АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің талаптарына сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру төмендегідей тәртіппен жүргізіледі Жер учаскесi орналасқан жер бойынша кенттің немесе ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және тиісті инфрақұрылымдармен қамтылған бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған…

Толығырақ

Елімізде үздік дизайнерлік жұмысқа конкурс жарияланды

Елімізде үздік дизайнерлік жұмысқа конкурс жарияланды

«ҚазАқпарат» ХАА Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үздік дизайнерлік безендіруге конкурс жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конкурстың мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттап, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау, сондай-ақ Елбасы бастамасының танымалдылығын арттыру. Сонымен қатар, аталған шара арқылы шығармашылық ортаны қолдай отырып, заманауи мәдениетті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен жақындастыра түсу көзделеді. Республикалық конкурс нәтижесінде үздік деп танылған туынды (графикалық иллюстрациялар) «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы түрлі декорацияларға, баспа өнімдеріне, киімдерге және тағы басқаларға қолданылатын болады. Сондықтан да, дизайнерлік идеялар негізінен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы құндылықтарға, атап айтқанда, «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің…

Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Кешеден бастап Қызылорда облысының 18-29 жас аралығындағы жастарына арналған «Baikonur Start-up» бизнес идеялар байқауына құжаттар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді. «Baikonur Start-up» бизнес-идеялар байқауы облыс жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында өткізіледі. Мақсаты — талантты, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау, қызықты идеяларды айқындау, сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқау әрбір жастың идеяларын бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді. Байқауға облыстың барлық өңірлерінің жастары қатыса алады. Конкурсқа алкоголь және темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесіндегі, сондай-ақ нәпсіқұмарлық және…

Толығырақ

Құрметті жалағаштықтар!

Құрметті жалағаштықтар!

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында партия жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, қазақ эстрадасының жұлдызы, жас әнші, шоумен Дильхан Исаевпен бірге «Рухани жаңғыру – жастарға бағдар» тақырыбында әнсапар акциясы өтеді. Акция Жалағаш кентінің орталық алаңында 17 қараша күні кешкі сағат 20.00-де басталады.

Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ»: ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ»: ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

«Қазақстаннның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған үтімкерлерге онлайн дауыс беру жалғасуда. Бұл жобаға Қызылорда облысынан жеті үміткер қатысып отыр.     Жалпы үміткерлерге www.100esim.el.kz сайтына кіріп дауыс беруге болады. Дауыс беру 10 қарашаға дейін жалғасады.     Еліміз бойынша дауыс беруге 302 үміткер ұсынылып отыр. Олардың 45-і ғылым саласынан болса, спорттан  42 үміткер бар. Медицина бойынша 46, мәдениет саласында 37, бизнес саласы бойынша 47 адам ұсынылған. Сонымен қатар, 85 адам жалпы қоғам атынан ұсынылып отыр.     Бір адам әр саладан үш адамға дауыс бере алады.   Осыған сәйкес бүгінге дейін жалпы саны 65 602 адам…

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Үстіміздегі жылдың 4 қарашасы күні сағат 9.00-де Жалағаш кенті орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде сатылатын өнімдердің бағасы базар бағасынан 10-15 пайыз арзандатылып сатылады. Жәрмеңкеден қалыс қалмаңыздар!

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті көрермендер 2 қараша күні сағат 19.00-де С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясын тамашалауға шақырамыз! Билет бағасы үлкендерге 500, студенттерге 400, оқушыларға 300 теңге. Касса: 27-28-93.

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті балақайлар! Сіздерді 4 қараша күні сағат 11.00-де және 14.00-де «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» балалар спектаклін тамашалауға шақырады. Келіңіздер! Көріңіздер! Билет бағасы 300теңге. Билеттер театр кассасында: 27-28-93.

Толығырақ