ЕЛБАСЫ БІЗГЕ СЕНІМ АРТТЫ

ЕЛБАСЫ БІЗГЕ СЕНІМ АРТТЫ

Мен ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, партама жайғасқанда әліппенің алғашқы бетінен жылы жүзінен мейірім төгілген кісінің суретін көрдім. Оқулықтың бетінен күлімсірей қараған ол кісі маған және менің сыныптастарыма: «…Ең­бе­гің­мен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін жақсы азамат болып өсетініңе сенемін», – дейді. Иә, бұл менің тәуелсіз елім – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Бізге Елбасы сенім артты, егемен еліміздің, ұлан-байтақ жеріміздің ертеңгі иесі мына біз екенімізді және оқу-білімсіз ешбір адам толыққанды тұлға болып қалыптаспайтынын, білім-ғылымы өрістемеген елдің ешқашан…

Толығырақ

Жастар қызығушылық танытты

Жастар қызығушылық танытты

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар еңбек жасағының қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында «Агро Холдинг «Байқоңыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жастарға арналған экскурсия болып өтті. Жастар кәсіпорынның зертханасымен, өнімді өлшеу таразысымен, алғашқы тазалау цехымен, күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның жұмыс барысымен техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері Т.Ағыбаев таныстырды.

Толығырақ

КЕЛЕШЕКТІ КЕСТЕЛІ СӨЗБЕН ӨРНЕКТЕДІ

КЕЛЕШЕКТІ КЕСТЕЛІ  СӨЗБЕН ӨРНЕКТЕДІ

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Рухани жаңғыру» Жал­пы­рес­пу­бликалық жастар акциясы аясында аудандық «Жас­тар ресурстық орталығы» және аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімі сонымен бірге аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған замана елегінен өткен озық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды рухани  жаңғырудың алғы шарттары екенін халыққа насихаттау, ұмытылып бара жатқан ұлттық-рухани байлығымызды қайта жаңғырту,  тіл мәдениетін дамыту, жастарды көркем әдебиетті оқуға шақыру, дарынды, талапты жасөспірімдердің шығармашылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған жыр мүшайраға аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Рухани шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық…

Толығырақ

АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АКЦИЯ  АЯСЫНДА  СЕНБІЛІК  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Руxани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясының аясында Жалағаш кентіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішінде «Ешкім де, ешқаншанда — ұмытылмайды» атты жастар сенбілігі болып өтті. Сенбілікте ескерткіш жанына тазалық жұмыстары жүргізілді. Жастар сенбілігі ауданға қарасты барлық ауылдық округтердегі ескерткіштерде өткізілді. Сенбілікке аудан жастары, жастар комитетінің мүшелері қатысты.

Толығырақ

Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы

Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы

Бүгін Жалағаш ауданының орталық алаңында «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясының басталуы болып өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы ашып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастарға насихаттауда өткізіліп отырған «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, акция аясында 15-22 қыркүйек аралығында түрлі мәдени шаралар өткізілетіні туралы айтылып, аудан тұрғындарын белсене қатысуға шақырды. Шарада Жалағаш ауданының жас өнерпаздары халыққа өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Акцияға 100-ге жуық аудан жастары қатысып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы кеңінен ақпарат…

Толығырақ

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҚҚАН МОБИЛДІ ҚОСЫМША GOOGLE-ДІҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ТӘНТІ ЕТТІ

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҚҚАН МОБИЛДІ ҚОСЫМША GOOGLE-ДІҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ТӘНТІ ЕТТІ

Бір апта бұрын алматылық бес қыз АҚШ-та өткен Technovation әлемдік саммитінде ерекше тапқыр жаңалықтары үшін жеңімпаз атанып, 15 мың долларға ие болды. Төрт оқушы – Аружан Қошқарова, Ажар Сұлтан, Диана Жанақбаева, Дияра Бейсенбекова және екі ментор Әзиза Ибрагим мен Әйгерім Қаратаевалардың жеңісі туралы ақпаратты Алматыдағы АҚШ консулдығы таратты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Қыздар робототехника курсында оқып жүрген кезде танысқан. Әзиза Ибрагим сол курста дәріс берген екен. Ал олардың мобилді қосымша ойлап шығаруына Алматыдағы 11 жасар Өркен Азаматұлының қазасы қатты әсер етіпті. “Бұл 18 жасқа дейінгі қыздарға арналған конкурс. Мақсаты – қыздарды технологияға баулу….

Толығырақ

Бағдарлама мақсаты түсіндірілді

Бағдарлама мақсаты түсіндірілді

Жалағаш кентінің орталық базарында 12 тамыз-Халықаралық жастар күніне орай «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021″,»Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру», «Сәтті қадам», «Жұмыспен қамту 2020», шаған және орта бизнесті дамытуға арналған несиелендіру жобалары туралы мәліметтер насихатталды.

Толығырақ

Жеңімпаздар анықталды

Жеңімпаздар анықталды

12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «КРЭК АҚ- ның Жалағаш аудандық электр торабы мекемесінің» жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің арасында «Гір тасын көтеруден» спорттық сайыс өткізді. Сайыс қорытындасы бойынша: І орынды — Әубәкір Ерасыл ІІ орынды — Тұрманов Өмірсерік ІІІ орынды — Әлімбаев Мадияр иеленді.

Толығырақ

БАЛА ТӘРБИЕСІ: ТІЛ АЛҒЫШТЫҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІ: ТІЛ АЛҒЫШТЫҚ

                              Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек? Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. Шашылған ойыншықтарды не үйді жинағысы келмесе…

Толығырақ

Алып қашқан қыз бақытты бола ала ма?

Алып қашқан қыз бақытты бола ала ма?

«Алып қашу» біздің қазақ қоғамындағы дәстүр деп жүрміз. «Кезінде алып қашқан», «онда тұрған ештеңе жоқ», «әлі-ақ бақытты болып кетесің»… Сонда қандай бақыт туралы айтып отырмыз? Алып қашқаннан кейін бақытты болып кететін отбасына қарап, бір көргеннен ғашық болу деген бос сөз екенін аңғаруға болады. Себебі өмірі көрмеген, танымаған адамға көз үйретіп, онымен жүре сыйласқан соң махаббат оянса, бұл нағыз сезім деп айта аламыз ба?!   Алып қашу дәл қазіргі таңда жабайылықтың бір белгісі. Себебі тапа-тал түсте өзі жас, әлі өмір көрмеген, өрімдей қызды алып қашып, әйел қылып алу қатыгездік емес пе?!…

Толығырақ