» 1 маусымнан бастап вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс?

1 маусымнан бастап вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс?

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулыға қол қойды.

Қаулы тасымалдаушылар жұмысына ғана қатысты емес. Құжатты вокзал әкімшілігі, тасымалдау саласындағы кәсіпорындар мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алады.
Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті.
Шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды, туысқандарымен сыртта қоштасуы тиіс. Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексереді.
«Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі», – деп мәлімдеді Сәдуақас Байғабылов.
Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады.
Жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі.
Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді.
Егер жағдай тұрақталса, бұл шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі.
Бұған дейін жолаушылар пойыздары 1 маусымнан бастап жүретінін хабарлаған болатынбыз.
---
14 мамыр 2020 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031