» МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ

МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ

Алғыс айту күні – ең алдымен ел ішінде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні.

Айтулы мереке рухани байлығымыздың, қазақ­стандық патриотизмнің – жарқын көрі­нісі. Қазақстан шын мәнінде зобалаңнан бастап Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен көптеген ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Жатсынбаған ел, қонақжай халық оларға өз Отанындай ыстық бауырласқа айналды.
Мереке аясында аудан орталығында орна­ласқан “Мәдениет және өнерді дамыту орта­лығында” өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Ша­раға аудан басшылығы бастаған бірқатар аза­маттар, түрлі ұлт өкілдері, бөлім, мекеме бас­шылары қатысты. Жиынды аудандық жастар ресурстық орта­лығының басшысы Е.Бақбергенұлы жүргізді.
Жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірдің қоғамдық тұрақтылығын қалып­тастыруда үлесін қосқан, ел ішіндегі берекелі тұрмыс кешіп отырған бауырлас ұлт­тар­ды мерекемен құт­тық­тады.
– 2016 жылдан бері Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – Алғыс айту күні болып мере­келеніп келеді. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған қаншама өзге ұлт өкілдеріне құтты қоныс бола білген қасиетті жерге, қонақжайлылық танытқан текті халыққа алғыс айтатын күн. Қиын заманда бірлесе иық тіресіп, тәуелсіз мемлекет болу жолында тер төккен барлық адамның бір-біріне алғыс білдіретін мерекесі. Қазіргі таңда бұл күннің ауқымы кеңейді. Өзге ұлт өкілдері ғана емес, шәкіртінің ұстазына, баланың ата-анаға, бауыр­ластардың, жақындардың бір-біріне алғыс айтатын күні болып қалыптасты. Осы ретте, баршаңызды алғыс айту күні мерекесімен құт­тықтаймын, – деді аудан басшысы.
Мұнан бөлек аудандық ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Садық Әлиев, ауданда ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмыс жасап отыр­­ған «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бір­лестігінің төрайымы Дина Мирман және медицина саласының ардагері Пак Лилия сөз алып, қаты­су­шыларды айтулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен бірге аудандағы түрлі салада қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен мерекелік сый-сияпаты табысталды.
Ал бірлестік төрайымы Дина Нұржанқызы кәріс ұлтының өкілі, жерлесіміз Пак Лилия апайымыздың 70 жасқа толуымен құттықтап, бағалы сыйлығын тапсырды. Шара барысында өзге этнос өкілдері бұл мерекенің саяси салмағы бар екенін айтып, қазақ халқына өз ықыластарын біл­дірді. Жиын соңы аудан өнерпаздарының мере­келік шашуына ұласты.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ


---
29 ақпан 2020 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930