Назарбаев: Мұнай мен газ шығаратын ел бола тұра, сол газды жұрттан сұрап келдік

Астанада өтіп жатқан ұлттық телекөпір барысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе облысындағы «Бозой» қоймасында газ кептіру қондырғысын іске қосты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы аталған жобаны іске қосу арқылы ел үшін маңызды дүниені шешкенін атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, біз мұнай мен газды шығаратын мемлекет бола тұра, сол газға тәуелді болып келдікБіресе Ресейден, біресе оңтүстігімізден. Қыста оңтүстігіміздегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, қайдан газ аламыз деп, үкімет болып, ел болып сұрап жүрдік.

Енді, міне, қазір содан шығу үшін біз бұл мәселені шештік. Мына құбыр өте қажет. Елді газдандыру үшін ғана емес, экспортқа шығаратын газға ие болдық. Болашақта Қашағаннан, Қарашығанақтан шығатын газ бар, көлемі 70-80 миллиардқа жеткен кезде, газды экспорттаушы ел боламыз. Бұл — бір.

Екіншіден, ол газды құрғақ түрінде бермей, өңдеп, сол газдан шығаратын өнімдерді көбейтуіміз қажет. Сондықтан, сіздер ел үшін өте маңызды дүниені шештіңіздер. Еңбектеріңіз табысты болсын», — деді Елбасы.

NUR.KZ.

Көрудің саны: 395  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру