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыста түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 20-25м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі

Көрудің саны: 196  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру