БАЛАҢЫЗ БЕСКЕ КЕЛГЕНДЕ

БАЛАҢЫЗ БЕСКЕ КЕЛГЕНДЕ

Бұл жаста баланың екінші «алтын кезеңі» басталады. Бастаған ісін жартылай тастап кететін төрт жасар бала беске қадам басқанда ісіне тындырымды, үйретілген шаруаларды жайлап өзі атқара бастайтын халге жетеді. Мысалы: тамақ жеу, ішу, жуыну, киіну, тістерін тазалау секілді жеке басының шаруаларын өзі тындыра алады. Дегенмен, кішігірім көмектерді қажетсінуі мүмкін. Әлі де әке-шешесіне тәуелді болғанымен, өзімен қатарлас балалармен ойнай алады. Велосипед айдау, жіппен секіру, доп ойнау секілді қимыл-қозғалысты ойындарды жақсы көрумен қатар рөлдерге бөлініп ойнағанды да ұнатады. Ішкі жан дүниесін тұрақтылық билегенімен бойында қорқыныш сезімі басымдау болып тұрады. Қараңғы жерден, жоғалып кетуден…

Толығырақ

Жеті сағаттан аз ұйқы денсаулыққа қатерлі – ғалым

Жеті сағаттан аз ұйқы денсаулыққа қатерлі – ғалым

Ұйқының қанбауы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай,мінез-құлықтың өзгеруіне де себепші болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бұл туралы «Біз неге ұйықтаймыз?» кітабының авторы, Калифорния университетінің неврология профессоры Мэтью Уокер айтты. Ғалым жеті сағаттан аз ұйқы адам денсаулығына үшін қатерлі екенін, сондай-ақ ұзақ өмір сүруге кері әсерін тигізетінін атап өтті. «Бір күні жеті сағаттан аз ұйықтасаңыз, миыңыз бен организміңізде түзеуге келмейтін өзгерістер басталады. Алты сағат ұйқы жетеді дейтіндер, өкінішке қарай, өзі мен денсаулығын алдайды», — дейді Уокер. Ғалымның айтуынша, жұмыс күндері аз ұйықтаған адамның демалыста ұйқысын…

Толығырақ

…«Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын…

…«Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын…

Ғазал көктемім, жазар көктемім! Қайдасың? Сенсіз мазам жоқ менің. Сабырым қашып сағынып жүрмін, Көліме қонып қаз әндеткенін, Жеріме келіп жаз әндеткенін… Аңсаған үлбір үкілі бақты, Мендік жүректің лүпілі қатты. Қаталдығынан қайтпаған әлі, Қаһарлы қыстың үкімі қатты. Қамалып қарға кешкі бақтарда, Тоңады бүршік тек шыдап талда. Сағынышымды сыр қып айтамын, Сарғайып жатқан ескі хаттарға. Толғағы келіп толағай жырдың, Қорегі болдым қомағай мұңның. Ғазал көктемім, жазар көктемім! Сен едің сыйлы қонағы айдынның. Орайын таппай ойымдағы дау, Өзіңді күтіп уайымдадым-ау. «Сүйем!» деп сені сыбырлап тұрмын, Сүйеніп үнсіз қайыңға мынау. Қалқаман Сарин «Қамшы»

Толығырақ

ӘКЕНІҢ ӨКІНІШІ (БАЛАҢЫЗҒА ҰРЫСПАС БҰРЫН ОҚЫРСЫЗ)

ӘКЕНІҢ ӨКІНІШІ (БАЛАҢЫЗҒА ҰРЫСПАС БҰРЫН ОҚЫРСЫЗ)

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз. «Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын. Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың»…

Толығырақ

БАЙЫМАЙТЫН ОН ТҮРЛІ ЕРКЕК

БАЙЫМАЙТЫН ОН ТҮРЛІ ЕРКЕК

Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген еркектер құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер? Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы кемшін еркектер. Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ. Жұрт сөзіне ере кеткіш еркектер. Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау еркектер. Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл еркектер. Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл еркектер. Өз отбасындағы шағын…

Толығырақ

Көлеңкедегі керемет

Көлеңкедегі керемет

Бүгінгі күні тәрбие жайлы сөз қозғасақ өмірде орын алып жатқан оқиғалардың жағымсызын жинап алып ата-ана немесе ұстаздарға сын көзбен қарайтын болдық. Ғаламтордан «Ақ қағаз бен қара нүкте» жайлы ақпаратты оқығаннан кейін жазбалы ойға шомдым. Расымен де біз үлкен ақ парақтан кішкентай қара нүктені ғана байқайды екенбіз. Шындығында шалыс қадамдарға барып жүргендер жетерлік. Соны дабыра қылып талқыға салу арқылы отқа май құйып, мәселені өршітіп жатқанымыз өкінішті. Бәлкім бұл да дұрыс болар. Дегенмен сол нүктенің көлеңкесіндегі кереметті де көргеніміз жөн. Отбасы – жылуынан жаның жайланып, мықты қорғанынан өзіңді қауіпсіз сезінетін мекен. Себебі…

Толығырақ

Мен түнгі 23:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасағым келеді

Мен түнгі 23:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасағым келеді

Мен шығармашылық адаммын. Тақырып ешқандай жанама мағына емес, тура мағынасында. Себебі шығармашылық адамдардың нағыз жұмысқа құлшына кірісетін кезі осы аралықта. Қалай? Түн баласы ауған кезде ақын-жазушы, суретші жалпы өнер адамдары оянады. Оларды оятатын табиғаттың осы бір тылсым күші. Түн ауған кезде олардың миында үлкен жарылыстар туады. Ол жарылыстардың күші он жанартауға тең. Себебі төгілген әрбір идея ағып жатқан лавадан ыстық.  Түнде қарапайым адамдар ұйқыға кеткен кезде, бұлар оянады. Әдейі емес, жүрек оятып алады. Мазасыз ойлар оятады. Таңды атырып барып бірақ жатады. Сомен күні бойы шаршап, тынысты тарылтқан тірлікте әлсіреген күйінде…

Толығырақ

Дүние-айна

Дүние-айна

Ерте ерте ертеде… Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішін тұтастай айнамен қаптапты. Барлық бөлменің қабырғасы, асты-үсті айна болған екен. Бір күні сарайдың ішіне сұлтанның иті жүгіріп кіріпті. Айналасына қараса, мыңдаған ит қоршап алыпты. Барлық жақтан оған иттер қарап тұр. Иттерден қорықса да, қорыққанын білдірмеу үшін тісін ақситты. Осылайша басқаларды қорқытпақшы болады. Сөйтсе, мұнымен қоса барлық иттер де тісін ақситты. Ит ырылдаса, басқа иттер де ырылдады. Енді ит басқа иттерге қарсы үре бастайды. Бар күшін салып үрді. Бір қараса, жан-жағынан басқа иттер де оның үргенінен қаттырақ үре бастайды. Ол қанша…

Толығырақ

Мидың сіз білмейтін қызметтері

Мидың сіз білмейтін қызметтері

Адам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше ондаған жылдар өту керек дейді. МиымыздыҢ атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз: • Зейін; • Есте сақтау қабілеті; • Ойлану; • Белгілі бір бағытта жұмыс жасау; • Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару; • Жоспарлау; Мидың негізгі ерекшелігі – ойлау қызметін атқаруында. Ми қызметтерін оның жіктелуіне сәйкес қарастырады: 1. Мидың қызметіне сәйкес латерализация деп аталатын жарты шарларға жіктеледі. Ми физикалық тұрғыдан екі жарты шарға бөлінген. Олардың сыртқы бейнесі ұқсас болғанымен, әртүрлі қызмет…

Толығырақ

Кешке «бір нәрсе» жегің келетін әдетті қоя алмай жүрсең…

Кешке «бір нәрсе» жегің келетін әдетті қоя алмай жүрсең…

Кеш болса қайта-қайта тоңазытқышты ашып, әсіресе салқын мезгілде бір нәрсе жегіміз келе береді. Мұндай сәтте өзімізді бақылауда ұстай алмай, көп жеп қоюымыз да ғажап емес. Ал кешкілік асқазан да демалады, тамақты қорыту қиындай түседі. Сондықтан бұл әдетпен күресу керек. Тоңазытқыш есігіне сымбатты қыздардың суретін іліп, әртүрлі жігер беретін сөздер жазып қойыңыз. Мүмкін, осыны көргенде тәбетіңіз сәл басылар. Инстаграмнан мүсінінде мін жоқ қыздардың суретін көріңіз. «Ондай болмақ қайда» демей, сонда сіз де мүсініңізді қалыпты ұстауға талпынасыз. Тағамдық құндылығы көп тәттілер, пісірмелер секілді тағамдарды тоңазытқышта сақтамаңыз, тіпті сатып алмаңыз. Тәттіге құмарлығыңыз басылмай…

Толығырақ