Жазушы Төлен Әбдік 75 жасқа толды

75 жыл бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965-1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1970-1977 жж. «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. 1977-1979 жж.

«Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-1990 жж. Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады.

Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары — «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

inform.kz 

Көрудің саны: 67  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру