Елбасымен 11 жасында вальс билеген қыз президент берген сыйлықты 21 жыл бойы сақтаған

Елбасымен 11 жасында вальс билеген қыз президент берген сыйлықты 21 жыл бойы сақтаған

Ақтөбеде 21 жыл бұрын Президентті вальске шақырған Мәдина Сейтжанова өмірінде болған ерекше оқиғамен бөлісті. Кейіпкеріміз бір сәттік кездесуден алған әсерін айтып берді. Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды. «1995 жылы Президент шыршасы Ақтөбеде алғаш рет өтті. Ең бірінші президент шыршасы Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған болатын. Сол кезде шараны өткізуге жарты жыл бұрын дайындық басталды. №24 мектепте 5 класстың үздік оқушысымын. Президентпен билейтін оқушыны таңдау үшін мың бала кастингтен өтті. Басында бізге ештеңе түсіндірген жоқ, тек вальс қимылдарын жасау керектігі айтылды. Комиссия мүшелері мені таңдап, президентпен билейтінімді айтты», — дейді Мәдина Сейтжанова. Президентті биге шақыру үшін…

Толығырақ

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев бүгін 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, – деп хабарлайды Stan.kz. Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген. 1952 жылы «Қарағанды жырлары» атауымен алғашқы кітабы басылып шықты. Ақын 200-ге жуық әннің сөзінің жазған. Сондай-ақ, 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. Мұзафар Әлімбаев шығармаларының өзектілігі мен құндылығы соншалық, оның еңбектері әлемнің 20 тіліне аударылған екен. Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетіне де зор үлес қосқан. Ақын республикалық «Балдырған» журналында 30 жылға жуық уақыт бас редактор қызметін атқарған. Сонымен қатар қаламгер…

Толығырақ

МӘДЕНИЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ЖЫРАУДЫҢ АТЫ БЕРІЛСЕ…

МӘДЕНИЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ  ЖЫРАУДЫҢ АТЫ БЕРІЛСЕ…

Өзі ауылда қалса да, атағы алты алашты аралап кеткен ақын—жырау Әбділда Жүргенбаевтың Сыр бойында ғана емес, қазақ өнерінің аспанында­ да өз замандас­тарынан шоқтығы биік тұр. Әбділда Жүргенбаев 1914 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, бұрынғы Қазақстанның ХХ жылдығы атындағы колхозда (қазіргі Мырзабай ахун ауылы) дүние есігін ашқан. Әкесі Жүргенбай шаруа кісі болыпты. Жасынан ауыл арасындағы жиын-тойларда қолына домбырасын алып, ән-жыр айтып, ел көңілін сергітіп жүрген Әбділданың ойын-сауықтарда өзі құралпы қыз-жігіттерге жанынан суырып салып айтқан қағытпа қалжың өлеңдері жұрт жадында жатталып қалып, ел арасына тез тарап кетіп отырған. Сырдың бойы жыраулардан кенде…

Толығырақ

ДАРИЯСЫН СҮЙГЕН ДАРЫН

ДАРИЯСЫН СҮЙГЕН ДАРЫН

Ол кезде облыстық интернет газетте бас редактордың орынбасары қызметіндемін. 2011 жылдың күзі, қара суық енді-енді күш ала бастаған. Кәдімгі түске дейін желі құтырып, түстен кейін мамыражай бола қалатын әрі-сәрі мезгіл. Лаж болса кабинетте қамалып отырғанды тәуір көреміз. Сондай күндердің бірі болатын. Бөлмеміздің есігі ашық, дәлізде ерсілі-қарсылы жүргендер даусы анық естіледі. Әлдебір уақытта таяқ ұстаған кісінің баяу қозғалып, бізге қарай жақындап келе жатқаны байқалды. Ата басылым “Сыр бойына” шаруа айтып бас сұғатын көптің бірі болар деген оймен аса мән бергеніміз жоқ. Сәлден соң өзі де көрінді. Кабинетке кіруге ыңғайлана бергенінде өре…

Толығырақ

ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН

ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ  БӨЛЕНГЕН

Ер азаматтармен бірдей еңбекке араласып, аброй биігінен көрініп жүрген қыз – келіншектер көптеп саналады. Солардың бірі агроном Ханбибі Асқарованың есімін аудан халқы жақсы біледі. Дегенмен оның Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келіп, Уалихан есімді жігітпен дәм-тұзы жарасып Жалағаш ауданына келін болып түскенін көпшілік біле бермеуі мүмкін. Уалихан Ержанов жоғары білімді құрылыс маманы еді. Бірақ, оның өлшеулі өмірі қысқа болды. Құрылыс саласында еңбек етіп, балалары енді ер жете бастағанда өмірден озды. Тірі жан тірлігін жасайды. Бел шешіп еңбекке араласу, балаларын тәрбиелеп қатарға қосу – жалғыз басты ана Ханбибінің маңдайына жазылыпты. Жалғызбын деп…

Толығырақ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Ел игілігі үшін еңбекпен етене   араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасап жүрген ұстаздық қызмет  қашан да құрметке лайық. Өйткені,  мұғалім шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, елге адал қызмет етуге тәрбиелейді. Сондықтан, әрбір шәкірт  өз ғұмырында рухани дүниені жасаушы ұстазына борышкер. Алаштың  айтулы ақыны, ұлы ағартушы Мағжан Жұмабаев: «Алаштың  арыстары мен ардақтылары  бас қосар болса, ең қадірлі орын – мұғалімдікі», – деген  екен. Расында, ықылым заманнан бері ел-халқымыз ерекше қастерлеп келген  ұстаздық қызмет кез-келген құрметке лайық дер едім. Мен де солардың қатарында ардагер ұстаз, «Қазақ ССР  халық ағарту ісінің үздігі» Өтепберген Әбиұлын…

Толығырақ

СӨЗ ЗЕРГЕРІ – ҚАЛМАХАН

СӨЗ ЗЕРГЕРІ – ҚАЛМАХАН

«Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан, ел дамуына зор үлес қосқан  қаншама замандастарымыз бар. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына  өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп Елбасы Н.Назарбаев айтқан болатын. Білім беру реформасының алғашқы бастамасына өзіндік үлесін қосып, сол жолда өшпес із қалдырған дара тұлға – Қалмахан Нұрғалиевтың туғанына биыл 75 жыл. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, журналист, білікті ұстаз Қалмахан Нұрғалиұлы Нұрғалиев 1942 жылы 7 қарашада дүниеге келген. Ол 1948-1959 жылдары Жалағаш ауданындағы Сталин атындағы мектепте оқып, білім алған. Одан…

Толығырақ

ТАРИХШЫҒА ТАҒЗЫМ

ТАРИХШЫҒА ТАҒЗЫМ

Жуырда белгілі қаламгер, тарихшы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ахмет Тілеулиевтың 70 жасқа толуына байланысты аудандық мәденеит үйнде еске алу кеші өтті. Сондай—ақ, аудандық тарихи өлкетану музейінде А.Тілеулиевтің тарихи шығармалары мен экспонаттары жинақталып арнайы бұрыш ұйымдастырылып, бюсті орналас­тырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев, «Атамұра» баспасының аға редакторы, жазушы Ж.Қайранбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Бекмағанбетов, А.Тілеулиевтің курстас­тары Р.Томанова, К.Нұрлыбаева, ауыл ақсақалдары, музей қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Шарада ауылда туып, тәңір берген дарындылығымен, шығармашылық қабілетімен ауданымызға,…

Толығырақ

Экономистердің ұстазы еді

Экономистердің ұстазы еді

Экономист. Бұл тоғыз әріптен тұратын терминнің тарихы сонау алыста жатыр. Оны біліп қойғанның зияны бола қоймас. Алғаш рет бұл сөз ақша-товар айналымы шыққан кезде ежелгі Грецияда қолданылыпты. Экономика деген сөзді Ксенофонт, Платон және Арис­тотель секілді ғалымдар алғаш рет өздерінің ғылыми еңбектерінде пайдаланған. Осылардың негізінде осыдан жүздеген жылдар бұрын экономист деген профессия өмірге келген. Осыған байланыс­ты айтпағымызды одан әрі жалғастырайын.   Жиырмасыншы ғасырдың, яғни 1964-1985 жылдардың аралығында ауданның совхоздары мен ауыл шаруашылығы са­лаларындағы кәсіпорындары мен ме­ке­мелерінде бас экономист болып: Тасқара Байниязов, Қалдан Қойшығұлов, Файызхан Кенжетаев, Жәдігер Шонықов, Өмірзақ Тұңғышбаев, Тобаш Ембергенов,…

Толығырақ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

Адамдарға жақсылық жасап, бақыт сыйлау үшін шынайы ниет пен жылы жүрек қана керек екен. Білікті дәрігер, үлкен жүректі азамат Болатбек Баймахановтың есімі бүгінде елімізге таныс. Болатбек ағаның адам жанын ажалдан арашалау жолындағы дәрігерлік антына адалдығынан бөлек, адамгершілік тұлғасы да тұғырда тұр. Соған орай бұл кісінің елден алған абырой мен алғысы да бір басынан жетіп артылады. Мақтауға зәру емес. Десе де, жақсы адамның нұрын тасыту үшін біз оның адамдық қасиетін ашып айтуға тиіспіз. Өйткені, Алла абырой беріп, адамдардың алғысына бөленген жандар халыққа ортақ, оның бойындағы жақсы қасиеттер де өзгелерге үлгі, кейінгіге…

Толығырақ