Былғары күртені қалай тазалаймыз?

Былғары күртені қалай тазалаймыз?

Күн салқындап келе жатырғандықтан, былғары күртені тазалап, жинап тастайтын уақыт та келді. Былғары күрте адамдардың көпшілігінде бар. Мұндай күртеге қалай күтім жасау керектігін және оны тазалау жолын ұсынамыз. Күнделікті күтім Күнделікті күтімді сабынды суға аздап мүсәтір спирті қосылған ерітінді қамтамасыз етеді. Егер былғары күртеңіздің ластанғанын байқасаңыз, осы ерітіндіге суланған шүберекпен тазартасыз. Бұл күртеңізде дақ болмаған жағдайда жақсы көмектесетін тиімді әдіс. Оны тазартып болған соң, күртеге майсана майын немесе арнайы крем жағып шығыңыз. Былғары күртені жиі тазартудың қажеті жоқ. Себебі оның беткі қабатын кетіріп және түсін өзгертіп алуыңыз мүмкін. Шаң-тозаңнан басқа…

Толығырақ

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

БІРІНШІ ҚАЖЕТТІ – БАЛ Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды. Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым не екі сағаттай қырынан жатып,…

Толығырақ

Баланың ыстығы көтерілген кезде үй жағдайында көрсетілетін алғашқы көмектерді біле жүріңіз

Баланың ыстығы көтерілген кезде үй жағдайында көрсетілетін алғашқы көмектерді біле жүріңіз

Баланың ыстығы көтерілген кезде не істеу керек? Алдымен ата-ана үй жағдайында алғашқы көмекті көрсетуге міндетті. Осы кезде көптеген ата-аналар халық арасындағы спиртпен немесе сірке қышқылымен ысу сияқты әрекеттер жасап жатады. Ал шын мәнінде бұл баланың терісін, тыныс алу жолын улау екен. Баланың ыстығы көтерілген кезде не істеу керектігін балалар дәрігері  Ғалия Батыржанқызы «Ана мен бала» бағдарламасында түсіндіріп берді. «Бала 35-37,5 градусқа дейінгі ыстықты көтере береді. Кей балалар тіпті 39 градус кезінде де күліп-ойнап жүребереді. Кішкентай балаларға свеча сәл ересектеулеріне дәрі, сироп бере аламыз. Ол әрине баланың жасына қарай ыңғайлы болу…

Толығырақ

Ағзаңыздың дабылына құлақ түріңіз

Ағзаңыздың дабылына құлақ түріңіз

Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестердің жүріп жататынын білесіз бе? Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, оны дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ. Терінің құрғақтығы Бұл ағзада Е дәруменінің жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз. Шаш пен тырнақтың сынғыштығы Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар. Қызылиектің қанауы С…

Толығырақ

Жұмбақ суреттер: Өзіңіздің қаншалықты байқампаз екеніңізді тексеріп көріңіз

Жұмбақ суреттер: Өзіңіздің қаншалықты байқампаз екеніңізді тексеріп көріңіз

Сіз өзіңізді байқампазбын деп есептейсіз бе? Болмашы нәрселерге де назар аударып жүресіз бе? Олай болса, өзіңізді тексеріп көріңіз. Мына суреттің кемшілігі неде? Жауап: Кеме сыртқа шыға алмайды. Сағаттың несі дұрыс емес? Жауап: IX және XI сандары ауысып кеткен. Мына пойыздардың нені байқап тұрсыз? Жауап: Пойыздың бірінің паровозы жоқ. Қыздың қолынан не байқадыңыз? Жауап: Айнадағы бейнесі басқа. Жүзімде қандай қателік бар? Жауап: Жүзімде мұндай жапырақ болмайды. Мына көріністе нені байқадыңыз: Жауап: Сағатта көрсетілген уақыт бойынша бұл кезде күн батпайды.     Stan.kz

Толығырақ

Раушан гүлінің тарихы

Раушан гүлінің тарихы

Сіз бүгінге дейін жаныңызға жақын адамнан сыйлыққа раушан гүлін алып көрген боларсыз немесе сүйікітіңізге осы бір кереметтей гүлді тарту етіп қуантқан да шығарсыз. Ал сіз раушан гүлінің тарихы туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Жоқ?! Ендеше төмендегі деректер сіздер үшін, аяулы оқырмандар! Раушан  – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ  десек, артық айтқандық емес. Келісесіз ғой?! Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі…

Толығырақ

Шай мен кофе: кофеин мөлшері қандай?

Шай мен кофе: кофеин мөлшері қандай?

Кофеин — өсімдік құрамында кездесетін табиғи зат. Ол кофе, шай, какаода кездеседі. 1 шыныда қанша милилиграмм кофенің барын дәл айту мүмкін емес. Себебі: • Кофе, шай әр түрлі болады. Олардың сорты, өндеу әдісі мен дайындалуы барысында кофеиннің мөлшері өзгеріп отрырады. • Ішетін ыдыстың мөлшері де сан алуан. Бірі бір шыны кесе шай ішеді. Енді бірі орта. Дегенмен, зерттеушілер біз үшін кофе мен шай құрамындағы кофеиннің мөлшерін шамамен есептеп қойған. Кофені сүйетіндер үшін ұсынатын дерегіміз мынандай: Шай ішпесек басымыз ауырып, мазамыз қашады. Бұл тәуелділік те кофеинге байланысты екенін білетін боларсыздар. Шай…

Толығырақ

Тез ұйықтау үшін…

Тез ұйықтау үшін…

Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйықтап кету керек екен. Кей адамдар түнде ұйықтай алмай, ары-бері дөңбекшіп ұзақ жатады. Бұл да өз алдына бір дерт секілді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Бұл қарапайым техника 4-7-8 деп аталады. Өзіңізге ыңғайлы бағытта жатыңыз. 4 секунд бойы мұрынмен демалыңыз. Деміңізді 7 секунд ұстап тұрыңыз. Ауызбен 8 секунд аралығында демалыңыз. Дәл осы жаттығуды ұйықтап кеткенше қайталаңыз. Әдістің тиімді жақтары Гарвард университетінің дәрігері Эндрю Вайль (Andrew Weil) дәрістерінің бірінде осы жаттығу туралы және тез ұйықтап кетуге арналған ең тиімді тәсілдер жөнінде айтты. Шын…

Толығырақ

Сірке суын тұрмыста қолдану

Сірке суын тұрмыста қолдану

Сірке суы көп жағдайда қауіпті. Бірақ ебін тауып, дұрыс қолданса, біраз нәрседе пайдасы бар. Мысалы… Тұрмыс техникасын қақтан тазалау Ыдыс жуғыш не кір жуғыш машина қаққа толып қалса, алаңдамаңыз. Оны 1-2 стақан сірке суы тазалай алады. Бар жоғы машинаны бос күйінде іске қосыңыз да, 3-4 минуттан соң, 2 стақан сірке суын жуғыш ұнтақ салатын жерге құйып жіберіңіз. Бұл әдіспен  тек қақты тазалап қана қоймай, 2 аптада бір рет тазалық үшін жасап тұруға болады. Гүлдердің өмірін ұзарту үшін Туған күніңізге сыйға тартқан гүл шоқтарының сізге ұзақ қызмет еткенін қаласаңыз, құмыраға 2…

Толығырақ

СЫҚПАНЫҢ СЫРТЫНДАҒЫ ТӨРТБҰРЫШ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

СЫҚПАНЫҢ СЫРТЫНДАҒЫ ТӨРТБҰРЫШ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Крем салынған сықпаның артқы жағында кішкене төртбұрыштың суреті болады. Олардың түсі әртүрлі: қара, қара қоңыр, қара көк, қошқыл қызыл. Кейде қызыл немесе жасыл түстілері де болады. Мұның сыры неде екенін білесіз бе? Күнделікті тұрмыста тұтынатын заттардың құрамы әртүрлі болады. Бірінде химиялық қоспалар көп болса, енді бірі тек табиғи заттардан жасалады. Аралас түрлері де бар. Енді соларға тоқталсақ, химиялық заттары бар өнімдердің сыртында қара түсті төртбұрыш тұрады. Ал 70%-ы химиядан, 30%-ы табиғи өнімдерден жасалған кремнің ыдысында қызыл түсті төртбұрыш болады. Жасыл төртбұрыш өнімнің 100% табиғи екенін білдіреді.

Толығырақ