Бірлікті бекем ұстаған

Бірлікті бекем ұстаған

Киелі Жалағаш топырағынан батыр да, әулие де, билер мен сөз мәйегін жеріне жеткізе сөйлейтін шешен де, сан алуан өнер адамдары да өткен. Көптеген зерттеуші қаламгерлер баспасөз беттерінде, жазған кітаптарында естігені бар, оқығаны бар дегендей жазып, халық жадында өткеніміздің ізі сақталсын, жоғалмасын деген ниет­пен іздерін қалдырды. Әйтсе де көптеген жазылған жәйттар толық өз мәнінде көрсетілмеген дүниелер көп. Сондықтаң да Жалағаш кентінің тұрғыны Табынбай ақсақалдың көзінің тірісінде айтқан әңгімелеріне орай есімде қалғанды жазуды мақұл көрдім. Ол кісі Жалағаш вокзалындағы су құбырының құрылысына, Қалжан ахун мешітін салуға қатысқан екен. Сондай-ақ, темір жол құрылысының…

Толығырақ

ЕЛЕМЕС БИ КЕСЕНЕСІ

ЕЛЕМЕС БИ КЕСЕНЕСІ

Сыр өңірінде ел қорғаған батырлар мен елдің бірлігіне қызмет еткен билер  көптеп саналады. Солардың қатарында  Елемес бидің  әділ төрелігі  мен батырлығы жайлы ел аузында әңгімелер көп. Руы  Бәйбіше – Сарқасқа  Елемес  би  Жаңадария өзенінің бойында, шамамен 1798 жылы туып, осы жерде 1872 жылы қайтыс болған. Орынбор шекаралық комиссиясының құжаттарында Елемес бидің аты аталып, оның таңбасын басқан құжаттар  кездеседі. Аңыз бойынша, ол кісі Жаңадария бойындағы Қожанияз бек пен Бабажан сарттың жасауылдарымен болған  бір ұрыста бір өзі бұзау тіс қамшымен 6 хиуалықты аттан ұрып жыққан екен. Елемес би ел ішіндегі тентектерді тезге…

Толығырақ

ЖЕНТ пе, әлде Жаңақала ма?

ЖЕНТ пе, әлде Жаңақала ма?

Қазіргі таңда Жалағаш ауданының аумағында орналасқан тарихи орындар мен ескерткіштер аз емес. Аудан бойынша 61 тарихи және мәдени ескерткіштің ішінде ежелгі және ортағасырлық қалалар мен қоныстар ерекше орын алады. Солардың бірі – республикалық маңызы бар  ортағасырлық Жент қаласы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққолқа ауылының оңтүстігінен 16 шақырым, Сәтбай кесенесінің солтүстік-батысынан 6-7 шақырым жерде орналасқан. Ескі шаһардың  орны қазіргі уақытта 40 гектардан астам аумақты алып жатыр. Қала қирандыларының мерзімделуін әр ғасырларға жатқызуға болады. Сол­түстігін су жүрген арық-канал кесіп өтсе, оның солтүстік-батысында  ХҮІІ-ХҮІІІ ға­сырларда  Хиуа хандары  қам кесектен салдырған  ғимараттар, мұнаралар мен …

Толығырақ

ЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНЕР

ЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНЕР

«Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» деуші еді ғой әлгі бір халық әнінде. Иә, «Халық айтса, қалып айтпайды». Жақсы адаммен өткізген жарты сағат тұрмақ, сол жақсыны көшеде кездейсоқ көріп қалғанда көпке дейін жаныңды жылытып жүретін бір ауыз сөз естігеніңнің өзі неге тұрады?! Жақсылар тек жақсы сөз ғана айтып, айналасына үнемі шарапат шуағын шашып жүреді екен. …Жақсы адамдар жайында ойласам менің есіме қазақы болмысты, батыр тұлғалы қоңырқай кісі түседі және-дағы ол қатардағы көптің бірі емес еді. Жаратқан дәл осы пендесін жасап жатқанда оның жанына жамандық атаулыны жуытпай, тек жақсылықтың…

Толығырақ

ҚОЛДА БАРДА ҚАДІРІ ЖОҚ ҚОС НЫҒМЕТ

ҚОЛДА БАРДА ҚАДІРІ ЖОҚ ҚОС НЫҒМЕТ

Хадисте адамдардың көбі қолда барда қадірін білмейтін, қадір-қасиетін айрылып қалған соң ғана түсінетін теңдесі жоқ қос нығмет жайлы айтылған. Олар денсаулық пен уақыт. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, осынау баға жетпес қос нығметтің қадірін білмеушілік көбіне жастық шақта орын алатыны белгілі. Өйткені, адам ғұмырындағы денсаулықтың ең мықты кезі осы жастық шақ. Сол Алла берген денсаулықтың арқасында шаршап-шалдығуды білмейтін күш-қуаты тасыған жастардың аз уақытта көп істі тындыра алатын мүмкіндігі де бар. Оның үстіне жастар әбден аяқтанғанша үлкендердің қамқорлығында болатындықтан қол-аяқтарын байлайтын тіршіліктің күйбеңі мен сан түрлі жауапкершіліктерден де ада болады….

Толығырақ

ӘЙЕЛІМНІҢ АТЫН ӨЗГЕРТІП АЛДЫМ

ӘЙЕЛІМНІҢ АТЫН ӨЗГЕРТІП АЛДЫМ

Ұялы телефоныма өз әйелімнің атын Хадиша деп жазып қойдым. Кім біледі, оған да бір себептер болған шығар. Өзіне бұл туралы айтқан да жоқпын. Бір күні менің телефонымды алып қолданғысы келді. Қараса, бетінде бір күнде бірнеше рет телефон соғылған Хадиша деген есім тұр. Сол кезде оның өзгерген түрін көрсеңіз. Түрі өзгеріп, өңі қашып кеткені көрініп тұр. Ашуға булығып тұрып Хадишаның кім екенін сұрады. Мен болсам, абайсызда от тұтанып кетпесін деп жауап бермей тұрмын. — Айтыңыз, кім ол Хадиша деген. Көзіме тура қарап айтыңыз! — (Бұдан артық шыдай алмадым). Оның өзінен сұра,…

Толығырақ

ҚАЙЫРЛЫ ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ СҰРАСАМ БОЛАДЫ?

ҚАЙЫРЛЫ ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ СҰРАСАМ БОЛАДЫ?

Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылман жан ойындағы арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы  арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Бірақ, сұраған ұрпақ қандай болуы қажет? Бұл мәселеге қатысты да Құран аяттары пайғамбарларды мысалға келтіре отырып, ерлі-зайыптыларға ұрпақ сұрағанда қалай дұға жасау керектігін үлгі етеді. Мысалы, Құран Кәрімде Зәкәрияның (ғ.с.) шын жүрегімен Аллаға жалбарынып, былай деп тілегені баяндалады: «Ол жерде Зәкәрия дұға жасады: Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз, сен…

Толығырақ

Сөзден іске көшкіңіз келсе…

Сөзден іске көшкіңіз келсе…

Біз көп ойланамыз. Іске көшуге дайын болмаймыз. Оған бірнеше себеп бар: қорқамыз, нәтиже бермейді деп ойлаймыз, ойда жүрсе бір күні жасаймыз деп түйеміз. Ал, шындығында жұлдызды сәтті күтудің қажеті жоқ. Күлкілі болар, бірақ ашуланыңыз! Ойыңыз іске аспай қалса, сіз өзіңізді торға түскен шыбын секілді сезінесіз. Себебі қозғалыс болмайды. Осындай сәтте ашуланыңыз. Спорт саласында жүрген мамандардың айтуынша, адам жеңіліп бара жатқан кезде ашуға берілсе, оның бойында соңғы бір күш жетелеп, жеңіске апарады дейді. Сондықтан бойыңыздағы күшті жинап, ашуланып алыңыз да, өзіңізге сенім артып, алға басыңыз. Уақытқа қараңыз Егер сіз осы жұмысты…

Толығырақ

САРАҢНАН САРАҢ ТУАДЫ…

САРАҢНАН САРАҢ ТУАДЫ…

Баяғыда бір сараңның үйіне құдайы қонақ келіпті деседі. Сараң баласын шақырып алып, қонаққа естірте: «Балам, үйге қадірлі кісі қонақ боп келді. Базарға барып еттің ең жақсысын алып келші» — дейді.  Біраздан соң бала базардан ет алмай, құр қол қайтып келеді. Әкесі: «Ет қайда?» — дегенде баласы: Қасапшыға барып етіңіздің ең жақсысын беріңіз дедім. Ол мен саған сары майдай (жұмсақ) ет беремін деді. Мен еттен май жақсы болса, ендеше май алғаным дұрыс деп сатушыға бардым. Май сұрап едім, балдай тәтті (дәмді) май беремін деді. Майдан бал тәтті болса, бал алайын деп…

Толығырақ

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді…

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді…

Абай Құнанбайұлы Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын…

Толығырақ