Қазақстанда балаларды қорғайтын «ақылды» сағат пайда болды

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «ақылды» сағаттар пайда болды. Олардың бастапқы бағасы – 16 мың теңге, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі m.kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы «ақылды» сағаттардың арқасында ата-аналары балалары адасқанда немесе оларға қауіп төніп тұрған кезде дереу қастарынан табылады. Себебі, сағат оларға телефондағы қосымша арқылы балаларының қай жерде жүргенін көрсетіп отырады.

BalaKuzet деп аталатын сағаттар GPS-навигатордың көмегімен жұмыс істейтіндіктен, оның иесі ата-анасына дыбыстық хабарлама жібереді. Мұнымен қатар, ата-аналар балаларының кіммен сөйлесіп тұрғанын қашықтықтан тыңдай алады.

Дәл қазір аталған сағатты 16-18 мың теңгеге сатып алуға болады. Сағатты сатып алған соң «Төрт групп» компаниясына хабарласып, оның иесі көбірек жүретін мекен-жайларды айтып қою қажет. Бұл үй, мектеп және дайындық курстары болуы мүмкін.

Бала өзіне қауіп төніп тұрғанын сезгенде, сағаттағы арнайы тетікті басу арқылы жақындарына және аталған компания күзетшілеріне хабар береді. Осы сәтте компания қызметкерлері, алдымен, сағат арқылы баланың жанында тұрған адамдардың дауысын тыңдайды. Қауіп төніп тұрғанына көздері жеткен соң, дереу көмекке келеді. Мұнымен қатар, компания қызметкерлері бала қолынан сағатты шешіп тастаған кезде де келуі мүмкін.

 Baq.kz 

Көрудің саны: 47  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру