Зың-зың: YouTube Қазақстандағы үздік видеоларды атады

YouTube желісі Қазақстандағы 2017 жылдың үздік видеолары мен музыкалық клиптерінің тізімін шығарды. Оларды жарияланған күні, қаралым және бөлісу саны, пікірлер мен лүпілдеріне қарап анықтады. Ең танымал 10 видео жалпы есепте 633 млн рет қаралыпты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар көп қараған музыкалық роликтердің көш басында Ерке Есмаханның «Қайда?» әні тұр. Екінші орынға Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші» атты хиті жайғасты. Ал үздік үштікті «Lius Fonsi» әнімен Despacito ft. Daddy Yankee аяқтайды.

Ал, музыкалық емес видеолардың ішінде қазақстандықтар балалар және комедиялық контентті таңдапты. Бұл категориядағы ТОП-10-дықты «Маша мен аю» мультфильмінің 62-сериясы бастады. Zhonti feat. NN-Bekтің «Зың-зыңы» екінші орынға жайғасса, үшінші болып Астанада өткен КВН-нің жазғы кубогі тұр.

Вaq.kz

Көрудің саны: 17  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру