Назарбаев ТМД елдерінің еркін сауда аймағы бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде ТМД мемлекет басшыларының отырысы барысында нақты тапсырмалар мен қорытындылар енгізу, сондай-ақ заман талаптарына бейімделген достастықтың жаңа жоспарын әзірлеу арқылы қызмет көрсетудің еркін саудасына қатысты жұмысты жандандыруды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Өткен жылы ТМД-ның 25 жылдығын атап өттік, ол достастық жұмысының қорытындысына талдау жасау жайлы ойлануға себеп болды. ТМД-ның арқасында біздің сауда-экономикалық қарым-қатынасымыз біртіндеп ілгері жылжып келеді, бұл ретте еркін сауда аймағы туралы келісімшарт басты элемент саналады. Мен мұнымен келісемін. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, біздің ұйымды жетілдіруді жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, оның бүгінгі күннің талаптарына бейімдеу қажет деп ойлаймын», — деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы қабылданған достастықты дамытудың басты стратегиялық құжаты – «ТМД-ның одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар жостарына» назар аударды. Қазақстан Президентінің пікірінше, аталған құжат ТМД қызметін кең ауқымда, атап айтқанда, экономика, саясат, гуманитарлық өзара әрекеттестік, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық секілді салаларын қамтиды.

«Достастықтың дәл осы үш өлшемі бойынша нақты жұмыс істеу қажет, сондықтан қолданыстағы тұжырымдамаға тексеріс жүргізіп, оның ережелерін заман талабына бейімдеуді және біз қалай жұмыс істейтінімізді анықтайтын жаңа жоспар әзірлеуді ұсынамын», — деді Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдік экономика әлі де құбылып тұрғанын айта келе, осыған байланысты ТМД елдері өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға, барлық елдің экономикасын өсірудің жаңа ресурстарын іздеуге ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін атап өтті.

«Кеңестің үкімет басшыларына, атқарушы комитетке қызмет көрсетудің еркін сауда туралы келісім жобасы бойынша жұмысты жандандыруды, оны нақты тапсырмалар және қорытындылармен қабылдауды тапсыруды ұсынамын», — деп толықтырды Президент.

Baq.kz

Көрудің саны: 75  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру