Бүгінгі Қытай: Жымиған күлкінің астарында қандай ой бар?

Бүкіл әлемде бүгінгі таңда Қытайға бір жағынан үмітпен, екінші жағынан барынша күдікпен қарайды. Әлем экономикасының сырқатын дөп басқанымен қазіргі таңда дүниежүзілік қаржы институтарының өзі тығырыққа тірелген жаһандық тіршілікті сауықтыруға дәрменсіз. Бүкіләлемдік банк, Халықаралық Валюта Қоры АҚШ әкімшілігінің әмірімен жүретін болғандықтан дәрменсіз екенін бүгінде барлығы да майындай бастады. Ал Қытай ешкімге дөқ көрсетпейді, басшысы Сицин-Пиннен бастап жымиып күліп қояды да, өз дегенін істей береді. Осы жымиған күлкінің астарында қандай жымысқы ойдың жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды.
Жуырда ғана Қытай коммунистері өздерінің партия сьезінде бас қосты. Маңызды шешімдер қабылдады. Социализм идеясын бастартпаған әлемдік супердержава саяси басшылығының қабылдаған шешімдері қайран қалдырды. Осының алдында, яғни 2011 жылы өткен Қытай коммунистер сбезінен кейін әлемде «Қытай арманы», «Жібек жолы», «21 ғасырға Теңіз жолымен» атты жобалар пайда болған еді. Кешегі сьезден кейін әлем жұртшылығы Қытайға тағы да ақтарыла қарады. Бұл жолы үміттен гөрі, күдік басымдау секілді. Себебі АҚШ-тан бастап күллі дамыған еуропа Қытайдың өршіл қадамдарынан сескенетін, өздеріне қауіп санайтын деңгейге жетті. Қазірдің өзінде Қытай өзінің әлемдік жобаларын жүзеге асыру үшін Азия банкіне 50 млрд. доллар, БРИКС банктен 41 млрд. доллар, құрғақтағы «Жібек жолы» жобаларына 40 млрд. доллар бөлді. «Деловая неделя» газетінің Вашингтондағы меншікті тілшісі Юрий Сиговтың мәліметінше, 2025 жылға дейін Қытай сырт жерлерге 1,25 триллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақшы. Сарапшылардың пікірінше, мұндай көлемдегі қаржы АҚШ пен бүкіл әлмдегі елдерді қосқанда сана қабылдауға қиын соғатын зор ресурс болып табылады.
АҚШ Президенті Д.Трамп Си Цзилиннің жымиған күлкісінен сескенеді. АҚШ-тың меңмендігі ұнамаса Си Июньды қолдан девальвация жасай салады. Мұндайда доллар жасанды түрде қымбаттайды да, американдық тауарлардыңт Қытай рыногында өтуі қиындайды. Экономикадағы осындай құйтырқы айла-шарғылар 1,5 млрд. халқы бар Қытай тарапынан туындайтын босла, АҚШ-қа шын мәнінде оңай соқпайды. Мұны тіпті, экономикалық ди версия десе де болады. Қысқасы, Қытай әлеміндегі менменсіген кез келген мемлекетті уысында ұстай алады. Әзірге Қытай ядролық қарумен қоқан-лоққы жасап отырған Солтүстік Кореяға қатысты саясатында АҚШ-пен мүддесі бір жерде тоғысып отырғанымен, бұл бағыттағы саяси ойындардың сипаты әп-сәтте өзгеріп кетуі әсте ғажап емес.
АҚШ әлбетте, күншығыс елініңмұндай серпінді қадамдарынан қорқады. Бірақ қанша сескенсе де оның бетін қайтаруға дәрсенсіз. Әлемде ұдаяы үстемдік жүргізуге дағдыланып қалған АҚШ өзінің күні өтіп бара жатқанын түсінгенімен бұған қандай шараларды қарсы қою қажеттілігінен бейхабар. Себебі жаһандық экономикада қалыптасқан бүгінгі үрдістің мүлдем бөлек, ол жанкешті еңбек пен бәсекеге қабілеттілік деген ұғымдармен сабақтасып жатыр. Ендеше АҚШ пен бүкіл Батыс әлемі үркіп оытрған Қытайдан біз қазақ елі неліктен қашуымыз керек? Оған қарсы не істей аламыз? Біз бұл әңгімені қазақ баспасөзінде соңғы жылдары көтеріліп жүрген сыңыржақ пікірлерге байланысты айтқымыз келеді.
Жоғарыда есімі аталған Ю.Сиговтың дерегі бойынша Пекин қазірдің өзінде сыртқы насихат үшін 10 млрд. АҚШ долларын жұмсайтын көрінеді. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінің осы мақсаттағы жылдық шығыны 600 млн. долларды құрайды. Д.Трамп билігі бұл шығынды екі есеге қысқартуды ұйғарып отырғанын ескерсек, АҚШ-тың бүгінгі ахуалының қандай екенін сараптан өткізе беріңіз.
Қытай нешеге немесе бірлескен жобаларға қаржы бөлгенде әріптестеріне өз шарттарын таңады, өз дегенін жүргізеді. Тарих өлкесімен алғанда күні кеше ғана Кеңестер Одағының Сталин мен Хрущев билігінің қалтасында жүрген Қытай бүгінгі таңда тез өзгерді. Ол ядролық держава – Ресейдің өзіне шекесінен қарайды. Насихат демекші, жобалары бүкіл әлемге тарайтын «Синьхуа» агентінің өзінде 3 мыңнан астам журналист қызмет жасайды. Ал қытай және ағылшын тіліндегі телеарналардың жүйесі бүкіл әлемге тараған. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде Пекин радиосының алатын орны ерекше. 1941 жылы құрылған радио алғашқыда Жапонияға қарсы насихат жүргізсе, қазір ол бүкіл әлемді жаулап алған. Теледидар мен радио және Синьхуа агенттігі бүгінде әлемдегі «Ассошюйтед пресс», СNN «Рейтер», тағы басқа медиа корпорацияларын ығыстырып тастауға барынша табандылықпен жұмыс жасауда. Егер шетелдік агенттік немесе баспасөз өкілі Қытай жөнінде жағымсыз хабар таратса, күншығыс елі оларды қайтып өз еліне жібермейді, виза бермей қояды.
Қытай билігі Конфуция институтының қызметіне айрықша мән береді. Аталмыш институт қытай тілін үйрету, шетелдіктерге күншығыс елінің мәдениетін таныстыру мақсатында құрылған болса, із жүзінде оның ұстанған бағыты тым тереңде жатқанын атап өткізгіміз келеді. Институттың әлемнің 120 елінде жұмыс істейтін бөлімшелері бар. Салыстыру үшін айталық, Германияның Гете институтының жұмыс істейтін өкілдерінің әлемдегі елдерде ашылған офистері біршама аз. Конфуция мектебінің сан-қырлы бағыт-бағдарынан хабардар сарапшылар мұны «стратегиялық» туған мүдде деп есептейді.
Соңғы уақытта қытайды танып-білуге құштар журналистер мен мамандар елге жиі шақырыла бастады. Олардың бүкіл шығындарын мемлекеттік бюджет көтереді. Не үшін? Әрине, мұның астарынан пәлендей жымысқы пиғылдыь аңғарудың қисыны келіңкіремейтін сияқты, қытайлық идеология елді әлем танып білсе екен деген ниеттен туса керек-ті. Ал ондайлар, дұрысы Қытай ақшасы мен грантына қызмет жасайтын журналистер қатары қазір күрт өсіп отыр. Бұл енді қалаңыз, мейлі қаламасаңыз, өмір шындығы, айналып өте алмайтын өмірдің ащы шындығы.
Ж.Әлмахан.
Көрудің саны: 49  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру