ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Кешеден бастап Қызылорда облысының 18-29 жас аралығындағы жастарына арналған «Baikonur Start-up» бизнес идеялар байқауына құжаттар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді.

«Baikonur Start-up» бизнес-идеялар байқауы облыс жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында өткізіледі. Мақсаты — талантты, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау, қызықты идеяларды айқындау, сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқау әрбір жастың идеяларын бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді.

Байқауға облыстың барлық өңірлерінің жастары қатыса алады. Конкурсқа алкоголь және темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесіндегі, сондай-ақ нәпсіқұмарлық және экстремистік сипаттағы жобаларды жүзеге асыруға арналған өтінімдер қабылданбайды.

Байқау жеңімпаздарына 1 орын – 300 000 теңге; 2 орын (2 адам) – 200 000 теңгеден; 3 орын (3 адам) – 100 000 теңгеден беріледі.

Көрудің саны: 27  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру