Қазақстандықтарға ауыр магнитті дауыл болатыны ескертілді

Бұл туралы “Фобос” ауа-райы орталығының сайты мәлімдеді.

Бұл күні жұмыстағы электронды құрылғылар істен шығып, техникалық апат көп болуы мүмкін. Магнитті дауыл адам денсаулығына да әсер етуі мүмкін. Адамның басы ауырып, жүрек қағысы жиілеп, ұйқысыздық пайда болып, қысым төмендеуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, дауыл 4 балдан 10 балға дейін болмақ.

«Адамдар барлық уақытта осы дауылмен өмір сүріп келеді. Олар мұндай құбылыстың болып жатқанын да білген жоқ», – деп сабырға шақырды астроном Сергей Попов.

Магнитті дауыл – бұл жер шарының күнге әсер ететін белсенділігі. Оның салдарынан жер толқынысы болып, осыдан соң Күннен бірнеше  миллиардтаған зарядтадты бөліктер тарайды. Күннің магнитосфера қабаты бар. Ол адамдарды қорғап тұрады. Бірақ магнитті дауылдан қорғауға үнемі күші жете бермейді.

Stan.kz

Көрудің саны: 2 024  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру