Microsoft академиясы ашылады

Microsoft академиясы ашылады

Қызылорда облысында Microsoft академиясы мен инновациялық-инжинирингтік орталық ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Өткен жылдың сәуір айында Қызылорда өңірі республика облыстарының ішінде алғашқы болып Microsoft компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Ал шілде айынан бастап жоғары білікті мамандар онлайн режимде білімін шыңдауға кірісті. Сонымен қатар, біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Microsoft академиясын ашу туралы уағдаластық», — деді әкім. Көшербаев өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір жобаға тоқталды. «Мәскеудің болат және…

Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті. – Биыл біз тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Астананы салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары…

Толығырақ

КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Корея Республикасы Чолланамдо провинциясы Білім департаментінің делегациясы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде комьютер орталығының ашылу салтанатына қатысты. Чолланамдо провинциясының Білім департаменті өзара ынтымақтастық негізінде Қорқыт Ата университетітіне LG маркалы 69 компьютер сыйға тартты. Компьютерлік орталықта студенттер аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын тапсыра алады. Жыл сайын университеттің халықаралық қатынастар аясы кеңейіп келеді. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім беру және ғылым қоғамдастығына одан әрі ықпалдасуға бағытталған. Бүгінде университет АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Египет және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен, білім беру және…

Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу- тіл реформасының бір сатысы

Латын әліпбиіне көшу- тіл реформасының бір сатысы

Латын әліпбиіне көшу — тіл реформасының бір сатысы. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшуіміз керек екенін және латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Елбасының шешімін қолдай отырып, оның әрі қарай насихаттау мақсатында аудандық кітапханада «Латын әліпбиіне көшу- тіл реформасының бір сатысы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

АРАЛ БАЛЫҒЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

АРАЛ БАЛЫҒЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асқан САРАТС-1 жобасы тартылған Аралдың табанына су толтырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық ахуалын жақсартты. Арал теңізін сақтап қалуға арналған ғасыр жобасының нәтижелері мен аудандағы ілкімді істер жайлы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте кеңінен айтылды. «Бақыт» ЖШС директоры Аманбай Ерхатовтың мәлімдеуінше, бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланып, жергілікті балық зауыттарында өңделеді. Дайын өнім Ресей, Грузия, Дания, Польша, Әзірбайжан елдеріне экспортталуда. – Елбасының қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасы бойынша Көкарал бөгеті салынып, Кіші Арал теңізі сақталды. Теңізді бөгеген теңдесіз жобаның әлемде баламасы…

Толығырақ

ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Тұтыну бағалары индексі мен жұмыссыздық деңгейіорташа республикалық көрсеткіштерден төмен қалыптасуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. Жыл басынан бері 9,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Соңғы жылдары облыста жұмыссыздық 5-тен 4,8 пайызға төмендеді. Бұл ретте, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған іс шаралар тиімді нәтиже беріп отырғанын айту керек. Баспасөз конференциясында аймақ басшысы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу жұмыстарын кең көлемде жүргізіліп жатқанын айтты.

Толығырақ

АЙМАҚ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒЫП, МАЛДЫ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

АЙМАҚ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒЫП, МАЛДЫ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. Мәселен, бүгінде малдардың алғашқы партиясы Иранға жөнелтілді. Жыл аяғына дейін аталған елге 10 мың бас қой экспортталатын болады. Ал, болашақта экспортқа ет және ет өнімдері шығарылады. «Осы аптаның аяғында Иранға баруды жоспарлап отырмыз. Сауда-экономикалық саласында ынтымақтастық және де ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімдік келісімге қол қоюды ойластырудамыз. Айта кету керек, соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты бізде 48 пайыздан астамға, күріш экспорты 53 пайызға артты. Ет…

Толығырақ

Қазақстан халқының саны 1 қыркүйекте 18 млн,74 мың адамға жетті

Қазақстан халқының саны 1 қыркүйекте 18 млн,74 мың адамға жетті

Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті, 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3%-ті құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған. Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5 сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ке аз. 1 мың адамға…

Толығырақ

Әкімдіктер мектептен ақпарат сұрауды доғарсын

Әкімдіктер мектептен ақпарат сұрауды доғарсын

Бүгін Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтыла алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Қағаз түрінде есеп беру жүктемесі әлі күнге дейін сақталып отыр. Біз өзімізге қатысты дүниелерді сандық жүйеге көшірдік. Бірақ әкімдіктерде 15-тен 20-ға дейін түрлі комиссия бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмаған жастар, әйелдер, жастар ісі, тәртіп бұзу бойынша және т.б. комиссиялар. Осылардың барлығы мектептерден жазбаша түрде есеп сұрайды. Сондықтан ұстаздар әлі күнге дейін есепті жазбаша толтырып жүр», — деді ол. Сонымен қатар, министр қазіргі таңда бүкіл керекті ақпарат…

Толығырақ

Қытайда қанша қазақ бар және олар қалай қоныстанған?

Қытайда қанша қазақ бар және олар қалай қоныстанған?

Қытайдағы қазақтар Шыңжаң провинциясына қарасты Іле Қазақ автономиялы облысына (Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын қамтиды), Санжы дүнген автономиялы облысына, Құмыл аймағына, Бұратала моңғол автономиялы облысына, Үрімжі қаласына, жалпы алғанда, солтүстік және шығыс Шыңжаңға жиі қоныстанған. Бұдан бөлек Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында, Чиңхай өлкесінің Хайши аймағында және Бейжің қаласында да қандастарымыз көптеп тұрады. Қытайдағы қазақтардың саны 1949 жылы 443 мың 655 болса, 1979 жылы 847 мың 997-ге жеткен. 1982 жылы қазақтың саны 907 мың 583, 1985 жылы 964 мың болған. Бұл көрсеткіш 1990 жылға келгенде 1 миллион 100 мыңды көрсетсе,…

Толығырақ