БАЛА БОЛАШАҒЫ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

БАЛА БОЛАШАҒЫ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

Ұлт болашағы – кейінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан өркениетке өрлеген елдің жастары болашаққа бұрған бағытынан жаңылып қалмау үшін білім-ғылымды ойына тоқып, бойына сіңіруі тиіс. Елбасының өзі тәуелсіз елдің кемел келешегін қалыптастыратын жастар екенін және оларға сенім артатынын айтты. Олай болса, келешекке көш түзеп, кемелдену үшін ұрпақтың білім алуына, ғылыммен айналысуына жан-жақты жағдай жасау – мемлекеттің басты мақсаты, ал, ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімдердің міндеті. Міне, осы мақсат пен міндетке талап қосылса алмайтын биік, аспайтын асу жоқ. Қазір ғаламтор ғасыры. Жастарға білім алу, іздену жеңілдегенмен, оларға қойылатын талап күшейді. Білім беру саласының…

Толығырақ

КӘСІП АШАМ ДЕСЕҢІЗ…

КӘСІП АШАМ ДЕСЕҢІЗ…

Қазіргі таңда Мемлекет тарапынан кәсіп ашушыларға қолдау көп. Сондықтан да, ауылдағы ағайындар мұндай мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалғысы келеді. Талап қылып, ізденген жандар қазір мал ұстап, төрт түліктің басын көбейтуге кірісті. Сонымен кәсіпті қалай бастауға болады? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Ойлаған кәсіпті ашуға, ең алдымен, бизнес-идея керек. Жобаңыздың қолжетімділігін бағалау үшін салаға қатысты жан-жақты ақпарат жинаңыз, тілдесу арқылы кәсіпкерлердің тәжірибесіне көз жүгіртіңіз. Нарықтың қажеттіліктерін саралаңыз. Әзірге бұл бизнес ашсам деген ниет қана. Оны жүзеге асыру қолыңыздағы мүмкіндіктерге байланысты. Яғни, қаражат сомасы. Шағын бизнес үлкен ақшаны қажет етпейді. Алғашқы салымға…

Толығырақ

ТАЛАПТЫ ЖАНҒА ЖҰМЫС КӨП

ТАЛАПТЫ  ЖАНҒА  ЖҰМЫС КӨП

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қатар, азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында биылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге аса бастады. Бағдарлама шеңберінде Жалағаш ауданында да ауқымды жобалар қолға алынып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда. Қысқасы, жұмыс жасаймын деген адамға мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Елбасы «Қазақстанның қай өңірінде жұмыс табылса, жастар сонда барып, қорықпай жұмыс жасауы керек» деген болатын. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға байланысты облысымыз тізімге еніп отыр. Қоныс аударуға мемлекет тарапынан көшуге, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидия беріледі. Мәселен, ауданнан қоныстанатын аймаққа көшуге…

Толығырақ

Егіс даласындағы еңбек дүбірі

Егіс даласындағы еңбек дүбірі

Берекелі  күздің  егіс  даласын  дүбірге  бөлеп,  қырманды  астықпен  толтырар  сәтті  асыға  күткен  механизаторлар  сыр  күрішін  жинап  бітіруге  белсене  жұмыс  жасауда.  Бүгінгі  күні  “Сәрке  батыр”  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  күзгі  жиын-терім  науқанын  аяқтауға  жақындады. “Бостай” дала қосында астық жинап, бас­тырушы, егінші, механизаторлардың көңілдері де тоқ. Бұлай дейтініміз, осы жылы аталған шаруашылық 1500 гектар жерге егілген күріш дақылынан мол өнім алуда. Жалпы, биылғы астық жинау науқанына 3 “Магдон”, 5 “Класс”, 5 “Енисей” күріш жинау және бастыру комбайндары мен 3 “Беларусь” тракторы, астық тасымалдайтын Камаз, ЗИЛ, ҚТЗ техникалары тартылған. Бүгінде Талғат Бодыбай төрағалық ететін…

Толығырақ

Шаруасы ширақ «байтабын»

Шаруасы ширақ  «байтабын»

Қазіргі таңда Елбасының қолдауымен агроөнеркәсіп кешеніне айрықша көңіл бөлініп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына жағдай жасалып отыр. Кез келген сала жұмысының алға басуы басшының біліктілігі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Осы­ орайда, «Байтабын» ЖШС-ның директоры Сапар Мыхановтың аталған саланы дамытудағы ерен еңбегін ерекше айтуға болады. Жоғары білімді агроном маман серіктестікке басшылық жасап, шаруашылық жұмысын ұтымды ұйымдастырып келеді. Бүгінгі таңда шаруашылықта еңбек өнімділігі жоғары заманауи техникалармен толық қамтамасыз етілген. Орталық қырманда күріш тазалайтын агрегаттарымен мемлекеттік стандартқа сай астық сақтайтын қоймалар бар. Мұнда еңбек ететін 110 адам…

Толығырақ

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қаракеткен ауылындағы №114 орта мектептің тыныс-тіршілігімен таныстық. Білім ұясы жаңа бағдарламаға сай білім беру жүйесін жаңартып, өткен оқу жылын жақсы көрсеткіштермен қорытындылады. Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен білімділігіне байланысты. Мұны №114 орта мектеп ұстаздарына қарап пайымдадық. Жалпы, мұнда 202 оқушы білім алады. Оларға жоғары санатты – 1, І санатты – 16, ІІ санатты – 20 және 11 жас маман дәріс беруде. Бұлардың барлығы оқушыларының жетістігімен көзге түскен білікті де білімді ұстаздар. Ал, мектеп директоры Мейрамкүл Жүсіпова озат балаларды одан әрі ынталандыру бағытында кезінде…

Толығырақ

ҚАЙРАТКЕРГЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

ҚАЙРАТКЕРГЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

Ер есімі қашан да ел есінде. Бүгін Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округінде еңбек ардагері Дайрабай Бекбергенұлы атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. Халықтың қарапайым ұлы, қайраткер, еңбек ардагері Д.Бекбергеновтің елеулі еңбегінің мәртебесін арттыру, құрметтеу, рухына тағзым етуге бағытталған салтанатты шараны аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып: — Сексен жылға жуық тарихы бар Жалағаш ауданының өсуі мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар есімдері, аудан тарихының жаңа беттеріне жазылып, ардақталып келеді. Сондай асыл азаматтарымыздың бірі — атқарған ісі мен дуалы ауызы көпке жайылған, сөзімен артына өшпестей із қалдырған, бүгінгі күні асыл бейнесін еске алып, әруағына…

Толығырақ

ТАҢДАҒЫ ТАМАША ТІРЛІК

ТАҢДАҒЫ ТАМАША ТІРЛІК

Бұл күндері аудан шаруашылықтарында егін орағы қызу қарқын алды. Осыған орай, сәрсенбінің сәтінде күзгі егін жинау науқаны барысымен танысу мақсатында Таң ауылына атбасын тіредік. Алтын бесік ауылға кірген бетте көше бойындағы тазалықты көріп, тәнті болдық. Тұрғын үйлердің сырты әктеліп, ағаш егілген арықтар шарбақпен қоршалған. Жолдарға асфальт төселіп айнадай жалтырап жатыр. Жайқалып өскен көшеттер, саялы ағаштар көшеге сән беріп тұр. Күн өткен сайын көркейіп жатқан ауылдың көрікті келбетін көріп, сүйсіндік. «Ауылына қарап, азаматын таны» дейді халқымыз. Осы ауылдың тумасы Таң ЛТД ЖШС-ның бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Имамзада Шағыртаевтың қомақты қаржы…

Толығырақ

ДИХАНШЫ ДӘДІКБАЙ

ДИХАНШЫ  ДӘДІКБАЙ

Өз бақытын адал еңбектен тапқан қарапайым адамдар арамызда аз емес. Солардың қатарында әр түрлі мамандық иелері болады. Ал, Бұқарбай батыр ауылында 1942 жылы дүниеге келген Дәдікбай аға мектеп бітірген соң алғашқы еңбек жолын механизатор болудан бастапты. Жоғары оқу орнына түсіп, агроном мамандығын алыпты. Ондағы ой-арманы – ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, алтын бесік туған ауылын дамытуға атсалысу. Мамандығы бойынша біраз жыл агроном, совхоз директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Көп ұзамай білікті маман диханшылықпен айналысып, негізгі дақыл – Сыр салысын мол өндіру үшін бригада тізгінін қолға алды. Әрине, ұжым басқарып еңбек ұйымдастыру…

Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ТАЗАЛЫҚҚА ҚҰЛЫҚСЫЗ

Жуырда  аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Тажмахановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Онда тазалық сақтаудың жай-күйі талқыланды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы №180 өкімімен санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары 10 шілдеге дейін ұзартылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Момынтаев өз хабарламасында тазалық жұмыстарын өз деңгейінде жүргізбей отырған ауылдық оругтерді атап өтті. Аталған бөлім қызметкерлері тарапынан барлық ауылдық округтерге арнайы рейд жүргізілгенде Қаракеткен, Бұқарбай батыр, Аламесек, Мырзабай ахун, Жаңадария, Таң ауылдарында тазалық жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмегені анықталған. Мәселен, Қаракеткен ауылындағы Мектеп…

Толығырақ