Жеті сағаттан аз ұйқы денсаулыққа қатерлі – ғалым

Ұйқының қанбауы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай,мінез-құлықтың өзгеруіне де себепші болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы «Біз неге ұйықтаймыз?» кітабының авторы, Калифорния университетінің неврология профессоры Мэтью Уокер айтты.

Ғалым жеті сағаттан аз ұйқы адам денсаулығына үшін қатерлі екенін, сондай-ақ ұзақ өмір сүруге кері әсерін тигізетінін атап өтті.

«Бір күні жеті сағаттан аз ұйықтасаңыз, миыңыз бен организміңізде түзеуге келмейтін өзгерістер басталады. Алты сағат ұйқы жетеді дейтіндер, өкінішке қарай, өзі мен денсаулығын алдайды», — дейді Уокер.

Ғалымның айтуынша, жұмыс күндері аз ұйықтаған адамның демалыста ұйқысын қандырып алам деуі – бос әурешілік.

«Бұл банк емес. Қарызды жинап, кейінірек өтеймін деген болмайды», — деп түсіндірді ол.

Бұған қоса, автордың айтуынша, ұйқының қанбауы адамды өтірікке бейім етеді әрі харизмасынан айырады.

Уокер, сондай-ақ, кешкі уақытта кофе ішу де ұйқы үшін қатерлі екенін айтты.

Сонымен қатар, ғалымның айтуынша, ұйықтар алдында компьютер, смартфон қолданбаған дұрыс, теледидар көрмеген де пайдалы.

Мұның алдында Уокер аз ұйықтау есте сақтау қабілетін нашарлатып, диабет пен семіздікке, қатерлі ісікке, Альцгеймер ауруына апаруы мүмкін екенін айтқан еді.

Baq.kz

Көрудің саны: 111  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру