Алғаш рет Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді

Алғаш рет Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді

Екі мәнерлеп сырғанаушының есімдері белгілі. Олар – Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева. Ал үшінші лицензия үшін әлі де талас жүріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап. 2018 жылы мәнерлеп сырғанаудан өтетін халықаралық жарыс ерекше болмақ. Себебі, Олимпиада ойындарына еліміздің атынан үш бірдей спортшы қатысады. Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алып, он үздік спортшының қатарына кірді. Осылайша ол Олимпиада ойындарына қатысу үшін екі лицензия иеленіп отыр. Дәл қазір ол Браян Орсермен жаттығып жүр. «Бағдарламасын ұйымдастыруға оған Трейси Уилсон көмектеседі. Бұл жылы қысқа бағдарламаны ұйымдастыруға Миша Ге көмектескен болатын….

Толығырақ

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп шулап қоя берген

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп шулап қоя берген

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбеде өткен ақындар айтысында Жүрсін Ерманды сұраған халыққа Көпен Әмірбек әзілмен жауап берді. «Өнер орталығында» өткізілген республикалық ақындар айтысын ақын, сатирик, «Ара» журналының бас редакторы, еңбегі сіңген қайраткер Көпен Әмірбек жүргізген болатын, деп жазады aktobenews.kz. Халыққа таныстырып, айтыс жүргізушісін ортаға шақырған сәтте көрермендер «Жүрсін қайда?» деп шулап кетті. Сатирик Көпен Әмірбек «стойка қайда?» деп салды. Белгілі сатирик ақындарды хабарламас бұрын әзіл-шыны аралас әңгіме айтқан сайын халық қайта-қайта «айтыс, айтыс» деп әңгімесін басып тастап жатты. Айта кетейік, Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтіп, «Алтын домбыра»…

Толығырақ

Маржан Арапбаева мен Бүркіт “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды

Маржан Арапбаева мен Бүркіт “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды

Тәуелсіздік күні қарсаңында өнер саласында еңбек етіп жүрген бірқатар өнерпаздар мемлекеттік марапатқа ие болды. Олардың қатарында Бүркіт, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы сынды өнер майталмандары бар. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Жуырда ғана режиссер ретінде таспалаған тырнақалды туындысын ел назарына ұсынған Бүркіт “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атанды. “Осындай атаққа, үлкен дәрежеге мені жеткізген біріншіден Аллама, екінші әкем мен анама, үшінші xалқыма үлкен алғысым!” – деп қуанышымен бөлісті Бүркіт инста-парақшасында. Дәл осындай атаққа ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева да лайықты деп танылды. “Бірінші Аллаға, екінші халыққа мың да бір алғыс. Қуанышымда шек жоқ! Осы күнге…

Толығырақ

Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)

Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)

Қазақстандық Данэлия Төлешова Украинадағы “Голос.Дети” шоуының ақтық кезеңіне өтті. Жобаның жартылай финалында 11 жасар Данэлия америкалық әншінің әнін шырқап, қазылар алқасын жылатты, деп хабарлайды Stan.kz. Аталған кезеңде Данэлия Андра Дейдің “Rise up” әнін шырқаған-ды. Данэлияның талантына тәнті болған қазылар алқасы өз құлақтарына өздері сенбей, таңырқап қалғандарын жасырмады. Тәлімгерлердің түгелі дерлік көз жастарына ерік берді. “Тіпті сенбей отырмын, мен финалдамын. Көрсеткен қолдауларыңызға алғысым шексіз, әсіресе тәлімгерім Дима Монатикке көп рахмет”, – деп бөлісті Данэлия инста-парақшасында. Stan.kz

Толығырақ

Өте бай көрінеді: Бритни Спирстің визажисті Жұлдыз Әбдікәрімова туралы пікірін айтты

Өте бай көрінеді: Бритни Спирстің визажисті Жұлдыз Әбдікәрімова туралы пікірін айтты

Опа-далап, бес тонна бояу адамның түр-келбетін танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда сңғы кездері ел Қазақстан жұлдыздарын “бірдей боянғандықтан, бір-біріне ұқсап кеткен” деп сынайтын болған. Қазақстанға келген әйгілі Бритни Спирстің визажисті бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды. Данесса Майрикс Алматыға шеберлік сағаттарын өткізу үшін келген. Атақты бет әрлеушімен тәжірибе алмасуға келген мамандар Қазақстан жұлдыздарымен жұмыс істейді. Бұл ретте америкалық визажист Қазақстанның әйгілі бикештеріне қатысты өз пікірін білдірді. Лидо – “Ол әдемі, маған оның бет жүзі ұнайды”. Айдана Меденова – “Маған оның кірпіктері ұнайды. Бет сүйегі…

Толығырақ

Әнші Бүркіт түсірген фильм алғашқы аптада-ақ қыруар қаржы тапты

Әнші Бүркіт түсірген фильм алғашқы аптада-ақ қыруар қаржы тапты

YouTube-та жүктелген трейлері, Бурабайдағы сол шытырман оқиғадан күні бұрын хабар берген еді… Бұл «Логово» картинасының отандық кинотеатрларға жол тартқанына бір жұма өтті. Әнші Бүркіттің төл әрі тұңғыш фильмі, алғашқы уик-эндте үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды. «Логово» отандық фильмі тұсаукесерлі демалыста 15 млн астам теңге жинап, топ бестікті түйіндеді. Сценарийді Бүркіт яғни Айбек Жансейітов пен  ағасы Әли Жансейіт жазған. «Чудо» драмасы 28 млн теңгемен табыстылар тізімінде төртінші тұр. Басты рөлді сомдаушы Джейкоб Тремблей, рөлге ену үшін Тричер Коллинз синдромымен ауыратын балаларға көмек көрсету орталығына барып жүрген. Көңіл қылын…

Толығырақ

Димаш «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» марапатталды

Димаш «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» марапатталды

Кеше Алматыда «Жыл таңдауы-2017» ұлттық музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар түрлі аталым бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 145 әртістің ішінен дауыс беру жүйесімен 70 өнерпаз таңдалды, олар 15 аталым бойынша үздік деп танылды. Жас әнші Димаш Құдайберген «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» аталымын жеңіп алды. Ол жеке концертіне дайындалып жатқандықтан, марапаттау рәсіміне қатыспады. Бірақ көрерменге видео арқылы сәлем жолдады. «Жыл таңдауы – 2017» жүлдесін жеңіп алған әртістер қатарында Тоқтар мен Бейбіт, Тамара Асар, Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова, 91 тобы, Кәмшат…

Толығырақ

Димаш «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» марапатталды

Димаш «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» марапатталды

Кеше Алматыда «Жыл таңдауы-2017» ұлттық музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар түрлі аталым бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 145 әртістің ішінен дауыс беру жүйесімен 70 өнерпаз таңдалды, олар 15 аталым бойынша үздік деп танылды. Жас әнші Димаш Құдайберген «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» аталымын жеңіп алды. Ол жеке концертіне дайындалып жатқандықтан, марапаттау рәсіміне қатыспады. Бірақ көрерменге видео арқылы сәлем жолдады. «Жыл таңдауы – 2017» жүлдесін жеңіп алған әртістер қатарында Тоқтар мен Бейбіт, Тамара Асар, Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова, 91…

Толығырақ

Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды

Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды

Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды. Ол “Арман/Когда ангелы спят” фильміндегі рөлі үшін “Астана дарыны 2017” наградасымен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz. Бұл туралы Әбдікәрімованың өзі айтып берді. “Бұл туралы ақпарат таратпаймын деп ойладым. Бірақ іштегі қуанышымның үлкендігі соншалық, онымен бөліспей тұра алмадым. Астана әкімі Әсет Исекешевтің “Астана дарыны 2017” жүлдесіне ие болдым (“кино” аталымы бойынша). Бұл мен үшін алғашқы марапат әрі күтпеген жеңіс. Неге десеңіздер, бұл ең алдымен, менің емес, сіздердің жетістіктеріңіз. Сіздердің маған деген махаббаттарыңыз, жеке тұлға ретінде қызығушылық танытқандарыңыздың және де ең бастысы ізгі тілектеріңіздің арқасында…

Толығырақ

Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева лирикалық әнге бейнебаян түсірді (видео)

Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева лирикалық әнге бейнебаян түсірді (видео)

Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева лирикалық әнге бейнебаян түсіріп, тыңдармандарын қуантты. Қос өнер иесінің жаңа дуэті “Екеуміздің әніміз неге бөлек?” деп аталады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Танымал қос әншінің бірге шырқаған әні көптің көңілінен шығып, тыңдарман жүрегіне жеткен ұқсайды. Оны желідегі пікірлерден байқадық. “Күшті, әсерлі ән екен”, “Ән өте əсерлі шыққан, көптен күтіп едім, клипті түсінбей жатқандар үшін: өз ойым бір-бірін ұната тұра жолдары екі айырылған қаншама ғашықтар бар, айтқысы келгенімен уақыт өтіп, тым кеш болғанын жеткізгісі келді деп ойлаймын, қазіргі жастардың арасында да бұндай жағдай көп кезедседі”, – деп тамсанды тыңдармандар….

Толығырақ