Головкин WBC чемпиондары арасында көш бастады

WorldBoxingNews.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша чемпиондық титул иегерлерінің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші орынды қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленіп отыр.

«Андре Уорд кеткеннен кейін Геннадий Головкин сөзсіз бірінші орынға шықты. Ол қазір 2018 жылы «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр», — деп жазды басылым.

Екінші орында америкалық боксшы, бірінші орта салмақтағы дивизионда WBC чемпионы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Үшінші орынды Теренс Кроуфордтың отандасы жеңіл салмақтағы Майки Гарсия (37-0, 30 КО) түйіндеген.

World Boxing News нұсқасы бойынша WBC чемпиондарының ТОП-10 рейтингі:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
3. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
4. Кит Турман (28-0, 22 КО)
5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО)
6. Ваенхонг Менайотин (48-0, 17 КО)
7. Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО)
8. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО)
9. Адонис Стивенсон (29-1, 14 КО)
10. Гэри Расселл (28-1, 17 КО).

 Baq.kz

Көрудің саны: 90  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру