Қызылорда облысында смартфонға арналған әйнектер шығарылады

Қызылорда облысында смартфонға арналған әйнектер шығарылады

Қызылорда өңірінде смартфондар мен планшеттерге арналған әйнектер шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Әйнек зауытының құрылысы наурызда аяқталады. 1 шілдеден бастап зауыт өнім шығаруды бастайды. Сонымен қатар, біз ендігі жылдан бастап осы зауыттың жанында смартфондар мен планшеттерге арналған әйнек (дисплей — автор) шығаратын зауыттың құрылысын бастаймыз. Бұл зауытта гаджеттерге арналған әйнектер шығады», — деді Қырымбек Көшербаев. «Orda Glass» зауытының директоры Ержан Сағынбаев құрылысқа қажетті қаржыны қытайлық «Чайна триумф» компаниясы бөлетінін айтты. «Мұндай зауыт әлемде тек…

Толығырақ

WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет пайда болды

WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет пайда болды

WhatsApp мессенджерінің қолданушыларында геомәліметтер жіберу мүмкіндігі пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мессенджердің блогына сілтеме жасап. «Бүгін жаңа жүйені таныстырмақшымыз. Оның арқасында сіздер өзіңіздің тұрған жеріңізді дәл сол уақытта отбасыңызға не достарыңызға жібере аласыз. Геомәлімет — бұл сіздің қайда екеніңізді білдіру жүйесі. Сіз достарыңызбен кездесу үшін немесе өзіңіздің қауіпсіз жерде жүргеніңізді я болмаса баратын жерңізді бөлісе аласыз», — дейді құрастырушылар.  Жүйе шифрланған және қай уақыттың ішінде және кіммен бөлісуді өзіңіз басқарасыз. Хабарламада бұл жүйенің кез келген уақытта өшіруге болатыны айтылған.  Жүйені қосы үшін керек адаммен чатты ашып, «Қосу» фунциясын…

Толығырақ

«Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдау үшін қалай онлайн дауыс беруге болады?

«Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдау үшін қалай онлайн дауыс беруге болады?

«Қазконтент» АҚ басқармасының төрағасы Евгений Кочетов «Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдап алу бойынша 100esim.el.kz сайтында үміткерлерге қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстан үшін өте маңызды жоба бойынша дауыс беру сәрсенбінің сәтінде басталады. Тұңғыш рет бүкіл Қазақстан аумағы бойынша табысты адамның қандай болатынын дәлелдегендерді іріктеп алып жатырмыз. 302 үміткер бар. Олардың 100-ін біз сіздермен бірге ашық түрде интернет арқылы іріктейміз. Ыңғайлы болу үшін кандидаттарды 6-ға бөлдік. Мәдениет бойынша 32 адам, қоғам бойынша 83, бизнес бойынша 51 адам, медицина 46 адам, ғылым 47 адам, спорт бойынша 43…

Толығырақ

СЫР ЕЛІНДЕ СЕРПІНДІ ІСТЕР КӨП

СЫР ЕЛІНДЕ СЕРПІНДІ ІСТЕР КӨП

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың  баспасөз конференциясы өтті. Облыс әкімінің айтуынша, өңір экономикасының дамуына Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін берген. Бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асса, оның 16 толық қуаттылығында жұмыс істеуде. Қызылордада соңғы жылда ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23% артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жетті. – Жүзеге асырылған жобалардың сапасын арттыру мақсатында біз Индустрияландыру картасына түгендеу жүргізіп, тиімсіз және экспорттық әлеуеті төмен, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастадық. Қалған жобалар бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Мәселен, келер жылы облыста молибден үш тотығын шығаратын…

Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ БОЛАШАҚТЫҢ КӘСІБІ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ БОЛАШАҚТЫҢ КӘСІБІ

Соңғы кезде шағын және орта бизнес субъектілерінде қамтылғандардың үлесі 22-ден 26 пайызға артты. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің арқасында тек соңғы жылда 6,4 пайызға өсті. Болашақта басты мақсат — орта-кіші бизнестің үлесін 45-50 пайызға жеткізу. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. «Осыған орай, біз жыл басында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзіміздің бірыңғай «Жол картамызды» қабылдадық. Онда Үкімет пен облыс әкімдігінің қолданыстағы бағдарламалары шеңберінде аталған саланы қолдаудың мүмкін болатын барлық бағыттарын өзара байланыстырдық. Оны…

Толығырақ

«Біз биыл облыс тарихында бірінші рет 500 мың тоннадан астам Сыр маржанын қоймаға құйдық»

«Біз биыл облыс тарихында бірінші рет 500 мың тоннадан астам Сыр маржанын қоймаға құйдық»

Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы да айтты. Мәселен, өңірдің агроөнеркәсіп секторында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылдың ішінде мал азықтық дақылдар, майлы дақылдар және азықтық дән алқабы 6 мыңнан астам гектарға артқан. Өндірістік негізде картоп, көкөніс және бақшалық дақылдар өндірісін дамыту басталды. Оған қоса, осы кезең ішінде әсіресе, сорт өнімділіктерін арттыру есебінен күріштің жалпы өнімі 30 пайыздан астамға өсті. «Біз биыл облыс тарихында бірінші рет 500…

Толығырақ

КӘСІПОРЫНДАР АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

КӘСІПОРЫНДАР АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Келесі жылы аймақта молибден үш тотығын шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты. – Өнім экспортының көлемі Жапонияның үлесінде болады. Алдағы жылдың шілде айында шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеңінен қолданылатын томпонажды цемент шығаратын зауытты іске қосамыз, – деді аймақ басшысы. Бұл кәсіпорындардың барлығының әлеуеті жоғары, жаңа технологияларға негізделген.

Толығырақ

20 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

20 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында баспасөз конференциясын өткізуде. Аймақ басшысы айтқандай, өңір экономикасының дамуына үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін берді. Бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асырылды. Оның 16-сы толық қуаттылығында жұмыс істеуде. Қызылордада соңғы жылда кәсіпорындар өндірген өнім экспорты 23 пайызға артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жетті.

Толығырақ

ШЫНЫ ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒАР БИІГІ

ШЫНЫ ӨНДІРІСІНІҢ ШЫҒАР БИІГІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысымызға жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласының Титов қыстағындағы индустриялық аймақта салынып жатқан шыны зауытының жұмысымен танысқан болатын. Аумағы 4 футбол стадионына тең келетін бұл зауыттың бүгінгі қарқыны қандай? Мамандар айтқандай, алдағы жылы пайдаланылуға беріле ме? Осы мәселелердің анық-қанығын білу мақсатында аталған зауытта арнайы репортаж жасап, ондағы құрылыс жұмыстарын бағамдап қайттық. Шыны зауытының орналасқан аймағы «Шығармашылық үйінен» қашық болғандықтан, ертемен аттануға тура келді. Қоңыр күздің таңы салқын. Сол себепті, киіміміз де қалың. Дегенмен, біз Титов қыстағындағы индустриялық аймаққа жеткенше қазанның «кемпір шуақты» күні ысып сала берді. Межелі…

Толығырақ

«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ЕНГІЗІЛЕДІ

«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгінде қызылордалық «Қорқыт ата» әуежайы мен тасымалдаушы «Аэрофлот» компаниясы арасында келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Бішкек бағытына ұшатын тұрақты рейс ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді. Бүгінгі таңда, әуежайдың халықаралық бағытын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы 28 бағытта ұшақ қатынайды. – Жыл басынан бері әуежайдан 80 мың жолаушы ұшты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,7%-ға артқан, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Әбдіхалықов….

Толығырақ