“Нан табар мәшінем”: Ернар Айдар кезінде есік сатып күн көргенін айтты (видео)

Туып-өскен жеріне табан тіреген Ернар Айдар балалық шағының естелігімен бөлісті. Әнші жастай әкесімен бірге тауар сатып, күн көргенін айтты. Бұл ретте Ернар кезінде нан табуға көмектескен ескі көлігін көрсетті, деп жазады Stan.kz.

“Бүгін ауылға, Таразға келіп, керемет көңіл күйдемін. Өткен шақты еске түсіріп жатырмын. Әрбір сәт, әрбір жері ыстық мен үшін Тараз жерінің. Міне, мына «четверка» мәшінемен тауар тасыдық, есік тасыдық. Осы жақта еңбектенгенбіз. Мына жигулиді әкем әлі сатпапты. Өте қуаныштымын. Сіздермен бөлісейін дедім. Осыменен зыңғытып жүретінбіз, нан-табар мәшінемді де көрсетейін дегенім ғой”, – деді Ернар ескі “жигулиде” отырған видеосын бөлісіп.

Желі оқырмандары әдеттегідей Ернардың қарапайымдылығына тәнті болып жатыр.

Stan.kz.

Көрудің саны: 227  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру